БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ішкі су жолдарында кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексеруді, оларды сыныптауды және есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 358 бұйрығына ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11150 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі су жолдарында кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексеруді, оларды сыныптауды және есепке алуды жүргізу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексеруді, жіктеуді және есепке алуды жүргізудің мақсаты мән-жайларды, себептерді, салдарларды анықтау және авариялылықтың алдын алу бойынша тиісті ұсынымдар дайындау болып табылады.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. "Көлік оқиғасын тергеп-тексеру мынадай жағдайларда:".
1) көлік оқиғасына қатысы бар адамдарда күтпеген мән-жайлар (ауыру, іссапар және басқа себептер) туындаған;
2) кемелерді су басуын, олардың қирауымен байланысты көлік оқиғасының мән-жайларын қосымша анықтау үшін;
3) мемлекеттік органдардың құжаттарын (материалдарды және қорытындыларды) ұсыну үшін уәкілетті органның шешімі бойынша ұзартылады.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Тергеп-тексеру қорытындылары бойынша уәкілетті орган еркін түрде көлік оқиғасы туралы қорытынды жасап тергеу аяқталған күннен бастап 15 жұмыс күн ішінде бір данадан көлік оқиғасы қатысушыларға және уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жібереді.";
21-тармақтың 8) тармақшасы алып тасталсын;
22-тармақ алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атрқарушы |
М. Калиакпаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Iшкi iстер министрлігі