БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жатақханасынан тұрғын жайларды беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 02-01-02/160 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5814 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы |
Д. Жазықбай |