БҰЙЫРАМЫН:
1. "Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16240 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
19-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"19. Белгіленген қуаты 499 МВт дейінгі ЖЭК пайдалану объектілері құрылысының жобалары бойынша аукциондық сауда-саттықтың қатысушыларына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі мынадай құжаттарды ұсыну жолымен расталады:
1) Жарғы көшірмесі;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі;
3) бірінші басшыны тағайындау туралы заңды тұлғаның тиісті органы шешімінің көшірмесі;
4) өкілге сенімхат (мүдделерді білдіруді бірінші басшы жүзеге асырмаған жағдайда);
5) заңды тұлғаның деректемелері туралы ақпарат (банк деректемелері, мекенжайы, байланыс телефондары, электрондық мекенжайы);
6) аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз етуді енгізу;
7) Электр желілік қағидаларға сәйкес берілген және келісілген электр желісіне қосуға арналған техникалық шарттардың көшірмесі немесе Графикке сәйкес электр желілеріне қосылу нүктелерін көрсету;
8) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері немесе Графикке сәйкес жер учаскесін көрсету;
9) Электр желілік қағидаларға сәйкес әзірленген, мәлімделген электр қуаты 5 МВт және одан да жоғары "Электр станциясының қуатын беру схемасын" жүйелік оператордың немесе Графикке сәйкес электр желілеріне қосылу нүктелерін көрсете отырып келісу хатының көшірмесі;
10) құжаттамасы бар аукциондық сауда-саттыққа қатысатын қатысушылар үшін Ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналастырылған құжаттамамен Қатысушыны таныстыру туралы растау хаты.";
мынадай мазмұндағы 19-1, 19-2 және 19-3-тармақтармен толықтырылсын:
"19-1. Белгіленген қуаты 499 МВт жоғары болатын ЖЭК пайдалану объектілері құрылысының жобалары бойынша аукциондық сауда-саттықтың қатысушыларына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі мынадай құжаттарды ұсыну жолымен расталады:
1) Жарғы көшірмесі;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі;
3) бірінші басшыны тағайындау туралы заңды тұлғаның тиісті органы шешімінің көшірмесі;
4) өкілге сенімхат (мүдделерді білдіруді бірінші басшы жүзеге асырмаған жағдайда);
5) заңды тұлғаның деректемелері туралы ақпарат (банк деректемелері, мекенжайы, байланыс телефондары, электрондық мекенжайы);
6) аукциондық сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз етуді енгізу;
7) осы Қағидалардың 19-2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында жиынтық белгіленген қуаты кемінде 100 МВт ЖЭК-ті пайдалану жөніндегі объектілерді инвестициялау, салу және пайдалануға беру жөніндегі тиісті түрдегі тәжірибенің болуын растайтын құжаттар;
8) түпкілікті меншік иелерінің, Қазақстан Республикасы азаматтарының және/немесе Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының шетелдік қатысусыз акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлесі) кемінде 51 % (елу бір пайыз) құрайтын растайтын құжаттары бар құжаттарды қабылдау кезеңі басталған күннен ерте емес жағдай бойынша меншік иесінің түпкілікті бенефициарға дейінгі құрылымы.
19-2. Қазақстан Республикасында тиісті түрдегі ЖЭК пайдалану жөніндегі объектілерді инвестициялау, салу және пайдалануға беру жөніндегі тәжірибе деп аталған ЖЭК пайдалану жөніндегі объектінің меншік иесі болып табылатын, Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғаның кемінде 25 % акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) аукциондық сауда-саттыққа сәйкес келетін түрін ЖЭК пайдалану жөніндегі объектіні пайдалануға беру күніне иелік ету түсініледі.
Белгіленген қуаты 499 МВт жоғары ЖЭК пайдалану объектілерін салу жобалары бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысушы меншіктенушілердің бүкіл құрылымы бойынша кемінде 51 % акцияларды (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) бақылайтын (бақылайтын) түпкілікті меншік иелерін қоса алғанда, оның және (немесе) оның акционерлерінің (қатысушыларының) жиынтығында белгіленген қуаты кемінде 100 МВт ЖЭК-ті пайдалану жөніндегі объектілерді инвестициялау, салу және пайдалануға беру бойынша тәжірибесінің болуы) тиісті заңды тұлғаның, ЖЭК пайдалану бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарда тіркелген объектілерді пайдалануға беру актілерінің Көрсетілген фактілерді растайтын көшірмелерін, көрсетілген актілерді тіркеу күніне тіркелген заңды тұлға туралы мәліметтерді, көрсетілген актілерді тіркеу күніне тіркеу (немесе) құрылтай құжаттарының көшірмелерін ұсыну жолымен растайды.
19-3. Белгіленген қуаты 499 МВт жоғары ЖЭК пайдалану объектілерін салу жобалары бойынша аукциондық сауда-саттықтардың жеңімпазы ЖЭК пайдалану жөніндегі объектімен бір мезгілде ЖЭК пайдалану жөніндегі объектінің белгіленген қуатының кемінде 30 % қуаты бар электр энергиясын сақтау жүйесін және электр энергиясын сатып алу шартының қолданылу мерзіміне сақтай отырып, екі сағат ішінде қуат беру үшін жеткілікті сыйымдылықты салу және пайдалануға беруді қамтамасыз етеді.
Жоба электр энергиясын сатып алу шарты бойынша құқықтар мен міндеттемелерді қайта табысталмай іске асырылады.";
32-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"32. Қатысушылар өз қалауы бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерді қабылдау уақыты аяқталғанға дейін бұрын берілген өтінімді жаңа өтінім беру жолымен өзгертеді.
Бұл ретте қатысушылар жаңа өтінімдегі бағаны алдыңғы ең төменгі өтінімдегіден төмен көрсетеді, ал бұрын берілген өтінімнің көлемі өзгертуге жатпайды.
Негізгі уақыт – сауда сессиясының 30 (отыз) минуты ішінде бағаны өзгерту қадамы 1 (бір) киловатт-сағат үшін кемінде 5 (бес) тиын және минималды бағадан 1 (бір) киловатт-сағат үшін 2 (екі) теңгеден аспайды, сауда сессиясын 5 (бес) минутқа ұзарту уақыт кезеңінен бастап бағаны өзгерту қадамы 1 (бір) киловатт-сағат үшін кемінде 50 (елу) тиынды құрайды, бірақ минималды бағадан минутына 1 (бір) киловатт-сағат үшін 2 (екі) теңгеден аспайды.";
43-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"43. Қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету мөлшері:
1) белгіленген қуаты 499 МВт-қа дейін қоса алғанда, ЖЭК объектілерін салу жобалары бойынша құжаттамасы жоқ аукциондық сауда-саттықта – аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімде көрсетілген ЖЭК пайдалану объектісінің белгіленген қуатына көбейтілген белгіленген қуаттың 1 (бір) киловатына 2000 (екі мың) теңге;
2) құжаттамасы бар аукциондық сауда-саттықта – Графикте көрсетілген ЖЭК пайдалану объектісінің белгіленген қуатына көбейтілген белгіленген қуаттың 1 (бір) киловатына 5000 (бес мың) теңге;
3) белгіленген қуаты 499 МВт-тан асатын ЖЭК объектілерін салу жобалары бойынша құжаттамасы жоқ аукциондық сауда-саттықта – аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімде көрсетілген ЖЭК пайдалану объектісінің белгіленген қуатына көбейтілген белгіленген қуаттың 1 (бір) киловатына 5000 (бес мың) теңге.";
мынадай мазмұндағы 56-2-тармақпен толықтырылсын:
"56-2. Гидродинамикалық су энергиясын, биомассаны, биогазды және электр энергиясын өндіру үшін органикалық қалдықтардан алынатын өзге де отынды пайдаланатын жобаларды іріктеу жөніндегі құжаттамасы жоқ аукциондық сауда-саттықтардың жеңімпаздары Қағидалардың 19-тармағының 7) және 8) тармақшаларына сәйкес қайта жүктелген құжаттармен күнтізбелік жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу графигінде көрсетілген кейінгі аукциондық сауда-саттықтарға жіберілмейді.".
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Энергетика министрінің міндетін атқарушы | Е. Аккенженов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі