"Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 265 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2024 жылғы 25 қарашадағы № 429 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 27 қарашада № 35410 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 265 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 9506 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мынадай жағдайлардың бірінде азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары есептен шығарылады:

      қоршау және тірек құрылыс конструкцияларының есептік қорғау қасиеттері жойылған кезде;

      "Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1357 қаулысына сәйкес осы ұйым үшін азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарына қажеттілік болмаған жағдайда.";

      12-тармақт мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару туралы актіге:

      1) азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарының паспорты;

      2) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер;

      3) жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты;

      4) осы Қағидаларға № 2-қосымшаға сәйкес ұсынылған үлгі бойынша осы азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарының жай-күйі туралы техникалық қорытынды (қоршау және тірек құрылыс конструкцияларының есептік қорғау қасиеттері жойылған кезде қоса беріледі);

      5) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жұмылдыру тапсырмасының (тапсырысының) және азаматтық қорғаныс бойынша санатының болуы немесе болмауы туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органынан алынған ақпарат;

      6) азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару нәтижесінде алған үй-жайлар мен жер телімін пайдалану жөніндегі ұсынымдар;

      7) жекелеген комиссия мүшелерінің айрықша пікірі (егер болса) қоса беріледі.

      Төтенше жағдайлар салдарынан жарамсыз болған азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару үшін құжаттарды дайындаған кезде актілерге төтенше жағдайлар фактілерін растайтын құжаттар көшірмелері қоса беріледі.

      Оларға қоса берілетін құжаттамамен (бұдан әрі – құжаттама) азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару туралы актілер төрт данада жасалады.".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар
министрінің міндетін атқарушы
К. Турсынбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады