"Туу туралы куәлікті қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 428 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 6 қарашадағы № 922 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 8 қарашада № 35341 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Туу туралы куәлікті қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 428 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32951 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Туу туралы куәлікті қорғауға қойылатын талаптарда:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Туу туралы куәлік бланкісінде реттік нөмірі болады.".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
А. Ескараев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады