Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторын қоспағанда, спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын өткізуге арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялауды ұсыну, бақылау, мониторингтеу және оның тиімділігін бағалау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2024 жылғы 21 қарашадағы № 551-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 22 қарашада № 35390 болып тіркелді

      "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 14) тармақшасына, 51-бабының 2 және 6-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторын қоспағанда, спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын өткізуге арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялауды ұсыну, бақылау, мониторингтеу және оның тиімділігін бағалау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
К. Искаков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау

      және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 21 қарашадағы
№ 551-НҚ бұйрығымен
бекітілген

Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторын қоспағанда, спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын өткізуге арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялауды ұсыну, бақылау, мониторингтеу және оның тиімділігін бағалау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторын қоспағанда, спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын өткізуге арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялауды ұсыну, бақылау, мониторингтеу және оның тиімділігін бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 14) тармақшасына, 51-бабының 2 және 6-тармақтарына сәйкес әзірленді және телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторын қоспағанда, спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын өткізуге арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялауды ұсыну, бақылау, мониторингтеу және оның тиімділігін бағалау тәртібін айқындайды.

      2. Жеке немесе заңды тұлғаларды отандық спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын сатып алуға ынталандыру спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын өткізуге жұмсалатын шығындарының бір бөлігін субсидиялаудың мақсаты болып табылады.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) абонент – телерадио хабарларын тарату операторымен телерадио хабарларын тарату қызметтерін алуға шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;

      2) масс-медиа саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – масс-медиа саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) спутниктік қабылдау құрылғысы – теле-, радиосигналды жеке қабылдауға арналған абоненттерге іске асырылатын спутниктік ресивер немесе спутниктік антеннадан, конвертерден, спутниктік ресиверден тұратын спутниктік қабылдау жиынтығы;

      4) спутниктік телерадио хабарларын тарату операторлары шығындарының бір бөлігін субсидиялау – телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторын қоспағанда, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің тұрғындарын отандық спутниктік құрылғылар қызметтерін пайдалануға ынталандыру мақсатында, спутниктік телерадио хабарларын тарату операторлары шығындарының бір бөлігін өтеуге бағытталған, бюджеттен төленетін қайтарымсыз төлемдер;

      5) теле-, радиоарналар топтамасы – телекоммуникация желілерінде көпарналы хабар тарату арқылы тарату үшін телерадио хабарларын тарату операторы қалыптастырған теле-, радиоарналар жиынтығы;

      6) телерадио хабарларын тарату операторы – теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға арналған лицензия алған жеке немесе заңды тұлға.

      4. Спутниктік телерадио хабарларын тарату операторлары шығындарының бір бөлігін субсидиялау:

      1) аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде тұратын тұрғындар спутниктік қабылдау құрылғыларын сатып алған кезде;

      2) телерадио хабарларын тарату операторы теле-, радиоарналарды байланыс спутниктерінде орналастырылатын ретрансляторлар арқылы таратқан кезде;

      3) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес телерадио хабарларын тарату саласындағы лицензиясы болған кезде;

      4) елу мыңнан аспайтын тұрғыны бар кемінде он елді мекенде меншік немесе пайдалану құқығында меншікті сату желісін иеленген кезде жүзеге асырылады.

      5. Субсидиялауды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 82-бабына сәйкес тиісті қаржы жылына көзделген бюджет қаражаты шегінде жүзеге асырады.

      6. Субсидиялау 3 (үш) жылдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

      7. Заңның 51 бабының 4 тармағына сәйкес уәкілетті орган спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларынан келіп түскен өтінімдерді қарау үшін шығындарды субсидиялау не одан бас тарту туралы шешім қабылдау үшін өтінімдерді қарау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) құрады.

      8. Комиссия мүшелердің тақ санынан, олардың ішінен төраға мен төрағаның орынбасары тағайындалатын кемінде 5 (бес) адамнан тұрады.

      Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен өзге де ұйымдар өкілдерінің қатарынан қалыптастырылады.

      Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, Комиссия отырыстарын өткізеді. Төраға болмаған кезде оның функцияларын Комиссия төрағасының орынбасары орындайды.

      Комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындауды Комиссия хатшысы жүзеге асырады. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.

      Комиссия төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы уәкілетті органның жұмыскерлері арасынан тағайындалады.

2-тарау. Спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын өткізуге арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау тәртібі

      9. Спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын өткізуге арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялаудың басталғаны туралы ақпараттық хабарлама ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.

      10. Спутниктік қабылдау құрылғыларын өткізуді тікелей спутниктік телерадио хабарларын тарату операторы немесе оның ресми өкілі жүргізеді.

      11. Субсидия алу үшін спутниктік телерадио хабарларын тарату операторы тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15 (он бесінші) күнінен кешіктірмей (төртінші тоқсан үшін 5 (бесінші) желтоқсаннан кешіктірмей) уәкілетті органға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын өткізуге арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялауға өтінімді (бұдан әрі – өтінім) қағаз нысанда қолма-қол береді.

      12. Спутниктік телерадио хабарларын тарату операторы уәкілетті органға жіберілетін өтінімге:

      1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесін;

      2) спутниктік қабылдау құрылғысын өткізудің бөлшек сауда бағасын растайтын коммерциялық ұсынысты;

      3) байланыс ақпаратын (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), толық тұратын мекенжайын (облыс, қала (аудан), ауыл, көше, үй, пәтер), мобильдік телефон нөмірін) және өткізілген спутниктік қабылдау құрылғылары туралы деректерін (сериялық нөмірлері, моделі және сату күні) көрсете отырып, сатып алушылардың тізімін;

      4) тарату аумағында абоненттерге өткізілген спутниктік қабылдау құрылғылардың кассалық чектерін;

      5) сатып алу-сату шарттарының түпнұсқаларын;

      6) қабылдап алу-беру актілерінің түпнұсқаларын;

      7) абоненттердің сатып алынған спутниктік қабылдау құрылғылары үшін төлемді растайтын түбіртектің түпнұсқаларын;

      8) бақылау тетіктерін сипаттай отырып, субсидиялауға қатысатын тарату аумағы шеңберінде спутниктік қабылдау құрылғыларының өткізілуін бақылау жүйесін ұйымдастыру туралы мәліметтерді;

      9) өткізілген спутниктік қабылдау құрылғыларының телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлеріне сәйкестігін растау туралы кепілхатты;

      10) өткізілген спутниктік қабылдау құрылғыларына кепілдіктің бар екені туралы кепілхатты;

      11) абоненттерде спутниктік қабылдау құрылғыларының бар екенін растайтын фотосуреттерді (кемінде 1080p ажыратымдылықта, түсірілім күні мен уақыты көрсетіле отырып);

      12) өткізілген спутниктік қабылдау құрылғыларының саны және субсидиялау сұралатын сомалар бойынша жинақталған деректерді қоса береді.

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес абонент дербес деректерді жинауға, өңдеуге жазбаша, мемлекеттік сервис, мемлекеттік емес сервис арқылы не келісімді алғанын растауға мүмкіндік беретін өзге де тәсілмен келісім береді (оны кері қайтарып алады).

      Жоғарыда санамаланған құжаттар тігіледі, нөмірленеді, спутниктік телерадио хабарларын тарату операторы басшысының (немесе оны алмастыратын адамның) мөрімен және қолтаңбасымен куәландырылады.

      13. Келіп түскен өтінімдер мен оларға қоса берілетін осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) уәкілетті орган тіркейді.

      Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер мен құжаттар топтамасы қабылданбайды. Спутниктік телерадио хабарларын тарату операторы өтінімдер мен құжаттар топтамасын келесі тоқсанда осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген мерзімде енгізеді.

      14. Комиссия құжаттар топтамасының толықтығы, сондай-ақ олардың осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

      Өтінім сәйкес келмеген және (немесе) спутниктік телерадио хабарларын тарату операторы осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген құжаттар топтамасын ұсынбаған кезде, Комиссия өтінімде көрсетілген спутниктік телерадио хабарларын тарату операторының электрондық мекенжайына олар келіп түскен күннен кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде хабарлама жібереді.

      Хабарламаны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде спутниктік телерадио хабарларын тарату операторы Комиссияға сәйкес келтірілген өтінімді және құжаттар топтамасын ұсынады.

      Комиссия сәйкес келтірілген өтінімді және құжаттар топтамасын спутниктік телерадио хабарларын тарату операторы ұсынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Өтінім сәйкес келтірілмеген, сондай-ақ спутниктік телерадио хабарларын тарату операторы 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген құжаттар топтамасын ұсынбаған кезде, Комиссия өтінімді қараудан бас тартады.

      15. Комиссия толық құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде олардың осы Қағидаларға сәйкестігін қарайды және мынадай:

      1) осы Қағидаларға сәйкес келген кезде спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын өткізуге арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау туралы;

      2) осы Қағидаларға сәйкес келмеген кезде спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын өткізуге арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялаудан бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

      16. Комиссия осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес мерзімдерде өтінімдердің келіп түсуіне қарай тоқсан сайынғы негізде отырыстар өткізеді.

      17. Комиссияның қабылданған шешімі хаттамамен ресімделеді.

      18. Комиссия шешімі қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамадан үзінді-көшірме уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

      19. Комиссия шешімінің негізінде уәкілетті орган мен спутниктік телерадио хабарларын тарату операторы арасында шарт жасалады.

      20. Комиссияның спутниктік телерадио хабарларын тарату операторына субсидия төлеу туралы шешімі және жасалған шарт негізінде уәкілетті орган абонентке спутниктік қабылдау құрылғыларын өткізуге спутниктік телерадио хабарларын тарату операторы ұсынған жеңілдіктің 100 %, бірақ сатылған бір спутниктік қабылдау құрылғысы үшін 20 000 (жиырма мың) теңгеден аспайтын мөлшерде оның өтінімде көрсетілген екінші деңгейдегі банкте ашылған есеп айырысу шотына аударуды жүзеге асырады.

      21. Комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабында айқындалған тәртіппен шағым жасалады.

      22. Уәкілетті орган субсидиялау жөніндегі шығыстарды Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 67-бабына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімге енгізеді.

      23. Спутниктік телерадио хабарларын тарату операторы кемінде 12 (он екі) айға өтеусіз негізде абонентке қызмет көрсету кезінде спутниктік телерадио хабарларын тарату операторында қолжетімді арналар мен қосымша контенттің барынша көп санын қамтитын теле-, радиоарналардың ақылы топтамасын көру құқығын ұсынады.

      24. Абонентке спутниктік қабылдау құрылғысына меншік құқығы беріледі.

      25. Спутниктік қабылдау құрылғыларын өткізу біржолғы болып табылады және оларды алған абоненттерге, олардың отбасы мүшелеріне және олармен үнемі бірге тұратын басқа адамдарға қайта берілмейді.

      26. Субсидиялар жылына 50 (елу) мыңнан аспайтын спутниктік қабылдау құрылғыларын өткізуге бөлінеді.

      27. Спутниктік телерадио хабарларын тарату операторы дұрыс және негізделген есептеулер мен құжаттарды беруді қамтамасыз етеді.

      28. Субсидиялаудан бас тартуды алған кезде абонентке жеңілдікті шарттар беру бойынша шеккен барлық шығыстарды спутниктік телерадио хабарларын тарату операторлары көтереді және абоненттен өндіріп алынбайды.

3-тарау. Спутниктік телерадио хабарларын тарату операторлары шығындарының бір бөлігін субсидиялауды бақылау, мониторингтеу және оның тиімділігін бағалау

      29. Қазақстан Республикасының аумағында субсидияларды алған спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларына қатысты бақылау осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес уәкілетті орган мен спутниктік телерадио хабарларын тарату операторы арасында жасалған шарт шеңберінде алынған міндеттемелерді орындау тұрғысынан жүргізіледі.

      30. Спутниктік телерадио хабарларын тарату операторлары шығындарының бір бөлігін субсидиялауды мониторингтеуді уәкілетті орган тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.

      31. Спутниктік телерадио хабарларын тарату операторлары шығындарының бір бөлігін субсидиялауды мониторингтеу:

      1) спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын өткізу барысы туралы ақпаратты жинауын, өңдеуiн және оны уәкілетті органға беруін;

      2) спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының абоненттердің спутниктік қабылдау құрылғыларын пайдалануы туралы жиынтық ақпаратты әзірлеуін және оны уәкілетті органға беруін қамтиды.

      32. Спутниктік телерадио хабарларын тарату операторлары тоқсан сайын, есепті күннен кейінгі 25-ші күннен кешіктірмей уәкілетті органға мыналарды қамтитын ақпаратты ұсынады:

      1) аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер бөлінісінде спутниктік қабылдау құрылғыларын өткізудің ағымдағы жай-күйі туралы мәліметтер;

      2) орналасқан жерін көрсете отырып, меншік немесе пайдалану құқығында меншікті сату желісінің болуы туралы мәліметтер;

      3) абоненттер үшін спутниктік телерадио хабарларын тарату операторы тарататын теле-, радиоарналар туралы мәліметтер.

      33. Субсидиялар алған спутниктік телерадио хабарларын тарату операторлары жыл сайын күнтізбелік жылдың 1 қарашасына дейін субсидияларды іске асырудың тиімділігіне талдау жүргізеді және оны уәкілетті органға жібереді.

      Уәкілетті орган жыл сайын күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанына дейін субсидияларды өткізу тиімділігін талдау негізінде оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында спутниктік телерадио хабарларын тарату операторлары шығындарының бір бөлігін субсидиялау тиімділігін бағалауды жүзеге асырады.

      Уәкілетті орган спутниктік телерадио хабарларын тарату операторлары ұсынатын ақпаратты растау үшін спутниктік қабылдау құрылғыларын өткізу орны бойынша уәкілетті тұлғаларды жібереді.

      34. Спутниктік телерадио хабарларын тарату операторлары шығындарының бір бөлігін субсидиялау тиімділігін бағалауды уәкілетті орган мыналарды негізге ала отырып жүзеге асырады:

      1) спутниктік телерадио хабарларын тарату операторлары мәлімдеген шығыстардың негізділігін ескере отырып, спутниктік қабылдау құрылғыларын іске асыруға спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының нақты шығындары мен алынған субсидиялар көлемі арасындағы арақатынас;

      2) субсидиялау шеңберінде спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының қызметтерімен қамтылған халықтың үлесі;

      3) субсидиялау шеңберінде спутниктік телерадио хабарларын тарату операторлары қызметтерінің қолжетімділігінің өсу серпіні;

      4) спутниктік телерадио хабарларын тарату операторлары ұсынатын қызметтердің сапасына халықтың қанағаттану деңгейі.

  Телерадио хабарларын
таратудың ұлттық операторын
қоспағанда, спутниктік
телерадио хабарларын тарату
операторларының спутниктік
қабылдау құрылғыларын
өткізуге арналған
шығындарының бір бөлігін
субсидиялауды ұсыну, бақылау,
мониторингтеу және оның
тиімділігін бағалау
қағидаларына
қосымша

Спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын өткізуге арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялауға өтінім

      _____________________________

      (уәкілетті органның толық атауы)

      ___________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

      Спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын өткізуге арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялауға өтінімді қарауды сұраймын.

      1. Өтініш беруші туралы мәліметтер

      Заңды тұлға үшін:

      толық атауы __________________________

      бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) __________________________

      басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) ______________

      заңды мекенжайы __________________________

      нақты орналасқан жерінің мекенжайы _____________________________

      басшының телефон нөмірі _______________________________________

      басшының ұялы телефон нөмірі ______________________________

      электрондық мекенжайы ______________________________

      Жеке тұлға үшін:

      жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) __________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) ______________

      заңды мекенжайы __________________________

      нақты орналасқан жерінің мекенжайы _____________________________

      телефон нөмірі _______________________________________

      ұялы телефон нөмірі ______________________________

      электрондық мекенжайы ______________________________

      2. Екінші деңгейдегі банкте ашылған есеп айырысу шотының деректемелері:

      ___________________________________

      3. Қоса беріліп отырған құжаттар:

      1. _______________________

      2. _______________________

      3. _______________________

      ____________________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың анықтығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық емес мәліметтерді ұсынғаны үшін жауаптылық туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп алуға және пайдалануға арналған мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ оларды "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік аудит жүргізу үшін сұрау салу бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға және мемлекеттік аудит органдарына беруге келісім беремін.

      ______ басшының қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

      Мөрдің орны (бар болған кезде)

      Өтінім берілген күн 20__ жылғы "___" __________.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады