БҰЙЫРАМЫН:
1. "Босқын мәртебесiн беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 118 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27506 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу мен қарау қағидаларында:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат (бұдан әрі – өтінішхат) – пана іздеген адамның жеке өзі немесе осыған уәкілетті өкілі арқылы өзінің келген жері бойынша босқын мәртебесін беру туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органға жазған жазбаша өтініші;";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Өтінішхатты қарау рәсімін өтінішхат тіркелгеннен кейін ХЖҚЖАО-ның жауапты орындаушысы тарапынан жүргізіледі және:
өтініш беруші жүгінген күні "Қандас" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде пана іздеген адамға электрондық іс жүргізіледі;
өтінішхатты тіркегеннен кейін күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пана іздеген адамды есепке алу карточкасы (бұдан әрі – есепке алу карточкасы) ресімделе отырып, пана іздеген адаммен сауалнама жүргізіледі;
сауалнама жүргізілгеннен кейін пана іздеген адамды өтінішхат тіркелген күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының (бұдан әрі – ІІО) барлық есептері, сондай-ақ Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Құқық қорғау және арнаулы органдарының ақпарат алмасу жүйесінің (бұдан әрі – ҚҚАО ААЖ) есептері бойынша тексеріледі;
ІІО және ҚҚАО ААЖ-ның есептері бойынша пана іздеп жүрген адамды тексеру жүзеге асырылғаннан кейін өтініш берушіге осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес "Шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7274 болып тіркелген) аурулар тізбесінде көрсетілген аурулардың болмауына міндетті медициналық тексеріп-қаралуға жолдама беріледі, сондай-ақ Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама парағы ресімделе отырып, әңгімелесу жүргізіледі.";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Әңгімелесу өткізілгеннен және сауалнама парағы толтырылғаннан кейін пана іздеген адамға міндетті медициналық тексеріп-қаралуға жолдама беріледі.
Пана іздеген адамға медициналық тексеріп-қаралудан өту тәртібі, одан өтуден бас тарту, сондай-ақ босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты қараудың одан әрі рәсімдерін жүргізу үшін ХЖҚЖАО-ға келмеу салдары түсіндіріледі.
Пана іздеген адам әңгімелесуден өткеннен және сауалнама парағын толтырғаннан кейін міндетті медициналық тексеріп-қаралудан өту мерзімі ұзақтығы 10 (он) жұмыс күні болып белгіленеді.
Пана іздеген адам міндетті медициналық тексеріп-қаралудан өткеннен кейін медициналық тексеріп-қаралудан өткенін растайтын анықтаманы ХЖҚЖАО-ға жеке өзі ұсынады.
Міндетті медициналық тексеріп-қаралудан өту мерзімі өткен кезде, сондай-ақ пана іздеген адам сауалнама парағын ресімдеумен әңгімелесуден (оның ішінде қосымша) немесе босқын мәртебесін беру туралы одан әрі рәсімінен өту үшін ХЖҚЖАО-ға келмеген кезде ХЖҚЖАО-ға келмеу себептерін түсіндіру үшін ХЖҚЖАО-ға шақыра отырып, беру туралы хабарламамен бірге пана іздеген адам көрсеткен болатын мекенжайы бойынша тапсырыс хат (бұдан әрі – жазбаша хабарлама) жолдайды.
Егер пана іздеген адам оған жазбаша хабарлаған күннен бастап бір айдың ішінде ХЖҚЖАО-ға келмесе, сол тәртіпте жазбаша хабарлама қайта жолданады. Пана іздеген адам қайта жазбаша хабарландырылған күннен бастап бір ай ішінде ХЖҚЖАО-ға келмеген жағдайда өтінішхатты қарау тоқтатылып, бұл туралы пана іздеген адам көрсеткен болатын мекенжайы бойынша хабарлама жолданады.
Өтінішхатты қарауды тоқтатқан жағдайда бұл туралы осындай шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде уәкілетті органға хабарланады.";
4-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
С. Жакупова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
____________________________________________________________________
(ЖАО атауы)
20 __ ж. "____" _________
№ ________
____________________________________________________________________
(мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымының атауы)
Міндетті медициналық тексеріп-қаралуға жолдама
Азаматы/азаматтығы жоқ адамы
____________________________________________________________________
(мемлекеттің атауы)
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) туған күні
____________________________________________________________________
Пана іздеген адамның жеке басын куәландыратын немесе жеке басын растайтын құжаттар
____________________________________________________________________
(атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
келген/келгендер
____________________________________________________________________
(мемлекеттің атауы)
Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат беруіне байланысты міндетті
медициналық тексеріп-қаралуға жіберіледі.
Басшы ______________________________________________________________
__________________________ _________
(ХЖҚЖАО) (қолы) (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
М.О