"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Пациенттерге стационарға емдеуге жатқызуға жолдама беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Санаторийлік-курорттық емделуге мұқтаждығы туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Альназарова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2024 жылғы 27 қарашадағы № 99 Бұйрыққа 1-қосымша |
"Пациенттерге стационарға емдеуге жатқызуға жолдама беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Пациенттерге стационарға емдеуге жатқызуға жолдама беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Пациенттерге стационарға емдеуге жатқызуға жолдама беру" мемлекеттік қызмет (бұдан әрі –мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;
4) цифрлық құжаттар сервисі – "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі.
5) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;
2-тарау. "Пациенттерге стационарға емдеуге жатқызуға жолдама беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті көрсетуді ұсыну тәсілдерін, мерзімін, нысанын қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге бекітілген жері бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымына (бұдан әрі – МСАК ұйымы) тікелей және (немесе) "электрондық үкімет" (бұдан әрі – Портал) арқылы жүгінеді.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық форматта алу үшін, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға ЭЦҚ қол қойылған сұрау салуды порталда қалыптастырады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға "Жеке кабинетке" электрондық құжат нысанында жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы тізбенің 8-тармағымен көзделген құжаттарды беру кезінде "Жеке кабинетке" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру күнін белгілеу туралы хабарлама немесе электрондық құжат нысанында мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.
6. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) Порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланыс абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда алады.
7. Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
8. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес стационарға емдеуге жатқызуға жолдама беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбаған немесе қолданылуы мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
10. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
11. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
12. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалар бекітілген немесе өзгерістер енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды жаңартады және МСАК көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына, "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
3-тарау. "Пациенттерге стационарға емдеуге жатқызуға жолдама беру" мемлекеттік қызметін көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібі
13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін МСАК ұйымына тікелей жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы тиісті диагнозы бойынша клиникалық-диагностикалық (зертханалық, аспаптық және функционалдық, бейінді мамандардың консультациялары) зерттеулерінің (бұдан әрі – зерттеулер) нәтижелерімен алдын ала жазылу бойынша учаскелік дәрігерге қабылдауға барады.
Учаскелік дәрігер қарап-тексеру, зерттеу нәтижелері негізінде медициналық картада стационарға жолдама үшін медициналық картада көрсетілімдердің және (немесе) қарсы көрсетілімдердің болуы туралы жазбаны ресімдейді. Қарсы көрсетілімдер болған кезде учаскелік дәрігер бас тартудың негіздерін көрсете отырып, медициналық картада бас тартуды ресімдейді.
14. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы көрсету үшін МСАК ұйымының басшысы медициналық ақпараттық жүйелер мен дербес медициналық деректерге қол жеткізе алатын мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты адамды (бұдан әрі – жауапты маман) тағайындайды.
15. Жауапты маман дәрігердің стационарға емдеуге жатқызуға жолдама туралы жазбаларының электрондық көшірмелерінің толықтығы мен сәйкестігіне құжаттар пакетін, клиникалық-диагностикалық зерттеулердің нәтижелерінің медициналық ақпараттық жүйелердің деректеріне сәйкестігін тексереді.
16. Құжаттардың толық пакеті және дәрігердің стационарға емдеуге жатқызуға жолдама туралы қорытындысының электрондық көшірмелері, клиникалық-диагностикалық зерттеулердің нәтижелері медициналық ақпараттық жүйелердің деректеріне сәйкес болған кезде жауапты маман осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында стационарға жолдаманы қалыптастырады, ЭЦҚ арқылы қол қояды және көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
Осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқан кезде жауапты маман дәлелді бас тартуды ресімдейді, ЭЦҚ арқылы қол қояды және көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
4-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.
18. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім және (немесе) өзге де әкімшілік әрекет қабылданған кезде шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
"Пациенттерге стационарға емдеуге жатқызуға жолдама беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Пациенттерге стационарға емдеуге жатқызуға жолдама беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі – МСАК ұйымдары). |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету тәсілдері | "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы тікелей МСАК ұйымдарымен. |
3 | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мерзімі |
МСАК ұйымына жүгінген кезде: |
4 | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | "Пациенттерге стационарға емдеуге жатқызуға жолдама беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес стационарға емдеуге жатқызуға жолдама беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1. Көрсетілетін қызметті беруші –Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіге дейін (дүйсенбі-жұма күндері сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз, сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде: |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы. |
10 | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті порталда тіркелген көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. |
"Пациенттерге стационарға емдеуге жатқызуға жолдама беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша |
Стационарға емдеуге жатқызуға жолдама
Жолдама беруші МСАК ұйымның атауы _____________________________
________________________________________________________________
____________________________________________ жіберіледі
медициналық ұйымның атауы, бөлімше
Азамат ______________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған күні
_____________________________________________________________
пациенттің амбулаториялық медициналық картасының №
Мекенжайы_______________________________________________
Жұмыс орны және (немесе) оқу орны ________________________________
Диагнозы______________________________________________________
Аурулардың халықаралық жіктемесі бойынша коды
МСАК ұйыммен белгіленген жоспарлы емдеуге жатқызу күні ____________
Дәрігердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), коды ____________
Дәрігер* __________________________________________________________
Қолы
Көрсетілетін қызмет берушінің жауапты адамының тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)**______________________ қолы
Көрсетілетін қызмет берушінің жауапты адамы___________________
* Дәрігер мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы тікелей МСАК ұйымына жүгінген кезде қол қояды.
** Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты адамы көрсетілетін қызметті алушы "Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде қол қояды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2024 жылғы 27 қарашадағы № 99 Бұйрыққа 2-қосымша |
"Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10–бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетудің тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;
4) цифрлық құжаттар сервисі – "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі.
5) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;
2-тарау. "Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті көрсетуді ұсыну тәсілдерін, мерзімін, нысанын қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген.
4. Көрсетілетін қызметті беруші стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымы (бұдан әрі – стационар) болып табылады.
Емдеуші дәрігер мен бөлімше меңгерушісі қол қойған, жүргізілген зерттеп-қарау, емдеу және одан әрі байқау жөніндегі ұсынымдары бар, қағаз жеткізгіштегі стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірмесі (бұдан әрі – үзінді көшірме) осы Қағидаларға 2-қосымшаға (бұдан әрі – 2-қосымша) сәйкес нысан бойынша стационарда емдеу аяқталғаннан кейін шығару кезінде (шығару күні) беріледі.
Үзінді көшірме медициналық ақпараттық жүйелерге шығарудың нақты уақыты көрсетіле отырып, шығару күні енгізіледі.
5. Стационардан шығарылғаннан кейін мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге тікелей және (немесе) "электрондық үкімет" (бұдан әрі – Портал) арқылы жүгінеді.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық форматта алу үшін, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға ЭЦҚ арқылы қол қойылған сұрау салуды қалыптастырады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға "Жеке кабинетке" электрондық құжат нысанында жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы тізбенің 8-тармағымен көзделген құжаттарды беруі кезінде "Жеке кабинетке" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру күнін белгілеу туралы хабарлама немесе электрондық құжат нысанында мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.
7. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) Порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланыс абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда алады.
8. Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес, жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді келесі жұмыс күні жүзеге асырады.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі 2-қосымшаға сәйкес медициналық картадан үзінді көшірме немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.
10. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбаған немесе қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
11. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет өтініш берілген күні көрсетіледі.
12. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
13. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – Уәкілетті орган) осы Қағидаларға бекітілген немесе өзгерістер енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды жаңартады және стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына, "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
3-тарау. "Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру" мемлекеттік қызметін көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасау тәртібі
14. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін тікелей жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы стационардың басшысы тағайындайтын жауапты маманға жүгінеді.
Статистика бөлімінің (кабинетінің) қызметкері көрсетілетін қызметті алушыны медициналық ақпараттық жүйелерде және Уәкілетті органның ақпараттық жүйелерінде емдеуге жатқызу фактісі туралы деректерді нақтылайды.
Емдеуге жатқызу фактісі расталған және тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттардың болуы кезінде статистика бөлімінің (кабинетінің) қызметкері медициналық ақпараттық жүйелерден үзінді көшірме алады. Емдеуші дәрігер мен бөлімше меңгерушісі келіскен және қол қойған үзінді көшірме көрсетілетін қызметті алушыға жүгінген күні беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқан кезде осы Қағидалардың 9-тармағының негізінде бас тарту негіздерін көрсете отырып, жазбаша бас тарту ресімделеді.
15. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету үшін стационар басшысы Уәкілетті органның медициналық ақпараттық жүйелеріне рұқсаты бар мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты адамды (бұдан әрі – жауапты маман) тағайындайды.
16. Жауапты маман мыналарды тексереді:
тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттар пакетінің толықтығын;
медициналық ақпараттық жүйелерде және Уәкілетті органның ақпараттық жүйелерінде көрсетілетін қызметті алушыны емдеуге жатқызу фактісі туралы деректерді нақтылайды.
17. Құжаттардың толық пакеті және медициналық ақпараттық жүйелерде және Уәкілетті органның ақпараттық жүйелерінде емдеуге жатқызу фактісі расталған кезде жауапты маман ЭЦҚ қол қойылған медициналық ақпараттық жүйелерден электронды үзінді көшірмені көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
Осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқан кезде жауапты маман дәлелді бас тартуды ресімдейді, ЭЦҚ арқылы қол қояды және көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
4-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
18. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.
19. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім және (немесе) өзге де әкімшілік әрекет қабылданған кезде шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
"Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Стационарлық жағдайдаларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары. |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | Стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарымен (бұдан әрі – стационар) тікелей, "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Стационарға тікелей жүгінген кезде және портал арқылы 1 (бір) жұмыс күні көрсетіледі. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | "Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1. Көрсетілетін қызметті беруші – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін, үзіліссіз. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде: |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы. |
10 | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар |
Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме шығарудың нақты уақыты көрсетіле отырып, шығарылған күні медициналық ақпараттық жүйеге енгізіледі. |
"Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша |
Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме
Стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау
ұйымының, бөлімшенің атауы ______________________________________
Азамат ______________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған күні
_________________________________________________________________
стационарлық науқастың медициналық картасының №
Мекенжайы_______________________________________________
Жұмыс және (немесе) оқу орны ______________________________________
Стационарға түскен күні ____________________________________________
Клиникалық диагнозы ______________________________________________
Жүргізілген зерттеп-қарау, емдеу динамикасындағы жай-күйі туралы мәліметтер,
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Ұсынымдар _________________________________________________________
Еңбекке жарамсыздық парағын беру туралы мәліметтер
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
еңбекке жарамсыздық парағының № _________, ашылу және жабылу күні
Стационардан шығарылған күні _______________________________________
Болу нәтижесі ________________________________________________
Дәрігердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), коды ______________
Дәрігер* ____________________________________________________________
Қолы
Бөлімше меңгерушісі* _____________________________________________
Қолы
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты адамы**______________________
Қолы
* Дәрігер мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы тікелей денсаулық сақтау ұйымына (стационарға) жүгінген кезде қол қояды.
** Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты адамы көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде қол қояды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2024 жылғы 27 қарашадағы № 99 Бұйрыққа 3-қосымша |
"Санаторийлік-курорттық емделуге мұқтаждығы туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Санаторийлік–курорттық емделуге мұқтаждығы туралы қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың 1) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;
4) цифрлық құжаттар сервисі – "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі.
5) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;
2-тарау. "Санаторийлік-курорттық емделуге мұқтаждығы туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті көрсетуді ұсыну тәсілдерін, мерзімін, нысанын қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға қосымшада көзделген.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге бекітілген жері бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымына (бұдан әрі – МСАК ұйымы) тікелей және (немесе) "электрондық үкімет" (бұдан әрі – Портал) арқылы жүгінеді.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық форматта алу үшін, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті ЭЦҚ арқылы қол қойылған сұрау салуды Порталда қалыптастырады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға "Жеке кабинетке" электрондық құжат нысанында жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 8-тармағымен көзделген құжаттарды беруі кезінде "Жеке кабинетке" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру күнін белгілеу туралы хабарлама немесе электрондық құжат нысанында мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.
6. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) Порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланыс абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда алады.
7. Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді келесі жұмыс күні жүзеге асырады.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 069/е нысаны бойынша берілген санаторийлік-курорттық карта немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбаған немесе қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
10. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
11. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
12. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалар бекітілген немесе өзгерістер енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды жаңартады және МСАК ұйымдарына, "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
3-тарау. "Санаторийлік-курорттық емделуге мұқтаждығы туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасау тәртібі
13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін МСАК ұйымына тікелей жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы тиісті диагноз бойынша клиникалық-диагностикалық (зертханалық, аспаптық және функционалдық, бейінді мамандардың консультациялары) зерттеулерінің (бұдан әрі – зерттеулер) нәтижелерімен алдын ала жазылу бойынша учаскелік дәрігерге қабылдауға барады.
Учаскелік дәрігер қарап-тексеру, зерттеу нәтижелері негізінде амбулаториялық науқастың медициналық картасында санаторийлік-курорттық емдеу мұқтаждығы туралы қорытынды ресімдейді, санаторийлік-курорттық картаны толтырады.
Санаторийлік-курорттық емдеуге қарсы көрсетілімдер болған кезде, зерттеу нәтижелері болмаған кезде учаскелік дәрігер бас тарту негіздерін көрсете отырып, жазбаша бас тартуды ресімдейді.
14. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету үшін МСАК ұйымының басшысы медициналық ақпараттық жүйелер мен дербес медициналық деректерге қол жеткізе алатын мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты адамды (бұдан әрі – жауапты маман) тағайындайды.
15. Жауапты маман дәрігердің құжаттар топтамасының толықтығы және санаторийлік-курорттық емдеу мұқтаждығы туралы қорытындысының электрондық көшірмелерінің сәйкестігін, клиникалық-диагностикалық зерттеулер нәтижелерінің медициналық ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде тексереді.
16. Құжаттардың толық пакетінің болуы және дәрігердің санаторийлік-курорттық емдеу мұқтаждығы туралы қорытындысының электрондық көшірмелері, клиникалық-диагностикалық зерттеулердің нәтижелері медициналық ақпараттық жүйелердің деректеріне сәйкес келген кезде жауапты маман медициналық ақпараттық жүйелерден санаторийлік-курорттық картаның ЭЦҚ қол қойылған электрондық көшірмесін көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
Осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқан кезде жауапты маман дәлелді бас тартуды ресімдейді, ЭЦҚ арқылы қол қояды және көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
4-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.
18. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім және (немесе) өзге де әкімшілік іәрекет қабылданған кезде шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
"Санаторийлік-курорттық емделуге мұқтаждығы туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Санаторийлік-курорттық емделуге мұқтаждығы туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі – МСАК ұйымдары). |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы тікелей МСАК ұйымдарымен. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
МСАК ұйымына жүгінген кезде: |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) бекітілген, көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжаттың 069/е нысаны бойынша берілген санаторийлік-курорттық карта немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Көрсетілетін қызмет беруші және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) Көрсетілетін қызметті беруші – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде: |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы. |
10 | Мемлекеттік, қызмет оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетің қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда порталда тіркелген көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс абоненттік нөмірі арқылы бір реттік пароль беру немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алу мүмкіндігі бар. |