"Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 190 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2024 жылғы 1 қарашадағы № 505 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 4 қарашада № 35325 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 190 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18657 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Кешенді тестілеуді өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 25) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17650 болып тіркелген) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және кешенді тестілеуді (бұдан әрі - КТ) өткізу тәртібін айқындайды.";

      2-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ахуалдық орталық – ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйымда орналастырылған, онлайн режимде КТ өткізу процесін байқау үшін коммуникация құралдарымен жарақтандырылған зал;";

      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) электрондық сертификат – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Ұлттық тестілеу орталығы) сайтында жарияланатын КТ балдарын ресми растайтын үміткердің бірегей деректері бар электрондық құжат (бұдан әрі – сертификат);";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. КТ-ға қағаз форматта қатысу үшін түсуші желілік ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясы арқылы келесі құжаттарды ұсынады:

      1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);

      3) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      4) өлшемі 3x4 сантиметр болатын екі фотосурет;

      5) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075-У нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық құжаттама (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық);

      6) тестілеуге қатысу үшін төлем төлегені туралы түбіртек.

      3) тармақшада көрсетілген құжат түпнұсқасында және көшірмеcімен бірге ұсынылады, салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

      КТ-ға қатысу үшін өтініш берген үміткерлерге ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясы арқылы құжаттардың қабылдануы туралы қолхат (еркін нысанда) беріледі.

      Электрондық форматта КТ-ға қатысу үшін түсуші Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы онлайн түрде Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш тапсырады.

      Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары және стандартталған GRE (Graduate Record Examinations) (грэдуэйт рекорд экзаменейшен) тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар тұлғалар КТ-ға электрондық форматта және республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін өтініш берген кезде деректерді енгізуі қажет.

      Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін (ағылшын) меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар тұлғалар Үлгілік қағидалардың 1-2-қосымшасына сәйкес балдарды аудару шкаласына сәйкес өз қалауы бойынша шет тілі блогын тапсырудан босатылады.

      Осы тармақта көрсетілген шет тілі блоктары бойынша балдар КТ сертификатында көрсетілмейді.

      "Педагогикалық ғылымдар", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" білім беру салаларының білім беру бағдарламаларының топтарына, сондай-ақ "Гуманитарлық ғылымдар", "Әлеуметтік ғылымдар", "Бизнес және басқару" кадрларын даярлау бағыттарына магистратураға түсетін тұлғалар стандартталған GRE (Graduate Record Examinations) (грэдуэйт рекорд экзаменейшен) тестін тапсыру туралы халықаралық сертификат болған жағдайда, Үлгілік қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес балдарды аудару шкаласына сәйкес қалауы бойынша шет тілі блогынан және қазақ немесе орыс тілінде оқытатын ғылыми-педагогикалық магистратураға КТ оқуға дайындығын айқындауға арналған тест тапсырудан босатылады.

      Осы тармақта көрсетілген КТ шет тілі және оқуға дайындығын айқындауға арналған тест блоктары бойынша балдар КТ сертификатында көрсетілмейді.

      Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығы мен қолданылу мерзімін республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсқа өтініш берген кезде немесе ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылданған кезде ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары тексереді.

      Қағаз және (немесе) электрондық форматта КТ-ға қатысу үшін көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедектігі бар тұлғалар, қажет болған жағдайда, "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) (бұдан әрі - Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидалары) мүгедектікті белгілеу туралы құжатты ұсынған кезде КТ өтініш қабылдау бағдарламалық жасақтамасына мүгедектікті белгілеу жөніндегі құжаттарды тіркейді және қосымша:

      1) көру, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедектер үшін КТ шеңберінде тапсырылатын пәндердің оқытушысы болып табылмайтын көмекші және (немесе) есту қабілеті бұзылған мүгедектер үшін ымдау тілін білетін маманға;

      2) тестілеу тапсыру үшін қосымша уақыт алу қажеттілігін көрсетеді.

      Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына осы тармақтың 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.";

      6, 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. КТ-ға қатысу үшін өтініштерді қабылдау келесі мерзімдерде:     

      1) күнтізбелік жылғы 1 маусым мен 8 шілде аралығында;

      2) күнтізбелік жылғы 28 қазан мен 10 қараша аралығында жүзеге асырылады.

      Тестілеу орны, күні және уақыты туралы ақпарат түсушінің жеке кабинетінде орналастырылады.

      7. КТ ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын КТӨП базасында немесе ұйымдарда қағаз немесе электрондық форматта жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Түсушілер Ұлттық тестілеу орталығының дайындаған бағдарламалық қамтамасыз ету көмегімен тестілеу тапсырады.";

      8-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-1. КТ-ны қағаз және (немесе) электрондық форматта өткізу үшін жергілікті жерлерде КТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі өңірлік мемлекеттік комиссиялар құрылады, оларды ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган бекітеді.";

      11, 12, 13, 14, 15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. КТ:

      1) оқыту қазақ немесе орыс тілдерінде жүргізілетін ғылыми-педагогикалық магистратураға түсушілер үшін: шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша тесттен, қазақ немесе орыс тілдеріндегі (таңдау бойынша) білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша және оқуға дайындығын анықтауға арналған тесті;

      2) оқыту қазақ немесе орыс тілдерінде жүргізілетін бейінді магистратураға түсушілер үшін: қазақ немесе орыс тілдеріндегі (таңдау бойынша) білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесті;

      3) оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға түсушілер үшін: ағылшын тілінде білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесті;

      4) шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының тобына түсушілер үшін: шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша тесттен, оқуға дайындығын айқындауға арналған қазақ немесе орыс тілдеріндегі (таңдау бойынша) тесті;

      5) араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша магистратураға түсушілер үшін: білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен және оқуға дайындығын айқындауға арналған қазақ немесе орыс тілдеріндегі (таңдау бойынша) тесті қамтиды.

      Бұл ретте, Үлгілік қағидалардың 14-тармағында көзделген шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттардың біреуі бар тұлғаларға шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттардың балдарын аудару шкаласына сәйкес балдар есептеледі.

      КТ бейінді пәндері көрсетілген жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес айқындалады.

      12. КТ тест тапсырмаларының саны:

      оқыту қазақ немесе орыс тілдерінде жүргізілетін ғылыми-педагогикалық магистратура үшін:

      1) шет тілі бойынша тест – 50;

      2) оқуға дайындығын айқындауға арналған тест – 30, оның ішінде: сыни ойлау бойынша – 15, талдамалық ойлау бойынша – 15;

      3) білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест – 50, оның ішінде: бірінші бейіндік пән бойынша – 30, екінші бейіндік пән бойынша – 20;

      оқыту қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде жүргізілетін бейінді магистратура үшін:

      білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест – 50, оның ішінде: бірінші бейіндік пән бойынша – 30, екінші бейіндік пән бойынша – 20;

      шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша магистратураға түсушілер үшін:

      1) шет тілі бойынша тест – 50;

      2) оқуға дайындығын айқындауға арналған тест – 30, оның ішінде: сыни ойлау бойынша – 15, талдамалық ойлау бойынша – 15;

      араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша магистратураға түсушілер үшін:

      1) оқуға дайындығын айқындауға арналған тест – 30, оның ішінде: сыни ойлау бойынша – 15, талдамалық ойлау бойынша – 15;

      2) білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест – 50, оның ішінде: бірінші бейінді пән бойынша – 30, екінші бейінді пән бойынша – 20 балды құрайды.

      13. КТ бойынша ең жоғары балл саны:

      1) оқыту қазақ немесе орыс тілдерінде жүргізілетін ғылыми-педагогикалық магистратура үшін – 150 балл;

      2) оқыту қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде жүргізілетін бейінді магистратура үшін – 70 балл;

      3) шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша ғылыми-педагогикалық магистратура үшін – 80 балл;

      4) араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша магистратура үшін – 100 балды құрайды.

      14. КТ-ға:

      оқыту қазақ немесе орыс тілдерінде жүргізілетін ғылыми-педагогикалық магистратураға түсушілер үшін – 3 сағат 55 минут;

      оқыту қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде жүргізілетін бейінді магистратураға түсушілер үшін – 1 сағат 40 минут;

      шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша ғылыми-педагогикалық магистратураға түсушілер үшін – 2 сағат 5 минут;

      араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша магистратураға түсушілер үшін – 2 сағат 40 минут уақыт бөлінеді.

      Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға (көру, есту, тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған) тестілеу үшін қосымша 40 минут беріледі.

      Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес есту қабілеті бұзылған мүгедектігі бар тұлғаларға мүгедектікті анықтайтын құжатты ұсынған кезде шет тілі бойынша тесттің "Тыңдау" бөлімі мәтіндік форматта беріледі.";

      15. КТ-ге қатысу үшін өтініш берген, бірақ рұқсаттамада көрсетілген күні тестілеуге қатыспаған болса, тиісті тест тапсыру тіліне және білім беру бағдарламалары тобының бейініне сәйкес аудиторияда орын болған жағдайда және келесі дәлелді себептер бойынша:

      1) денсаулық жағдайы бойынша № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 025/у немесе 026/у нысаны бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе медициналық анықтама болған кезде;

      2) тізбесі "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған жақын туыстарының қайтыс болуын растайтын құжаттар болған кезде;

      3) төтенше жағдайлар кезінде КТ өткізу кезеңінде келесі күндердің бірінде қатысу мүмкіндігі беріледі.

      16. КТ өткізу қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру үшін ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган КТӨП-ке тестілеу әкімшілері, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволар қызметкерлерінің, азаматтық қоғам институттары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатарынан бақылаушылар жібереді. Тестілеу әкімшілері аудитория және дәліз бойынша кезекшінің қызметін атқарады.";

      18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Ғимаратқа кіргізу үшін пайдаланылатын кіреберіс есіктер және КТ жүргізу процесі бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте кіргізу, тестілеуді өткізу процесін бейнебақылау жазбасы, сондай-ақ тестілеуден кейін үй-жайда сақталған пайдаланылған кітапшалар тестілеу аяқталғаннан кейін күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде Ұлттық тестілеу орталығына беріледі.

      20 шілде мен 10 тамыз аралығында және (немесе) 18 қараша мен 11 желтоқсан аралығында КТ өткізу кезеңінде Ұлттық тестілеу орталығы тестілеу кезіндегі бейнебақылау жазбаларын қарауды және тестілеу жүйесіндегі түсушінің тіркеу файлдарын (логтарын) тексеруді жүзеге асырады және түсушінің КТ барысында Қағидалардың 35, 37 және 47-11-тармақтарын бұзуы анықталған жағдайда Ұлттық тестілеу орталығы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті акт жасайды. Комиссияның шешімімен КТ сертификатының күші жойылады. КТ сертификатының күші жойылғаннан кейін Ұлттық тестілеу орталығы түсушіге хабарлама жібереді.

      20 шілде мен 10 тамыз аралығында және (немесе) 18 қараша мен 11 желтоқсан аралығында кезеңде өткізілген КТ аяқталғаннан кейін 3 (үш) ай бойы Ұлттық тестілеу орталығы тестілеу кезіндегі бейнебақылау жазбаларын қарауды және тестілеу жүйесіндегі түсушінің тіркеу файлдарын (логтарын) тексеруді жүзеге асырады.

      КТ өткізу кезінде түсушінің тыйым салынған заттарды пайдаланғаны және (немесе) осы Қағидаларға 35, 37 және 47-11-тармақтарында көрсетілген әрекеттері анықталған кезде Ұлттық тестілеу орталығы осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акт жасайды және растайтын материалдармен бірге ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган комиссиясының қарауына ұсынады.

      Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган комиссиясының шешімімен тестілеу нәтижелері (КТ сертификаты), сондай-ақ республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беруге арналған конкурстың нәтижелері (білім беру грантын беру туралы куәлік) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен жойылады.

      Тестілеу нәтижелері (КТ сертификаты) және (немесе) білім беру грантын беру туралы куәлік жойылғаннан кейін Ұлттық тестілеу орталығы түсушіге хабарлама жібереді және (немесе) ақпаратты түсушінің жеке кабинетінде орналастырады.

      19. Тестілеуге жіберу кезінде қол және рамалы түрдегі металл іздегіштер қолданылады. Тестілеуге жіберу кезінде металл іздегіштерді қолдану тестілеуді өткізу кезінде түсушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың ғимаратқа келесі тыйым салынған заттарды алып жүруіне жол бермеу шеңберінде жүзеге асырылады: шпаргалкалар, оқу-әдістемелік әдебиеттер, сөздік, Менделеев кестесі және тұздардың ерігіштігі кестесі, А0-А10 форматтағы қағаздар, калькулятор, фотоаппарат, ұялы байланыс құралдары (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон), рациялар, ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), смарт көзілдіріктер, смарт сағаттар, фитнес-браслеттер (трекер), сымды және сымсыз құлаққаптар, микроқұлаққаптар, сымсыз бейнекамералар, GPS (ДжиПиЭс) навигаторлар, GPS (ДжиПиЭс) трекерлер, қашықтан басқару құрылғылары, диктофондар, сондай-ақ келесі стандарттарда жұмыс істейтін басқа да ақпарат алмасу құрылғылары: GSM (ДжиСиМ), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), VHF (ВиЭйчЭф), UHF (ЮЭйчЭф), Wi-Fi (Вай-фай), GPS (ДжиПиЭс), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект).

      Тестілеуге кіргізу барысында металл іздегішпен тексеру кезінде осы тармақта көрсетілген тыйым салынған заттар табылған жағдайда тестілеу әкімшісі осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "КТ өткізу пункті ғимаратына кіргізу барысында тыйым салынған заттар тәркіленген жағдайда түсушіні ғимараттан шығару туралы акт" жасайды.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Қағаз форматтағы КТ кезінде түсушіде Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген заттар табылған, сондай-ақ түсуші осы Қағидалардың 35-тармағын бұзған жағдайда тестілеу әкімшісі бақылаушылармен бірге түсушінің қатысуымен Қағидаларға 10-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Аудиторияда тыйым салынған заттардың тәркіленуі және тәртіп сақтау ережесін бұзған түсушіні аудиториядан шығару туралы акт" толтырады. Түсуші аудиториядан шығарылады. КТ нәтижелері өңделмейді және жойылуға жатады.

      Электрондық форматтағы КТ кезінде және тестілеу жүйесіндегі түсушінің тіркеу файлдарын (логтарын) тексеру нәтижесі бойынша түсушіде Қағидалардың 47-11-тармағында көрсетілген заттар табылған, сондай-ақ түсуші Қағидалардың 47-11-тармағын бұзған жағдайда тестілеу әкімшісі бақылаушылармен бірге түсушінің қатысуымен Қағидаларға 10-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Аудиторияда тыйым салынған заттардың тәркіленуі және тәртіп сақтау ережесін бұзған түсушіні аудиториядан шығару және (немесе) әрекеттері немесе тестілеу жүйесіне араласу әрекеті және тестілеуден өту кезіндегі өзге де бұзушылықтар жасағаны туралы акт" толтырады. Түсуші аудиториядан шығарылады. КТ нәтижелері өңделмейді және жойылуға жатады.

      47-10 және 47-11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "47-10. Түсушілер ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын КТ өткізуге жауапты ұйым ұсынған бағдарламалық қамтамасыз ету көмегімен тестілеуден өтеді.

      47-11. КТ жүргізу кезінде түсушіге:

      1) дәліз бойынша кезекшінің функцияларын орындайтын тестілеу әкімшісіның рұқсатынсыз және ертіп жүруінсіз аудиториядан (компьютерлік кластан) шығуға;

      2) сөйлесуге, орнынан орынға ауысуға;

      3) аудиториядан 2 реттен артық және 10 минуттан артық уақытқа шығуға;

      Бұл ретте төтенше, форс-мажорлық жағдайларды және/немесе түсушілердің денсаулығына байланысты жағдайларды қоспағанда, тестілеудің бірінші және соңғы сағаттарында шығуға;

      4) құжаттармен және түсушіге тест тапсырмаларын шешу бойынша жұмысты орындау үшін берілген А4 форматындағы қағазбен алмасуға;

      5) құжаттарды және тест тапсырмаларын шешу бойынша жұмысты орындау үшін берілген А4 форматындағы қағазды аудиториядан (компьютерлік класстан) шығаруға, сондай-ақ оларды жырту, бүктеу арқылы бүлдіруге;

      6) тест тапсырмаларын шешу бойынша жұмысты орындау үшін берілген А4 форматындағы қағазды өзімен бірге алып кетуге;

      7) аудиторияға шпаргалкаларды, оқу-әдістемелік әдебиеттерін, сөздікті, Менделеев кестесі және тұздардың ерігіштігі кестесін, А0-А10 форматтағы қағаздарды, калькуляторды, фотоаппаратты, ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон), рацияларды, ноутбуктерді, плейерлерді, модемдерді (мобильді роутерлер), смарт көзілдіріктер, смарт сағаттарды, фитнес-браслет (трекер), сымды және сымсыз құлаққаптарды, микроқұлаққаптарды, сымсыз бейнекамераларын, GPS (ДжиПиЭс) навигаторларын, GPS (ДжиПиЭс) трекерлерін, қашықтан басқару құрылғыларын, диктофондар, сондай-ақ келесі стандарттарда жұмыс істейтін басқа да ақпарат алмасу құрылғыларын: GSM (ДжиСиМ), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), VHF (ВиЭйчЭф), UHF (ЮЭйчЭф), Wi-Fi (Вай-фай), GPS (ДжиПиЭс), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект) алып кіруіне және қолдануына;

      8) тестілеу басталар алдында немесе барысында шулауға;

      9) тестілеу тапсырмаларының мазмұнын талқылауға, жария етуге және шығаруға;

      10) тестілеуде пайдаланылатын техникаға және қауіпсіздік жүйесіне қасақана зиян келтіруге;

      11) тестілеу жүйесіне араласу әрекеті және тестілеуден өту кезіндегі өзге де бұзушылықтар жасауға рұқсат етілмейді.

      Бұл ретте, тестілеу өткізілетін компьютердің интерфейсіндегі калькуляторларды, Менделеев кестесін және тұздардың ерігіштігі кестесін пайдалануға рұқсат етіледі.

      Түсуші аудиториядан шыққан жағдайда және аудиторияға қайта кірген кезде металл іздегішпен тексеріліп кіргізіледі.";

      47-15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47-15. 20 шілде мен 10 тамыз аралығында және (немесе) 18 қараша мен 11 желтоқсан аралығында КТ өткізу кезеңінде бейнебақылау жазбаларын қарау арқылы және (немесе) тестілеу жүйесінде түсушілердің тіркеу файлдарын (логтарды) тексергеннен кейін анықталған түсушілердің 47-11-тармақта рұқсат етілмеген әрекеттерді жасау кезінде шешім қабылдау үшін Ұлттық тестілеу орталығында комиссия құрылады.

      Ұлттық тестілеу орталығы комиссиясының функциялары:

      1) КТ өткізу кезінде форс-мажорлық жағдайлар туындағанда шешімдер қабылдау;

      2) КТ өткізу кезеңінде бейнебақылау жазбаларын қарауды және тестілеу жүйесіндегі түсушінің тіркеу файлдарын (логтарын) тексеру бойынша түсушілердің Қағидалардың 35, 37 және 47-11-тармақтарында көрсетілген ережелерді бұзғаны және (немесе) тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталған кезде КТ нәтижелерінің күшін жою туралы шешім қабылдау;

      3) КТ аяқталғаннан кейін ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органға түсушінің нәтижелерін (КТ сертификаты) жоюға ұсыну.";

      мынадай мазмұндағы 47-16-тармақпен толықтырылсын:

      "47-16. Түсуші тарапынан бұзушылықтар анықталған кезде комиссия осы Қағидаларға 4-1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша акт жасай отырып, КТ нәтижелерін жояды және түсушіге хабарлама жібереді және (немесе) ақпаратты түсушінің жеке кабинетінде орналастырады.";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамын, КТӨП-де құрылатын апелляциялық комиссиялар төрағаларын ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган бекітеді.";

      59-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59-2. Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамын, апелляциялық комиссияның төрағасын ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган бекітеді.";

      59-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59-4. Мазмұны бойынша апелляцияға өтінішті тестілеуге қатысқан адам тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде береді. Апелляцияға өтініштер тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себептер бойынша қаралады. Апелляцияға түскен өтініштерді Республикалық апелляциялық комиссия тестілеу өткізілген күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қарайды. Онлайн апелляция нәтижелері Республикалық апелляциялық комиссия қарағаннан кейін түсушінің жеке кабинетінде көрсетіледі.";

      59-7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59-7. Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі КТ-ның мәндес пәндері бойынша комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі тестілеуді өткізуге жауапты ұйымдағы ақпаратты басқару және өңдеу жүйесінде бір жыл бойы сақталады.

      Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.

      Онлайн апелляция нәтижелері бойынша түсушінің жеке кабинетінде апелляция қорытындысымен кешенді тестілеу нәтижелері көрсетіледі.";

      Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Қағидаларға 15-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Қағидаларға 17-1-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Қағидаларға 20-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Исполняющий обязанности министра Д. Ахмед-заки

  2024 жылғы 1 қарашадағы
№ 505 бұйрығына
1-қосымша
Кешенді тестілеуді өткізу
қағидаларына
2-қосымша

Кешенді тестілеу бейінді пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі

Білім беру бағдарламасы тобының нөмірі

Білім беру бағдарламасы тобының атауы

Бейінді пәндер

1 бейінді пән

2 бейінді пән

M001

Педагогика және психология

Педагогика

Психология

M002

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Мектепке дейінгі педагогика

Мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту әдістемесі

M003

Пәндік мамандандырылмаған педагогтерді даярлау

Педагогика (бастауыш сыныптар үшін)

Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі

M004

Бастапқы әскери дайындық педагогтерін даярлау

Педагогика

Бастапқы әскери дайындықты оқыту әдістемесі

M005

Дене шынықтыру педагогтерін даярлау

Педагогика

Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі

M006

Музыка педагогтерін даярлау

Педагогика

Музыка пәнін оқыту әдістемесі

M007

Көркем еңбек, графика және жобалау педагогтерін даярлау

Педагогика

Көркем еңбек, графика және жобалауды оқыту әдістемесі

M008

Кәсіптік оқыту педагогтерін даярлау

Педагогика

Кәсіптік оқытудың заманауи технологиялары

M009

Құқық және экономика негіздері

Мемлекет және құқық теориясы негіздері

Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі

M010

Математика педагогтерін даярлау

Математика

Математиканы оқыту әдістемесі

M011

Физика педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі)

Жалпы физика

Физиканы оқыту әдістемесі

M012

Информатика педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі)

Бағдарламалау

Информатиканы оқыту әдістемесі

M013

Химия педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі)

Химия

Химияны оқыту әдістемесі

M014

Биология педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі)

Биология

Биологияны оқыту әдістемесі

M015

География педагогтерін даярлау

География

Географияны оқыту әдістемесі

M016

Тарих педагогтерін даярлау

Қазақстан тарихы

Тарихты оқыту әдістемесі

M017

Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Педагогика

Қазақ тілін оқыту әдістемесі

M018

Орыс тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Педагогика

Орыс тілін оқыту әдістемесі

M019

Шет тілдері педагогтерін даярлау

Педагогика (қазақ, орыс, ағылшын тілі)

Кәсіби бағытталған шет тілі (ағылшын, француз, неміс тілдері)

M020

Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Әлеуметтік педагогика

Әлеуметтік психология

M021

Арнайы педагогика

Арнайы педагогика

Инклюзивті білім беру

M022

Музыкатану

Шығармашылық емтихан

Реферат қорғау

M023

Аспаптық орындаушылық

Шығармашылық емтихан

Реферат қорғау

M024

Вокалдық өнер

Шығармашылық емтихан

Реферат қорғау

M025

Дәстүрлі музыка өнері

Шығармашылық емтихан

Реферат қорғау

M026

Композиция

Шығармашылық емтихан

Реферат қорғау

M027

Дирижирлеу

Шығармашылық емтихан

Реферат қорғау

M028

Режиссура

Шығармашылық емтихан

Реферат қорғау

M029

Театр өнері

Шығармашылық емтихан

Реферат қорғау

M030

Эстрада өнері

Шығармашылық емтихан

Реферат қорғау

M031

Хореография

Шығармашылық емтихан

Реферат қорғау

M032

Аудиовизуалды өнер және медиа өндіріс

Шығармашылық емтихан

Реферат қорғау

M033

Бейнелеу өнері

Шығармашылық емтихан

Реферат қорғау

М034

Өнертану

Шығармашылық емтихан

Реферат қорғау

M035

Сән, дизайн

Шығармашылық емтихан

Реферат қорғау

M036

Полиграфия

Шығармашылық емтихан

Реферат қорғау

M037

Арт-менеджмент

Шығармашылық емтихан

Реферат қорғау

M050

Философия және әдеп

Қазақ философиясы

Әлеуметтік философия

M051

Дінтану және теология

Діндер тарихы

Қазіргі дәстүрден тыс діни қозғалыстар және культтер

M052

Исламтану

Діндер тарихы

Қазақстандағы қазіргі діни жағдай

M053

Тарих

Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар тарихы

Археология негіздері

M054

Түркітану

Түркі тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасы

Түркі халықтарының жалпы тарихы

M055

Шығыстану

Классикалық және қазіргі шығыстану

Шығыс елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы

M056

Аударма ісі, ілеспе аударма

Аударма теориясы (ағылшын,орыс, қазақ, корей,қытай, жапон тілдері)

Кәсіби-бағытталған шет тілі (ағылшын)

M057

Лингвистика

Жалпы тіл білімі

Лингвистика ілімінің тарихы

M058

Әдебиет

Фольклор

Әдебиет теориясы

M059

Шетел филологиясы

Тіл теориясының негіздері (ағылшын, неміс, француз, корей, қытай, жапон тілдері)

Кәсіби-бағытталған шет тілі (ағылшын, неміс, француз тілдері)

M060

Филология

Қазіргі қазақ тілі

Қазіргі қазақ әдебиеті

M061

Әлеуметтану

Әлеуметтану тарихы

Әлеуметтанулық зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру

M062

Мәдениеттану

Қазақ мәдениетінің тарихы

Мәдени антропология

M063

Саясаттану және конфликтология

Саясат теориясы

Қолданбалы саясаттану

M064

Халықаралық қатынастар

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты

Дипломатиялық және консулдық қызмет

M065

Аймақтану

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты

Халықаралық қатынастар жүйесіндегі аймақтардың қазіргі мәселелері

M066

Психология

Жалпы психология

Даму психологиясы

M067

Журналистика және репортерлық іс

Қазақ журналистикасының тарихы

Қазіргі журналистиканың жанрлық түрі мен қызметі

M068

Қоғаммен байланыс

PR теориясы мен тәжірибесі

Имиджелогия

M069

Кітапхана ісі, ақпаратты өңдеу және архив ісі

Құжаттану

Археография

M070

Экономика

Кәсіпорын экономикасы

Макроэкономика

M071

Мемлекеттік және жергілікті басқару

Мемлекеттік басқару теориясы

Экономиканы мемлекеттік реттеу

M072

Менеджмент

Менеджмент

Бизнесті ұйымдастыру

M073

Аудит және салық салу

Бухгалтерлік есеп негіздері

Аудит

M074

Қаржы, банктік және сақтандыру ісі

Қаржы негіздері

Корпоративтік қаржы

M075

Маркетинг және жарнама

Маркетинг

Маркетингтік зерттеулер

M076

Еңбек дағдылары

Экономикалық теория

Макроэкономика

M077

Бағалау

Экономика және жылжымайтын мүлікті басқару

Қазақстан Республикасының Ұлттық бағалау стандарттары

M078

Құқық

Мемлекет және құқық теориясы

Ситуациялық кейс (Қазақстан Республикасының заңдарын және / немесе халықаралық құқықты қолдану негізінде нақты практикалық жағдайды кешенді құқықтық талдау)

M079

Сот сараптамасы

Криминалистика

Сот экспертологиясы

M080

Биология

Клетка биологиясы

Ботаника

M081

Генетика

Клетка биологиясы

Молекулалық генетика негізімен жалпы генетика

M082

Биотехнология

Биохимия

Биотехнология негіздері

M083

Геоботаника

Қазақстан биоресурстары

Ботаника

M084

География

Қазақстанның физикалық географиясы

Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы

M085

Гидрология

Гидрология негіздері

Гидрологиялық ақпаратты статистикалық өңдеудің заманауи әдістері

M086

Метеорология

Физикалық метеорология

Климатология

M087

Қоршаған ортаны қорғау технологиясы

Геоэкология

Экологиялық мониторинг

M088

Гидрогеология және инженерлік геология

Жер асты суларын іздеу және барлау

Инженерлік-геологиялық зерттеулер

M089

Химия

Физикалық химия

Аналитикалық химия

M090

Физика

Механика

Молекулалық физика

M091

Сейсмология

Сейсмологияның физикалық негіздері

Сейсмикалық жазбалар бойынша жер сілкінудің параметрлерін анықтау

M092

Математика және статистика

Математикалық талдау

Дифференциалдық теңдеулер

M093

Механика

Теориялық механика

Тұтас орта механикасына кіріспе

M094

Ақпараттық технологиялар

Алгоритмдер және деректер құрылымы

Деректер базасы

M095

Ақпараттық қауіпсіздік

Алгоритмдік бағдарламалау тілдері

Ақпараттық қауіпсіздік негіздері

M096

Коммуникация және коммуникациялық технологиялар

Электрлік байланыс теориясы

Радиотехника және телекоммуникация негіздері

M097

Химиялық инженерия және процесстер

Бейорганикалық химия

Жалпы химиялық технология

M098

Жылу энергетикасы

Жылу техникасының теориялық негіздері

Қазандық қондырғылар және жылулық қозғалтқыштар

M099

Энергетика және электр техникасы

Электр техниканың теориялық негіздері

Электр машиналары

M100

Автоматтандыру және басқару

Электртехниканың теориялық негіздері

Сызықты автоматты реттеу жүйелері

M101

Материалтану және жаңа материалдар технологиясы

Механика

Молекулалық физика

M102

Роботты техника және мехатроника

Электроника негіздері

Интегралдық және микропроцессорлық схемотехника

M103

Механика және металл өңдеу

Өзара алмасымдылық негіздері

Машина бөлшектері

M104

Көлік, көліктік техника және технология

Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері

Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары

M105

Авиациалық техника және технологиялар

Ұшу аппараттарының құрылысы

Авиациалық техниканың теориялық негіздері

M106

Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану

Ұшу аппараттарының құрылысы

Авиациялық апаттарды тергеу және ұшу қауіпсіздігі

M107

Ғарыштық инженерия

Физика

Математика

M108

Наноматериалдар және нанотехнологиялар (қолдану саласы бойынша)

Механика

Нанотехнология негіздері

M109

Мұнай және кен геофизикасы

Далалық және ұңғымаларды геофизикалық зерттеудің теориялық негіздеріне кіріспе

Далалық және ұңғымаларды геофизикалық зерттеулерді өңдеу мен интерпретациялауды жүргізудің әдісі, техникасы мен технологиясы

M110

Теңіз техникасы және технологиялары

Кемелердегі қызметті ұйымдастыру негіздері

Кеме құрылымы мен теориясы

M210

Магистральды желілер және инфрақұрылым

Құрылыс материалдары

Көлік құрылымдарының құрылысын ұйымдастыру және жоспарлау

M310

Көліктік имараттар

Құрылыс материалдары

Көлік құрылымдарының құрылысын ұйымдастыру және жоспарлау

M111

Тамақ өнімдерін өндіру

Тамақ өндірісінің жалпы технологиясы

Химия

M112

Ағаш өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдар технологиясы (қолдану саласы бойынша)

Ағаш өңдейтін жабдықтар

Ағаштан бұйым жасау технологиясы

M113

Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы

Физика

Материалдардың механикалық қасиеттері

M114

Тоқыма: киім, аяқ-киім және былғары бұйымдар

Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының материалтануы

Киімге арналған материалдарды конфекционерлеу

M115

Мұнай инженериясы

Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау

Мұнай өңдірудің технологиясы мен техникасы

M116

Тау-кен инженериясы

Тау-кен өңдірісінің негіздері

Тау-кен кәсіпорындарының құрылысы

M117

Металлургиялық инженерия

Металлургиялық процесстерінің теориясы

Жалпы металлургия

M118

Пайдалы қазбалар байыту

Пайдалы қазбаларды байыту негіздері

Флотациялық байыту әдістері

M119

Фармацевтикалық өндіріс технологиясы

Дәрілердің өнеркәсіптік технологиясы

Синтетикалық дәрілік заттардың химиясы және технологиясы

M120

Маркшейдерлік іс

Геодезия

Маркшейдерлік істің жалпы курсы

M121

Геология

Жалпы және тарихи геология

Пайдалы қазба кен орындарының геологиясы

M122

Сәулет

Сәулеттік типология

Қала құрылыс негіздері

M123

Геодезия

Геодезия

Картография

M124

Құрылыс

Құрылыс материалдары

Құрылыс өндірісінің технологиясы 1

M125

Құрылыс материалдарының, бұйымдарының және құрастырылымдарының өндірісі

Құрылыс материалдары

Бетон технологиясы 1

M126

Көлік құрылысы

Құрылыс материалдары

Көлік құрылымдарының құрылысын ұйымдастыру және жоспарлау

M127

Инженерлік жүйелер мен желілер

Құрылыс материалдары

Құрылыс жинақтау жұмыстарының технологиясы

M128

Жерге орналастыру

Геодезия

Жер ресурстарын басқару

M129

Гидротехникалық құрылыс

Гидравлика

Гидротехникалық құрылымдар

M130

Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша)

Квалиметрия

Сынаудан өткізу, өнім қауіпсіздігі мен бақылау

M131

Өсімдік шаруашылығы

Өсімдік шаруашылығы

Топырақтану

M132

Мал шаруашылығы

Мал азықтандыру

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы

M133

Орман шаруашылығы

Орман екпелері

Биотехния және жабайы жануарларды өсіру

M134

Балық шаруашылығы

Балық аулау

Аквакультура

M135

Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету

Электр техниканың теориялық негіздері

Электр машиналары

М136

Аграрлық техника және технологиясы

Ауылшаруашылық машиналары

Мал шаруашылығын механикаландыру және автоматтандыру машиналары

M137

Су ресурстары және суды пайдалану

Гидравлика

Су ресурстарын кешенді пайдалану

M138

Ветеринария

Жануарлар патологиясы

Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары

M139

Денсаулық сақтауды менеджмент

Экономикалық теория негіздері

Менеджмент негіздері

M140

Қоғамдық денсаулық

Биостатистика

Қоғамдық денсаулық

M141

Мейіргер ісі

Мейіргер ісі негіздері

Мейіргер ісіндегі мененджмент

M142

Фармация

Фармацияның басқарылуы және экономикасы және дәрілер технологиясы

Фармацевтикалық химия және фармакогнозия

M143

Биомедицина

Биостатистика

Дәлелді медицина

M144

Медицина

Биостатистика

Дәлелді медицина

M145

Медициналық-профилактикалық іс

Биостатистика

Гигиена және эпидемиология

M146

Әлеуметтік жұмыс

Әлеуметтік жұмыс теориясы

Әлеуметтік жұмыс әдістері мен технологиялары

M147

Туризм

Туризмология негіздері

Экскурсиятану

M148

Тынығу

Мәдени-тынығу қызметіндегі әдістемелік жетекшілік технологиясы

Мәдени-тынығу қызметі саласындағы менеджмент, маркетинг

M149

Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

Мейрамхана және қонақ үй бизнесіндегі кәсіпкерлік қызметтің негіздері

Мейманхана және мейрамхана менеджменті

M150

Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті техникалық реттеу

Еңбек қорғауды басқару жүйелері

M151

Көлік қызметтері

Көлік түрлерінің өзара қарым-қатынасы

Тасмалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару

M152

Логистика (сала бойынша)

Жеткізу тізбектерін басқару

Көлік логистикасы Жүктеу

М153

Археология және этнология

Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар тарихы

Археология негіздері

М173

Мемлекеттік аудит

Бухгалтерлік есеп негіздері

Аудит

М229

Гидромелиорация

Гидравлика

Гидротехникалық мелиорация

М329

Сумен қамтамасыз ету және суды бұру

Гидравлика

Сумен қамтамасыз ету және суды бұру

М429

Гидротехникалық құрылыс және су ресурстарың басқару

Гидравлика

Гидротехникалық құрылымдар

  2024 жылғы 1 қарашадағы
№ 505 бұйрығына
2-қосымша
Кешенді тестілеуді өткізу
қағидаларына
15-қосымша

Кешенді тестілеу бейінді пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі

      Апелляциялық комиссияның төрағасына

      ____________________________

      (Т.А.Ә.)

      ____________________________

      (КТӨП атауы)

      түсушіден __________________

      (Т.А.Ә.)

      ТЖК ______________________

      Нұсқа ______ Аудитория _____

Өтініш

      Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға кешенді тестілеудің келесі тест тапсырмаларын мазмұны бойынша қарауыңызды сұраймын:

Бөлім

Тест тапсырмасының №

Себебі: (төмендегілердің біреуін көрсетіңіз: дұрыс жауабы жоқ, бірнеше дұрыс жауабы бар, тест тапсырмасы дұрыс құрылмаған)

Апелляциялық комиссияның шешімі

1-ші пән (бір дұрыс жауапты таңдау) ағылшын тілінде













2-ші пән (үш дұрыс жауаптан артық емес) ағылшын тілінде













Барлығы:




      Ескерту: "Апелляциялық комиссия шешімі" бағаны келесі мәндерді қабылдайды: "Қанағаттандырылды" немесе "Қанағаттандырылмады"

      Апелляциялық комиссия төрағасының Т.А.Ә. және қолы ____________________

      Апелляциялық комиссия мүшелерінің Т.А.Ә. және қолы ____________________

      Апелляциялық комиссияның шешімімен келісемін _________________________

      (түсушінің Т.А.Ә. және қолы)

      Ескерту: Т.А.Ә. - тегі, аты, әкесінің аты; ТЖК - тестіленушінің жеке коды; КТӨП - кешенді тестілеуді өткізу пункті.

  2024 жылғы 1 қарашадағы
№ 505 бұйрығына
3-қосымша
Кешенді тестілеуді өткізу
қағидаларына
17-1-қосымша

      Республикалық апелляциялық

      комиссияның төрағасына

      ____________________________

      (Т.А.Ә.)

      ____________________________

      (КТӨП атауы)

      түсушіден ___________________

      ТЖК _______________________

      Нұсқа ______ Аудитория ______

Өтініш

      Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға кешенді тестілеуден келесі тест тапсырмаларын техникалық себептер бойынша қарауға қабылдауыңызды сұраймын:

Бөлім

Тест тапсырмасының №

Себебі: (тест тапсырмаларында мәтін немесе фрагмент жоқ)

Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі

1-ші пән (бір дұрыс жауапты таңдау) ағылшын тілінде













2-ші пән (үш дұрыс жауаптан артық емес) ағылшын тілінде













Барлығы:




      Ескерту: "Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі"

      бағанына "Қанағаттандырылды" немесе "Қанағаттандырылмады" сөздері жазылады.

      Күні ____________ Түсушінің қолы________________

      Республикалық апелляциялық комиссия

      төрағасының Т.А.Ә. және қолы _________________________________________

      Комиссия мүшелерінің

      Т.А.Ә. және қолы _____________________________________________________

      Ескерту: ТАӘ - тегі, аты, әкесінің аты; ТЖК - тестіленушінің жеке коды; КТӨП - кешенді тестілеу өткізу пункті.

  2024 жылғы 1 қарашадағы
№ 505 бұйрығына
4-қосымша
Кешенді тестілеуді өткізу
қағидаларына
20-қосымша

Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға кешенді тестілеуден апелляциялық комиссия отырысының хаттамасы

      КТӨП ________ ________________________ Лек ______ Мерзімі ______ (код) (атауы)


Т.А.Ә.

ТЖК

Жауап парағының №

Аудитория №

Нұсқа

Тапсыру тілі

1







2







3







4







5







6







      кестенің жалғасы

1-ші пән

2-ші пән

Барлығы

Шешімі

Т

Қ

Балл

Т

Қ

Балл

Т

Қ

Балл

дейін

кейін

дейін

кейін

дейін

кейін















































































      Ескерту:

      Т - апелляцияға берілген тапсырмалар саны

      Қ - қанағаттандырылған тапсырмалар саны

Апелляциялық комиссия төрағасы ____________
________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Апелляциялық комиссия мүшелері ________________
(қолы) (Т.А.Ә.)

Қабылдау комиссиясының төрағасы
(қолы) (Т.А.Ә.)
Министрлік өкілдері тобының жетекшісі______________
(қолы) (Т.А.Ә.)




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады