Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 14 қарашадағы № 544-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 15 қарашада № 35373 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрілігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау

      және дамыту агенттігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасы

      Жоғарғы Соты

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Жоғары аудиторлық палатасы

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Жоғары Сот Кеңесінің аппараты

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Конституциялық Соты

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Көлік министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын реттеу және

      дамыту агенттігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Қаржылық мониторинг агенттігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік күзет қызметі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасы

      Президентінің Іс басқармасы

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Су ресурстары және ирригация министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

      іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас

      жемқорлыққа қарсы қызмет)

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Туризм және спорт министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық банкі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи ресурстар министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрі
2024 жылғы 14 қарашадағы
№ 544-НҚ Бұйрығымен
бекітілген

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 9 тамыздағы № 215 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33290 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 476) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларында:

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Электрондық істерді мемлекеттік сақтауға қабылдау ақпараттық жүйелер арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін құжатқа сәйкес ұйымның ақпараттық жүйесінен мемлекеттік архивтің ақпараттық жүйесіне ақпараттық-телекоммуникациялық желі бойынша жүзеге асырылады.

      Электрондық құжаттар мемлекеттік сақтауға PDF/A-1 сақтау форматында негізгі серверге тапсырылады, электрондық құжаттардың түпнұсқалары қандай форматта қалыптастырылды, жіберілді немесе алынды, сол форматта резервтік серверге тапсырылады және мынадай файлдарды қамтиды:

      1) электрондық қолтаңбалар файлдары;

      2) электрондық қолтаңбаны тексерудің оң нәтижесін растайтын электрондық қолтаңбаны тексеру файлдары;

      3) электрондық құжаттың метадеректер файлы.".

      2. "Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 235 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33338 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 477) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларында:

      15-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тұрақты сақталатын, конвертацияланған электрондық құжаттарды (істерді) қабылдау кезінде файл форматтарының PDF/A-1 тұрақты сақтау форматына сәйкестігі тексеріледі.".

      3. "Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33339 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларында:

      46-тармақ алып тасталсын;

      218-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады