Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 471 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 20 желтоқсанда № 35495 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап, қолданысқа енгізілетін осы Тізбенің 1-тармағының отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші, және қырық бесінші абзацтарын қоспағанда, осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
А. Саткалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика Министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2024 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 471 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 111 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10533 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 261) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 261) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету тәртібін айқындайды.";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) уәкілетті орган – электр энергетикасы саласында басшылық ететін мемлекеттік орган."

      мынадай мазмұндағы 5-1 және 5-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "5-1. Егер электр энергиясын беру мен энергиямен жабдықтауды бір заңды тұлға жүзеге асыратын болса , онда электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну тұтынушылар үшін энергиямен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнына қосылады.

      5-2. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар тұтынушыларды энергиямен жабдықөтау мақсатында 2025 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде энергия тұтынушыларды электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызмет түріне лицензия алған энергия беруші ұйымдарға береді.

      Тұтынушыларды беру шеңберінде энергиямен жабдықтаушы ұйым электр энергиясының бөлшек сауда нарығының тұтынушылары туралы ақпаратты тиісті энергия беруші ұйымға береді, оның ішінде:

      электрмен жабдықтау шарттарының көшірмелері (бар болса);

      тұтынушының атауы (заңды тұлғаларға қатысты);

      тұтынушының заңды және нақты мекенжайлары;

      электр энергиясының тарифтері;

      энергиямен жабдықтаушы ұйым абонентінің нөмірі;

      тұтыну тобы;

      бірыңғай есеп айырысу орталығының дербес шотының нөмірі (бар болса);

      тұратын адамдардың саны (жеке тұлғаларға қатысты);

      тарифтерді саралау түрі;

      жәрдемақы түрі (тұтынудың жеңілдік мөлшерлемесі);

      пошта индексі;

      электр плиталарының болуы (жеке тұлғаларға қатысты);

      банк деректемелерін (заңды тұлғаларға қатысты) береді.

      Электр энергиясы мен қуатының көтерме және бөлшек сауда нарықтарында өзінің қызмет көрсету аймағы (әкімшілік-аумақтық бірлік (облыс)) шегінде энергиямен жабдықтаушы ұйымның жұмыс істеуі нәтижесінде туындаған кредиторлық және дебиторлық берешектерді беру кезінде, тиісті энергиямен жабдықтаушы ұйым мен энергия беруші ұйым арасында 2025 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде электр энергиясының бөлшек сауда нарығы субъектілерімен электрмен жабдықтау шарттары шеңберінде энергиямен жабдықтаушы ұйымның дебиторлық берешегі бойынша талап ету құқығын басқаға беру және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда нарығында жасалған шарттар бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйымның кредиторлық берешегін аудару туралы келісім жасалады.

      Бұл ретте келісім тараптары жасалған келісімнің көшірмесін жүйелік операторға, электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға, бірыңғай сатып алушыға, теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына жібереді.

      Жасалған келісім тұтынушылардан тұтынылған электр энергиясы үшін төлемдерді қабылдау, сондай-ақ кредиторлық берешекті өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындау үшін энергия беруші ұйымның негізі болып табылады.";

      7-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Өңірлік деңгейдегі электр желілерін пайдаланатын энергия берушi ұйымдар осы Қағидалардың 6-тармағында аталғандарға қосымша:";

      10 және 11-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "10. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электр энергиясының бөлшек сауда нарығында өз қызметін жүзеге асыру процесінде:

      1) осы Қағидалардың 5-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, жасалған шарттарға сәйкес жеткiзу-тұтыну режимдерiн жүргiзу бойынша энергия берушi ұйымдардың жедел өкiмдерiн орындайды;

      2) энергия берушi ұйымдарға осы Қағидалардың 5-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, энергия берушi ұйымдармен электр энергиясын сатып алу-сатуға және электр энергиясын беру жөнiндегi қызметтер көрсетуге жасалған шарттар бойынша электр энергиясын жеткiзу-тұтынудың тәулiктiк графигін бередi;

      3) осы Қағидалардың 5-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, энергия беруші ұйымдармен тұтынушыларға электр энергиясын беру шарттарын жасасады;

      4) осы Қағидалардың 5-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтеріне ақы төлейді.

      11. Энергиямен жабдықтаушы ұйымның қызмет көрсету аймағы олар жасасқан энергиямен жабдықтау шарттарына сәйкес электр энергиясын беруге шарттар жасалған, желілеріне тұтынушылар қосылған өз желілерінің, энергия беруші ұйымдар желілерінің шекарасымен, сондай-ақ бөлшек сауда тұтынушыларын энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларының шиналарына қосу нүктесімен айқындалады.

      Бұл ретте кепілдік беріп жеткізуші өзге энергиямен жабдықтаушы ұйымға қызмет көрсету аймағынан тыс уәкілетті орган айқындайтын әкімшілік-аумақтық бірлік (облыс) шегінде ғана электр энергиясын өткізуді жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

      "11-1. Энергиямен жабдықтаушы ұйым электр энергиясын өзінің электр желілері орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік (облыс) шегінде ғана өткізеді.

      Энергиямен жабдықтаушы ұйым басқа энергиямен жабдықтаушы ұйымның желілеріне қосылған тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды жүзеге асырмайды.";

      12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "12. Уәкілетті орган энергия беруші ұйымдар берген тұтынушылар саны туралы ақпараттың негізінде әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік (облыс) үшін осы әкімшілік-аумақтық бірліктегі тұтынушылар саны неғұрлым көп электр энергиясын кепілдік беріп жеткізуші болып табылатын энергиямен жабдықтаушы ұйымды айқындайды.

      Кепілдік беріп жеткізушіні айқындау үшін уәкілетті орган қызметті тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыс) жүзеге асыратын энергия беруші ұйымдардан ақпарат сұратады.

      Уәкілетті орган кепілдік беріп жеткізушілер туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында жариялайды.";

      14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "14. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен тұтынушылар арасындағы энергиямен жабдықтау шарттары Қазақстан Республикасының Министрінің 2017 жылғы 23 қазандағы № 356 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15978 болып тіркелген) Үлгілік шартқа сәйкес жасалады.";

      мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:

      "15-1. Энергиямен жабдықтаушы ұйымды энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыру (кері қайтарып алу) мерзімі басталғанға дейін бір күнтізбелік ай бұрын осы ұйым жасасқан тұрмыстық тұтынушылармен электрмен жабдықтау шарттары осы тұтынушы энергиямен жабдықтаушы ұйымның бастамасы бойынша қызмет көрсету аймағында орналасқан жаңа энергиямен жабдықтаушы ұйыммен қайта жасаспайды.

      Электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланбайтын тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау шарты тұтынушының бастамасы бойынша қайта жасалады.

      Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар үшін электрмен жабдықтау шарты 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қайта жасалады.

      Бұл ретте оны қайта жасасуға бастамажасамаған тұтынушының шарты белгісіз мерзімге және сол шарт жасасу кезінде көзделген талаптарда ұзартылған болып есептеледі.

      Қағидалардың осы тармағының төртінші бөлімінде көрсетілген электрмен жабдықтау шарттары әрбір шарт бойынша ілеспе деректермен бірге құқықтар мен міндеттемелерді беру жолымен, тиісті қабылдау-беру актілерін жасай отырып және бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жариялау жолымен, сондай-ақ шарт акцептінде көрсетілген тәсілмен тұтынушыны хабардар ете отырып, жаңа энергиямен жабдықтаушы ұйымға беріледі.";

      26-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "26. Осы Қағидалардың 5-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда энергия беруші ұйым өз желілеріне қосылған электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарықтары субъектілерінің тұтынуын ескере отырып, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен көтерме тұтынушылардың тәулік сайын ұсынған өтінімдері негізінде өзінің тәуліктік графигін қалыптастырады.".

      2. "Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10403 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 272) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Электр энергиясын пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 272) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен тұтынушылардың электр энергиясын пайдалану тәртібін айқындайды.";

      2-тармақта:

      23) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "23) электр энергиясының сапасы – электр энергиясының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген МЕМСТ 32144 "Электр энергиясы. Техникалық құралдардың үйлесімділігі электромагниттік. Жалпы мақсаттағы электрмен жабдықтау жүйелеріндегі электр энергиясы сапасының нормалары" нормаларына сәйкес келу дәрежесі";

      мынадай мазмұндағы 24) және 25) тармақшалармен толықтырылсын:

      "24) аспаптық тексеру – электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспабының (өлшеу трансформаторларының және басқа элементтердің) өлшеу кешені элементтерінің сипаттамаларына, деректерді жинау және беру құрылғыларына, оларды құралдар мен қосымша жабдықтардың көмегімен қосу схемасына тексеру жүргізуден тұражұмыс қабілеттілігін бағалау процесі ;

      25) нақты жүктеме – тұтынушы меншігіндегі және (немесе) балансындағы электр қондырғылары (тұрмыстық электр аспаптарын қоса алғанда) электр энергиясының жиынтық қуаты және нормативтік шығындары.";

      3-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы бұйрығымен бекітілген Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс iстеу қағидаларында белгіленген тәртіппен электр энергиясын сатып алу-сату шарттары мен көтерме сауда нарығының субъектілері арасында жасалған мәмілелер негізінде электр энергиясының көтерме сауда нарығында;";

      4-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      3) мемлекеттік тіркеу туралы анықтама көшірмесі (заңды тұлғалар үшін), рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінінен үзінді-көшірме (дара кәсіпкерлер туралы) немесе жеке басты куәландыратын құжаттан жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);";

      4-1-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кондоминиум объектісін басқару органыныңмен тұтынушы арасында жасалған, кондоминиум құрамындағы тұтынушылар үшін электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісінің көшірмесі, электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін тұтынбайтын электрмен жабдықтауға шарт жасасатын тұтынушылар ғана ұсынады;";

      9-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Энергия беруші ұйым 5 (бес) жұмыс күні ішінде жаңа меншік иесіне теңгерімдік тиесілік және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісін береді және осы тармақта көрсетілген электрмен жабдықтау шартын жасасуға арналған құжаттарды жаңа меншік иесі таңдаған электрмен жабдықтау ұйымына жібереді.";

      12-тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "5) тұтынушының жазбаша келісімі болған кезде бұрын берілген техникалық шарттарда көрсетілген қуаттан тұтынылатын электр қуатын азайту

      13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "13. Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан еркін нысанда өтініш алғаннан кейін жаңадан енгізілетін немесе реконструкцияланатын Электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттар:

      – техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін-5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      – техникалық күрделі объектілер үшін - 10 (он) жұмыс күні ішінде береді.

      Техникалық шарттар орындалғаннан кейін тұтынушы мен энергия беруші ұйым арасында осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тұтынушыны қосу схемасымен электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісі жасалады.

      Көппәтерлі тұрғын үйлер үшін энергия беруші ұйым мен кондоминиум объектісін басқаратын орган арасында теңгерімдік тиесілігін ажырату актісі жасалады.

      Салынып жатқан объектілерді электрмен жабдықтау үшін тұтынушыға құрылыс кезеңінде уақытша техникалық шарттар беріледі.

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 7-1-тармағына сәйкес құрылыстың нормативтік ұзақтығы үш жылдан астам асып кетсе, уақытша техникалық шарттардың қолданылу мерзімі құрылыстың басталғаны туралы растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда құрылыс кезеңіне ұзартылады.

      Құрылыстың басталғаны туралы растайтын құжаттарды берілген күннен бастап үш жыл өткеннен кейін ұсынбаса техникалық шарттар жарамсыз болып саналады.

      Техникалық шарттарды беру энергия беруші ұйымның электрлік желілеріне немесе энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларына қосылуға техникалық мүмкіндігі болған жағдайда жүзеге асырылады.

      Жобаланатын желілерден техникалық шарттарды беру тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12684 болып тіркелген) құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласында рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына сәйкес айқындалады.

      Техникалық шарттарды беру және қайта ресімдеу үшін төлем алынбайды.";

      21-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "21. Тұтынушылардың электр қондырғыларына кернеу беру мынадай тәртіпте және мерзімде жүргізіледі:

      2) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым хабарламаны алған күннен бастап техникалық жағынан күрделі емес объектілер бойынша 3 (үш) жұмыс күні ішінде, техникалық жағынан күрделі объектілер бойынша 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыртқы қосылуды қарап тексеруді және орындалған жұмыстардың берілген техникалық шарттарға сәйкестігін жүргізеді.";

      26-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:"

      "26. Электр қондырғыларын пайдалануға беру тұтынушыда тиісті біліктілігі бар электр техникалық персоналы және электр қондырғысының сенімді, қауіпсіз жұмысына жауапты тұлға немесе тұрмыстық тұтынушыларды және жиынтық қуаты 5 кВт-тан кем (техникалық шарттарға сәйкес) электр қондырғылары бар тұрмыстық емес тұтынушыларды қоспағанда, қолданыстағы электр қондырғыларының жұмысына кіруге рұқсат етілген қызметкерлер құрамы бар ұйыммен жасасқан электр қондырғыға қызмет көрсету шарты болғанда ғана рұқсат етіледі.";

      36-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "36. Тұтынушы мен энергия беруші ұйым арасындағы кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларын күту, оларға қызмет көрсету және олардың техникалық жағдайы үшін тараптардың пайдалану жауапкершілігінің шекарасы:

      1) әуелік тармақталу кезінде – тіреулерге орнатылған өтпелі және соңғы оқшаулағыштағы қоректендіру желісін қосу түйіспесінде;

      2) кабельдік қосылу кезінде – ғимаратқа кірердегі қоректендіру кабелінің ұштарындағы бұрандалы жалғанымдарда белгіленеді;

      3) көппәтерлі тұрғын үйлерге кабельді қосу кезінде көппәтерлі тұрғын үйдің бас тарату шкафындағы қоректендіру кабелінің болтты қосылыстарының ұштары анықталады (бар болса).

      Тараптардың пайдалану жауапкершілігінің шекарасы осы тармақта көрсетілген жерлерге сәйкес келмеген жағдайда, шекара тікелей шартта анықталады. ";

      46-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "46. Пломбалау құрылғылары МЕМСТ 31283-2004 "Индикаторлық пломбалар. Жалпы техникалық талаптар.".Мемлекетаралық стандарт талаптарына сәйкес қолданылады. .";

      51-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "51. Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым электрмен жабдықтаушы ұйымның өтінімі бойынша электрмен жабдықтау шартында белгіленген мерзімдерде электр энергиясы үшін ақы төленбеген, толық төленбеген кезде, сондай-ақ электрмен жабдықтау шартында белгіленген электр энергиясын тұтыну режимі бұзылған кезде электр энергиясын беруді ішінара немесе толық тоқтатады.

      Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым осы Қағидалардың бұзушылықтарын жою туралы энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның талаптарын белгіленген мерзімдерде орындамаған кезде тұтынушыға электр энергиясын беруді толық тоқтатуды жүзеге асырады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген бұзушылықтар анықталған кезде энергиямен жабдықтаушы ұйым Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2015 жылғы 20-ақпанда № 111 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10533 болып тіркелген) электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызметтер көрсету қағидаларының 5-2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, тұтынушыға (тұрмыстық қажеттіліктер үшін электр энергиясын пайдаланатын тұтынушыға) электр энергиясын жеткізу тоқтатылғанға дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын мерзімде тұтынушыны (электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланатын тұтынушыны - кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын) жазбаша ескерте отырып (хабарлама беру жолымен) немесе тұтынушыларға тұтынушының шарт акцептінде көрсетілген тәсілдермен (электрондық пошта, факс, пошта жөнелтілімі, қысқа мәтіндік хабарлама, мультимедиялық хабарлама, қолданыстағы мессенджерлермен) хабарлама жіберу арқылы электр энергиясын жеткізуді тоқтатуға (ішінара немесе толық) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға өтінімді жібереді.";

      61, 62, 63 және 64-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "61. Коммерциялық есепке алу тұтынушының кінәсінан емес (пломбаның бүтіндігі және алдыңғы актіде көрсетілген есепке алу аспабын орнату және аспаптық тексеруге сәйкес келген жағдайда) бұзылуы анықталған жағдайда тұтыну есебі энергия беруші ұйым электр энергиясының қаржысы мен есепке алу схемасы дұрыс болған алдыңғы немесе түзетілген келесі есептік кезеңнің орташа тәуліктік шығыны бойынша жүргізеді. Есеп айырысу кезеңі бұзылу анықталған күннен бастап коммерциялық есепке алуды бұрынғы қалпына келтіру күніне дейінгі аралықты қамтиды, алайда ол мерзім күнтізбелік отыз күннен аспауы қажет.

      Тұтынушы коммерциялық есепке алуды бұзушылық анықталған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қалпына келтіреді.

      Бұзылу анықталған күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң коммерциялық есепке алу қалпына келмеген жағдайда энергия беруші ұйым тұтынушыға электр энергиясын беруді тоқтатады.

      Бұл ретте энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым тұтынушыдан пломбалауға өтінім түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей электр энергиясының коммерциялық есебін пломбалайды.

      Тұтынушылардың өтінімі еркін нысанда жазбаша форматта ресімделеді, сондай-ақ осы өтінімдерді энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым тіркейтін телефон байланысы арқылы ауызша өтінім беруге болады.

      62. Егер Тұтынушы электрмен жабдықтау шартының талаптарын бұзғаны немесе осы Қағидалардың талаптарын бұзғаны үшін ажыратылса, онда оны энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым Тұтынушының бұзылуларды жою және қосылу жөніндегі көрсетілетін қызметке ақы төленгенін растайтын құжаттары қоса берілген өтінішпен жүгінгенне кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде қосады.

      Осы Қағидалардың талаптарын бұзуды жоймаған кезде энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым қосуды жүргізбейді.

      63. Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым жарты жылда 1 (бір) рет коммерциялық есепке алу аспабының көрсеткіштерін алу кезінде оған шолып қарау тексерісін жүргізеді. Коммерциялық есепке алудың тексерілгені туралы еркін нысанда акт жасайды, пломбының (таңбасының) немесе пломбалау құрылғысының болуын немесе болмауын, жүргізуге құқығы бар ұйымның алғашқы немесе мерзімдік тексеру туралы, коммерциялық есепке алу құрылғысының әйнегі мен корпусының тұтастығын, энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым бұрын белгілеген орындарда энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның пломбалау құрылғысының болуын немесе болмауынжазады.

      Пломбалау (таңба), құқығы бар ұйымның алғашқы немесе мерзімдік тексеруі, коммерциялық есепке алу аспабы шынысының және корпусының тұтастығын, энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым бұрын белгілеген орындарда энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның пломбалау құрылғысының болуы немесе болмауы туралы фактілері анықталған кезде электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспабын (бұдан әрі – КЕА ) жоспардан тыс тексеру тағайындалады.

      64. Электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу мүмкін болмаған кезде және егер бұл ретте тұтынушы өзі пайдаланған электр энергиясының мөлшері туралы мәліметтерді өзі ұсынбаса, тұтынуды есептеу энергияны коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін пайдалану жағдайларын қоспағанда, электр энергиясының алдыңғы кезеңдегі орташа тәуліктік шығысы бойынша жүргізіледі.";

      66-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "66. Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым мына бұзушылықтар болғанда:

      1) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның желілеріне өздігінен қосылу;

      2) КЕА-ден басқа электр энергиясы қабылдағыштарын қосу;

      3) КЕА, ток пен кернеу трансформаторларын қосу схемасының өзгеруі;

      4) КЕА дискісінің жасанды тежелуі;

      5) құрылғыларды орнату, КЕА жұмысына араласу, КЕА көрсеткіштерін бұрмалайтын ток трансформаторларын орнату,электрмен жабдықтауды тоқтатады, Тұтынушыға еркін нысанда бұзушылық туралы акт толтырады және қайта есептеу жүргізеді.

      Қайта есептеу максималды жүктеме негізінде, бірақ техникалық шарттарға сәйкес рұқсат етілген қуаттан асырмай жүргізіледі. Қосылу схемасын өз бетінше өзгерту арқылы рұқсат етілген қуаттан асып кету бөлігінде техникалық шарттарды бұзу фактілері анықталған, техникалық шарттар болмаған кезде қайта есептеу тәулігіне 24 сағат жұмыс істеуді ескере отырып, кіріспе коммутациялық аппараттың ең жоғары өткізу қабілеттілігіне сәйкес жүргізіледі.

      Қайта есептеу кезеңі КЕА соңғы ауыстыру немесе оны қосу схемасының соңғы аспаптық тексеру күнінен бастап бүкіл уақыт ішінде, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімде анықталады.

      Қайта есептеуге сәйкес есепке толық алынбаған немесе мүлде алынбаған электр энергиясының көлемі энергиямен жабдықтаушы ұйым таратқан электр энергиясы көлеміне қосылады және тұтынушыға ағымдағы есептік кезеңде қолданылатын жіберу тарифі бойынша төлеуге ұсынылады.

      Тұтынушы электр желісіне электр энергиясының схемасы мен есепке алу құралдарындағы бұзушылықтары жойылғаннан кейін, қайта есептеу және электрмен жабдықтау шартын жасасу немесе электрмен жабдықтау шартына толықтырулар енгізу сомасы мен қосу сомасы өтелгеннен кейін қосылады.

      Тұтынушы қайта есептеу бойынша мерзімінде толық төлем жүргізбеген немесе төлеуден бас тартқан жағдайда энергиямен жабдықтаушы ұйым, ал энергиямен жабдықтаушы ұйыммен электрмен жабдықтау шарты болмағанда энергия беруші ұйым материалдарды сотқа тапсырады.

      Осы Қағидаларға сәйкес берілген техникалық шарттарды алмай және орындамай, электр желілеріне қосылу электр желілерін өз бетінше қосу болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы 66-1 және 66-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "66-1. Көппәтерлі тұрғын үйлердің үйге ортақ желілерінде энергия беруші ұйым коммерциялық ысыраптарды анықтау және КЕА-ның техникалық жай-күйін бақылау (КЕА тексеру мерзімдері, жарамдылығы және өзге де сипаттамалары) жөніндегі қызметті жүзеге асырады және осы Қағидалардың 66-тармағында көрсетілген бұзушылықтарды анықтау кезінде, оның ішінде тұтынушы өз еркімен теңгерімдік тиесілілігін ажырату актісіне сәйкес энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне жатпайтын үйге ортақ электр желілеріне қосылған кезде осы Қағидалардың 61-тармағында тиісті шаралар қабылдайды.

      66-2. Көппәтерлі тұрғын үйлерде кондоминиум объектісін басқару органы не кондоминиум объектісін тиісті жауапты өзге де уәкілетті тұлға осы Қағидалардың 66-тармағында көрсетілген бұзушылықтар анықталған кезде энергия беруші ұйымға осы Қағидалардың талаптарын бұзатын тұтынушының КЕА-сын аспаптық тексеру жүргізуге еркін нысанда өтінім жібереді. Бұзушылықтар расталған кезде энергия беруші ұйым осы Қағидалардың 66-тармағына сәйкес көзделген шараларды қабылдайды.";

      72-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Кондоминиум объектісін басқару органы комиссия құрамына қатысудан бас тартқан кезде осы комиссияның құрамына бекітілген әкімшілік учаскедегі аумақтық бөлімше ведомствосы уәкілетті органының немесе аумақтық ішкі істер органы учаскелік полиция инспекторларының өкілдері мен олардың көмекшілері енгізіледі.";

      75-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "75. Кондоминиумнің объектісін басқару органы немесе тұтынушылардың уәкілетті тұлғалары немесе қарамағында тұрғын үй тұрған ұйым көпқабатты құрылыстарда үйге ортақ мұқтаждықтағы электр қондырғыларын пайдалану кезінде (қосу-тарату құрылғысы, кіреберісті, ауланы, нөмірлі шамдарды, жертөле және шатырларды жарықтандыруға арналған электр өткізгіш) техникалық жағдайын, пайдалануы, техникалық қауіпсіздігін қадағалайды және сақтайды.

      Үйге ортақ КЕА сақтау және бүтіндігі үшін кондоминиум объектісін басқару органына немесе тұтынушының уәкілетті тұлғасына жүктеледі.

      Үйге ортақ мұқтаждыққа пайдаланылған электр энергиясының көлемі электр энергиясының баланстық тиесілігін бөлу шекарасында орналастырылған есепке алу аспабы бойынша айқындалады. Үйге ортақ мұқтаждық аспабына қосылған тұтынушылардың (тұрмыстық және тұрмыстық емес) электр энергиясын тұтынудың жиынтық көлемін қоспағанда, үйге ортақ мұқтаждықты есепке алу аспабына қосылған тұтынушылар болған кезде.

      Кондоминиум объектісін басқару органы немесе тұрғын үй пәтері иелерінің кооперативі тұтынушының немесе тұтынушылар тобының талабы бойынша қондырғылардың қуатын және осы қондырғылардың есептік кезеңде немесе бірнеше кезең ішінде пайдаланған электр энергиясы төлемақысының толық есебін көрсетіп, үйге ортақ мұқтаждықтағы электр қондырғыларын электрмен жабдықтау схемасын ұсынады (тұтынушының талабы бойынша).";

      мынадай мазмұндағы 77, 78 және 79-тармақтармен толықтырылсын:

      "77. Коммерциялық энергияны есепке алу аспаптарын аспаптық тексеру вольтамперфазометр, ток өлшеу кенелері және коммерциялық есепке алу аспаптарының ток трансформаторларының трансформация коэффициентінің зауыттық көрсеткіштерге сәйкестігін анықтау, фазалардың дұрыс қосылуын тексеру, қайталама тізбектегі жүктеменің бар-жоғын тексеру, оқиғалар журналын (электрондық КЕА үшін) алу, векторлық диаграммаларды алу және техникалық шарттардың бұзылу фактілерін анықтау үшін пайдаланылатын жабдықтың көмегімен жүргізіледі.

      Аспаптық тексеру КЕҚ пломбалау арқылы тұтынушының немесе тұтынушының сенімді өкілінің қатысуымен, анықталған бұзушылықтар болмаған кезде аспаптық тексеру аяқталғаннан кейін кейіннен пломбалау арқылы жүргізіледі.

      Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілер бойынша бұзушылықтар анықталған кезде еркін нысанда бұзушылық туралы тиісті акт жасалады және анықталған бұзушылықтарды жою үшін нұсқама беріледі не осы Қағидалардың талаптарында көзделген шаралар қабылданады.

      78. Аспаптық тексеру нәтижелері бойынша мынадай деректер:

      1) тексеру жүргізу күні, уақыты және мекенжайы, тексеру нысаны және тексеру жүргізу негіздемесі;

      2) тексеру жүргізген энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым өкілдерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы;

      3) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес тексеруге қатысу үшін осы Қағидалардың талаптарына сәйкес шақырылған, бірақ оған қатыспаған адамдардың тегі, аты, әкесінің аты , лауазымы;

      4) тексерілетін КЕА (өлшеу трансформаторлары – болған кезде) сипаттамалары мен орнатылатын жері, тексеру кезіндегі КЕА көрсеткіштері және есепке алу аспабын (өлшеу трансформаторларын) тексеру арасындағы интервалдың аяқталу күні;

      5) тексеру басталған кезде белгіленген, сондай-ақ жаңадан орнатылған (егер олар тексеру барысында өзгерген болса) бақылау пломбалары мен шолып тексеру белгілері орнатылатын жері және өлшеу құралдарының паспортындағы (формулярындағы) тексеру туралы куәліктегі және (немесе) жазбадағы салыстырып тексерушінің бедеріне сәйкестігі;

      6) тексеру нәтижелері;

      7) тексеру жүргізу кезінде пайдаланылатын құрылғылардың (жабдықтардың) сипаттамалары, атауы және көрсеткіштері;

      8) тексеру актісіне қол қоюдан бас тартқан не актіде көрсетілген тексеру нәтижелерімен келіспеген адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және мұндай бас тартудың не келіспеудің себептері;

      9) актінің тіркеу нөмірі көрсетілген еркін нысанда екі дана акт жасалады.

      79. Аспаптық тексеру:

      1) жаңадан енгізілетін объектіні тұтынушының өтінімі бойынша;

      2) жоспарлы тәртіппен жылына 1 (бір) рет;

      3) нормативтен тыс шығындарды айқындау кезінде жоспардан тыс тәртіппен (коммерциялық шығындарды анықтау мақсатында);

      4) КЕА және өлшеу трансформаторларын ауыстыру кезінде;

      5) КЕА көрсеткіштерін бұрмалайтын бұзылуларды анықтау мақсатында жүргізіледі.".

      3. "Электрмен жабдықтаудың үлгілік шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 23 қазандағы № 356 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15978 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 301) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады