Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 477 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 23 желтоқсанда № 35502 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 276 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11283 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін қалыптастыру қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Мұнай беру графигін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 191 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17072 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мұнай беру графигін қалыптастыру қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
А. Саткалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2024 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 477 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 8 сәуірдегі
№ 276 бұйрығымен
бекітілген

Мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін қалыптастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Магистральдық құбыр туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін қалыптастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) графиктен үзінді көшірмелер – жөнелтушілерге, операторға, мұнай тасымалдау ұйымдарына, мұнай өнімдерін өндірушіге және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – Комитет) жөнелтушілер магистральдық мұнай құбыр саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы мұнай тасымалдауға қағаз және электрондық түрде ай сайын уәкілетті орган жіберетін ақпарат;

      2) мұнай жөнелтуші (бұдан әрі – жөнелтуші) – мұнай өндіруші болып табылатын тұлға немесе оны заңды негіздерде сатып алған тұлға не олар уәкілеттік берген, мұнайды тасымалдау жөніндегі қызметтерді ұсынуға арналған шарт негізінде магистральдық құбырмен тасымалдау үшін мұнайды ұсынатын тұлға;

      3) Қазақстан Республикасының ішкі қажеттіліктері – Қазақстан Республикасының аумағында тұтыну үшін қажетті мұнай көлемі;

      4) магистральдық мұнай құбыры – мұнайды қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ететін желілік бөліктен және объектілерден тұратын, техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес келетін бірыңғай өндірістік-технологиялық кешен;

      5) мұнайды тасымалдау графигі – уәкілетті орган бекіткен мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен және (немесе) басқа көлік түрімен тасымалдау графигі;

      6) мұнай тасымалдаушы ұйым – мұнайды тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсететін магистральдық құбырдың және (немесе) басқа көлік түрінің меншік иесі;

      7) оператор – мұнайды магистральдық мұнай құбырымен тасымалдауды және (немесе) оны пайдалануды жүзеге асыратын магистральдық мұнай құбырының меншік иесі немесе магистральдық мұнай құбырына өзге де заңды негізде иелік ететін заңды тұлға не олар уәкілеттік берген, операторлық қызметтер көрсететін ұйым;

      8) тасымалдауға арналған өтiнiм (бұдан әрі – өтiнiм) – осы Қағидаларға қосымша сәйкес нысаны бойынша уәкілетті органға қағаз және (немесе) электрондық түрде ақпараттық жүйе арқылы жіберілетін мұнайды магистральдық мұнай құбырымен тасымалдауға арналған өтінім (айлық);

      9) уәкілетті орган – магистральдық құбыр саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      10) магистральдық мұнай құбыр саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) – мұнайды магистральдық мұнай құбыры арқылы тасымалдау графигін әзірлеу үшін ақпаратты жинауға, сақтауға, талдауға және өңдеуге арналған мұнайды жеткізуді басқару бойынша магистральдық мұнай құбыр саласындағы уәкілетті органның жүйесі.

2-тарау. Мұнайды магистральдық мұнай құбырымен тасымалдау графигін қалыптастыру тәртібі

      3. Мұнайды магистральдық мұнай құбыры арқылы тасымалдау графигі (бұдан әрі – график) магистральдық мұнай құбырының меншік иесінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес негіздерде не магистральдық мұнай құбырына өзге де заңды негізде иелік ететін тұлғаның немесе олардың атынан осындай қызметтер көрсетуге уәкілетті оператордың және жөнелтушінің арасындағы тиісті шарттар ескеріле отырып әзірленеді.

      4. Графикті әзірлеу кезінде мынадай факторлар:

      "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабына сәйкес уәкілетті органы айқындайтын көлемдердегі Қазақстан Республикасының ішкі қажеттіліктері;

      магистральдық мұнай құбырларының қолданыстағы техникалық өткізу қабілеті;

      стандартты емес жағдайлар (хлорорганикалық қосылыстардың мөлшері бойынша рұқсат етілген мәндерден асып кету, отандық мұнай өңдеу зауыттарындағы авариялық жағдайлар, мұнай өңдеу зауыттарын жоспардан тыс жөндеуге тоқтату, электр энергиясының ажыратылуы, экспорттық бағдарлардағы штаттан тыс жағдайлар, оның ішінде мұнай тасымалдауды шектеу);

      жер қойнауын пайдаланушылардың мұнай өндіруінің жалпы көлемі;

      еңсерілмейтін күш мән-жайлары ескеріледі.

      5. Мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында отандық мұнай өңдеу зауыттарын мұнай өнімдерімен ішкі нарықты шикізатпен толық жүктеу және осы Қағидалардың 4-тармағында айқындалатын көлемдерді ішкі нарыққа бөлу кезінде жөнелтушілерге мөлшерлес жүктемені ұстап тұру арқылы өңірлер бойынша жыл сайынғы пайыздық жүктеме (жинақтаушы) ескеріледі.

      Өңірлер бойынша пайыздық жүктеменің өзгерістерін өңірдегі жөнелтушілердің мұнай өндіру деңгейіне байланысты, бірақ ұлғаю немесе азаю жағына қарай он пайыздан (жинақтаушы жүктеме) аспайтын өзгерістерді уәкілетті орган енгізеді.

      Негізгі өтінімдерге енгізілетін толықтыруларға сәйкес жөнелтушілер өздерінің экспорттық көлемін ішкі нарыққа, оның ішінде жөнелтушінің ресурстық базасының жалпы көлемінің жүз пайызына дейін қайта бағыттайды.

      6. Уәкілетті орган графикті әзірлеу кезінде, оның ішінде осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген жағдайларда бекітілген графикке өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде ресурстық база көлемдерін жедел бөлуге ауысады.

      7. Графикті қалыптастыру үшін жөнелтуші ай сайын есепті айдың алдындағы, айдың оныншы күніне дейін уәкілетті органға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпараттық жүйе арқылы электрондық түрде және (немесе) қағаз түрінде жоспарланған айға өтінімді жіберіледі.

      Жөнелтуші өтінімді қағаз және (немесе) электрондық түрде ұсынбаған жағдайда уәкілетті орган осы Қағидалардың 3, 4, 5 және 6-тармақтарында белгіленген талаптарды ескере отырып, графикке енгізуге жататын мұнай көлемін айқындайды.

      Ақпараттық жүйе техникалық ақаулықтар және (немесе) істен шыққан жағдайларда жоспарланған айға арналған өтінім уәкілетті органға есепті айдың алдындағы, айдың оныншы күніне дейін қағаз түрінде жіберіледі.

      Осы Қағидаларда белгіленген нысанға сәйкес келмейтін, ұсыну мерзімі өткеннен кейін ақпараттық жүйе арқылы электрондық түрде және (немесе) қағаз түріндегі жіберілген өтінім ақпараттық жүйеде қабылданбайды және (немесе) уәкілетті органда тіркеуге жатпайды.

      8. Жөнелтушілер уәкілетті органға өтінім берген кезде пайыздық жүктемені ескере отырып өздерінің ресурстық базасын заңды тұлғалар тобы шеңберінде бөледі.

      9. Бұл ретте өтінім еншілес ұйымдардың жазбаша келісімі болған кезде жөнелтушінің құрылтайшыларының (қатысушыларының) атынан уәкілетті органға беріледі.

      Өзінің заңды тұлғалар тобы шеңберінде жөнелтушінің құрылтайшыларының (қатысушыларының) атынан уәкілетті органға график қалыптастыру үшін өтінім берілген жағдайда жөнелтушінің құрылтайшылары (қатысушылары) уәкілетті органды өзінің ресурстық базасын өзінің заңды тұлғалар тобы шеңберінде бөлу жөніндегі ниеттері туралы, бірақ алты айда кемінде бір рет хабардар етеді.

      10. Ақпараттық жүйе арқылы графикті қалыптастыру үшін оператор ай сайын есепті айдың алдындағы айдың онына дейін магистральдық құбырлардың техникалық өткізу қабілетінің болуын растайды.

      Ақпараттық жүйе арқылы берілген көрсеткіштер өзгерген, төмендеген және (немесе) асып кеткен кезде оператор осындай өзгерістер туралы негіздемемен ақпараттық жүйеде түсініктеме береді.

      11. Графиктер ай сайын, есепті айдың алдындағы айдың жиырмасынан кешіктірмей қалыптастырылады және бекітіледі.

      Бұл ретте графиктер келесі реттілікпен әзірленеді. Ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету үшін көлемдерді бөлу, бұдан әрі қалдық қағидаты бойынша экспорттық бағыттарға көлемдерді бөлу.

      Графиктер ақпараттық жүйе арқылы мұнайды қабылдау-тапсыру пункттері бойынша магистральдық мұнай құбырлары жүйесіне бөлу арқылы қалыптастырылады.

      12. Графиктен үзінді көшірме график қалыптастырылғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде қағаз түрінде операторға, мұнай тасымалдау ұйымдарына, мұнай өнімдерін өндірушіге орындау үшін, сондай-ақ Комитетке жіберіледі.

      Операторға (нетто салмағы бойынша), мұнай тасымалдау ұйымдарына, сондай-ақ Комитетке (брутто салмағы бойынша) жолданатын графиктен үзінді көшірмеде жөнелтушінің экспорт үшін және Қазақстан Республикасы аумағынан шығаруға жататын басқа оператордың магистральдық мұнай құбырлары жүйесіне беру (ауыстырып құю) үшін, Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу (беру) үшін мұнайды қабылдау-тапсыру пунктінен қарастырылған мұнай мөлшері, сондай-ақ келісімшарттың нөмірі және жөнелту бағдары көрсетіледі.

      Мұнайдың брутто массасы балласт массасын қосқанда мұнайдың жалпы массасы ретінде айқындалады. Балласт массасы мұнайдағы судың, хлорлы тұздардың және механикалық қоспалардың жалпы массасы ретінде айқындалады.

      Мұнайдың нетто массасын мұнайдың брутто массасы мен балласт массасының айырымы ретінде айқындайды.

      Бұл ретте әрбір мұнай қабылдау-тапсыру пунктін жөнелтуші көрсете отырып, графиктен үзінді көшірме операторға және мұнай тасымалдау ұйымдарына ақпараттық жүйе арқылы электрондық түрде жіберіледі.

      13. Графикке өзгерістер мен толықтырулар ақпараттық жүйе арқылы мұнайды қабылдау-тапсыру пункттері бойынша магистральдық мұнай құбырлары жүйесіне бөлу арқылы қалыптастырылады және мұнай тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге оператордың техникалық қабілеттілігіне растауы болған кезде бекітіледі.

      Жөнелтушінің жоспарланған ай шеңберінде уәкілетті органға ақпараттық жүйе арқылы электрондық түрде және (немесе) қағаз түрінде түзету үшін жіберген графикке өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті орган қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды.

      Графиктен үзінді көшірмелер графикке өзгерістер мен толықтыруларды қарау нәтижесінде жөнелтушіге, операторға орындау үшін және Комитетке (мұнай экспорты кезінде) жіберіледі.

      14. Мұнай тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге мүмкіндік болмаған жағдайда уәкілетті орган бұл туралы жөнелтушіні хабардар етеді.

      15. Уәкілетті орган өтінімді қабылдау, графикті қалыптастыру, сондай-ақ графиктен үзінді көшірмелерді 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін қағаз түрде жүзеге асырады.

  Мұнайды магистральдық
мұнай құбырларымен
тасымалдау графигін
қалыптастыру қағидаларына
қосымша
  Нысан

Мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен жоспарланатын айда тасымалдауға арналған өтінім

Компанияның атауы:

Есепті ай:

Жоспарланатын айы:

Көрсеткіштер

Есепті ай (нетто)

Жоспарланатын айға өтінім

план

факт

Нетто**

Брутто***

1.

Барлық ресурстар: (1.1.+1.2.+1.3.):





1.1.

Келісімшарттар және келісімшарттық аумақтардың атауы бөлінісінде мұнай өндіру:





1.2.

Басқа көзден алынған мұнай*





1.3.

Келісімшарттар, келісімшарттық аумақтардың атауы және басқа да көздерден алынған мұнай бөлінісінде айдың басындағы ауысатын қалдық





2.

Операторға тапсыру





2.1.

Оператордың қабылдау-тапсыру пунктіне тапсыруы





2.2.

Басқа қабылдау-тапсыру пунктіне тапсыруы





3.

Ресурстарды тарату (3.1.+3.2.+3.3.+3.4.+3.5.):





3.1.

Мұнайды мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу:, оның ішінде (3.1.1.+3.1.2.+3.1.3.):





3.1.1.

Атырау мұнай өңдеу зауыты





3.1.2.

Павлодар мұнай-химия зауыты





3.1.3.

ПетроҚазақстан ойл продактс





3.1.4.

Ақтау қаласындағы битум зауыты





3.1.5.

"Конденсат" акционерлік қоғамы





3.1.6.

Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан басқа да мұнай өңдеу зауыттары





3.2.

Роялти тапсыру





3.3.

Каспий Құбыр Консорциумы (келісімшарттар бойынша)





3.4.

Атырау-Самара (келісімшарттар бойынша), оның ішінде: (3.4.1.+3.4.2.):







3.4.1.

Экспорт





3.4.2.

Туймазы-Омбы-Новосибирск 2





3.5.

Орынбор газ өңдеу зауыты





3.6.

Атасу – Алашанькоу





3.7.

Транзит





4.

Ай соңына ауысатын қалдық





      Ескертпе:

      * оның ішінде мұнайдың шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттардың көшірмелерін міндетті түрде көрсете отырып, бөгде заңды және (немесе) жеке тұлғалардан сатып алынған;

      ** мұнайдың нетто массасын мұнайдың брутто массасы мен балласт массасының айырмасы ретінде айқындайды;

      *** мұнайдың брутто массасы балласт массасын қосқанда мұнайдың жалпы массасы ретінде айқындалады.

      Бірінші басшы: _________________

      Қолы: __________________

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2024 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 477 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 17 мамырдағы
№ 191 бұйрығымен
бекітілген

Мұнай беру графигін қалыптастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мұнай беру графигін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 130-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және мұнай беру графигін қалыптастыру тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) графиктен үзінді көшірмелер – көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган ақпараттық жүйесі арқылы қағаз және электрондық түрде ай сайын жер қойнауын пайдаланушыларына, мұнай тасымалдау ұйымдарына, мұнай өнімдерін өндірушіге және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – Комитет) жіберетін ақпарат;

      2) жер қойнауын пайдаланушылар – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында, мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу құқығына ие жеке немесе заңды тұлғалар;

      3) көмірсутек саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) – мұнай беру графигін әзірлеу үшін ақпаратты жинауға, сақтауға, талдауға және өңдеуге арналған мұнай беруді басқару жөніндегі көмірсутек саласындағы уәкілетті органның жүйесі;

      4) мұнай беру – мұнайды жер қойнауын пайдаланушылардан қабылдау пунктінен бастап алушыға тапсыру пунктіне дейін оны магистральдық құбыр бойынша қабылдау, тапсыру, айдау, мұнайды басқа магистральдық құбырларға қотару, құю, беру, басқа көлік түріне ауыстырып тиеу, сақтау, араластыру процесі;

      5) мұнай өнімдерін өндіруші – меншік құқығында және (немесе) өзге де заңды негіздерде мұнай өңдеу зауыты бар және өндіріс паспортына сәйкес мұнай өнімдерін өндіруді, сондай-ақ өндірілген меншікті мұнай өнімдерін өткізуді және (немесе) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын мұнай өнімдерін беруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      6) мұнай тасымалдаушы ұйым – мұнайды беру жөніндегі қызметтерді көрсететін магистральдық құбырдың және (немесе) басқа көлік түрінің меншік иесі;

      7) тасымалдауға арналған өтiнiм (бұдан әрі – өтiнiм) – осы Қағидаларға қосымша сәйкес нысаны бойынша уәкілетті органға қағаз және (немесе) электрондық түрде ақпараттық жүйе арқылы жіберілетін мұнайды тасымалдауға арналған өтінім (айлық);

2-тарау. Мұнай беру графигін қалыптастыру қағидалары

      3. Мұнай беру графигі (бұдан әрі – график) жер қойнауын пайдаланушылардың өтінімдері (олар болған кезде), осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша (бұдан әрі - өтінім), мұнайды қайта өңдеу және қайта өңдеу өнімдерінің жоспарлары мен мұнай тасымалдаушы ұйымдардың техникалық мүмкіндіктері, жер қойнауын пайдаланушылардың жобалау құжаттарында көзделген мұнай өндіру көлемі негізінде әзірленеді.

      Қағаз және (немесе) электрондық түрдегі график мынадай ретпен әзірленеді. Ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету үшін көлемдерді бөлу, бұдан әрі көлемді қалдық қағидат бойынша экспорттық маршруттарға бөлу.

      График осы тармақтың бірінші бөлігінде және осы Қағидалардың 4, 5, 6 және 15-тармақтарында көрсетілген шарттарды ескере отырып, ақпараттық жүйеде әзірленеді. Ақпараттық жүйе техникалық ақауларға байланысты және (немесе) істен шығуы жағдайларында график қағаз түрінде әзірленеді, бұл ретте график қағаз түрінде қайталанады және электрондық түрде бірдей күшке ие болады.

      4. Графикті әзірлеу кезінде мынадай факторлар:

      "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабына сәйкес уәкілетті органы айқындайтын көлемдердегі Қазақстан Республикасының ішкі қажеттіліктері;

      магистральдық мұнай құбырларының қолданыстағы техникалық өткізу қабілеті;

      стандартты емес жағдайлар (хлорорганикалық қосылыстардың мөлшері бойынша рұқсат етілген мәндерден асып кету, отандық мұнай өңдеу зауыттарындағы авариялық жағдайлар, мұнай өңдеу зауыттарын жоспардан тыс жөндеуге тоқтату, электр энергиясының ажыратылуы, экспорттық бағдарлардағы штаттан тыс жағдайлар, оның ішінде мұнай тасымалдауды шектеу);

      жер қойнауын пайдаланушылардың мұнай өндіруінің жалпы көлемі;

      еңсерілмейтін күш мән-жайлары ескеріледі.

      5. Мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында отандық мұнай өңдеу зауыттарын мұнай өнімдерімен ішкі нарықты шикізатпен толық жүктеу және осы Қағидалардың 4-тармағында айқындалатын көлемдерді ішкі нарыққа бөлу кезінде жер қойнауын пайдаланушыларға мөлшерлес жүктемені ұстап тұру арқылы өңірлер бойынша жыл сайынғы пайыздық жүктеме (жинақтаушы) ескеріледі.

      Өңірлер бойынша пайыздық жүктеменің өзгерістерін өңірдегі жер қойнауын пайдаланушылардың мұнай өндіру деңгейіне байланысты, бірақ ұлғаю немесе азаю жағына қарай он пайыздан (жинақтаушы жүктеме) аспайтын өзгерістерді уәкілетті орган енгізеді.

      Негізгі өтінімдерге енгізілетін толықтыруларға сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар өздерінің экспорттық көлемін ішкі нарыққа, оның ішінде жер қойнауын пайдаланушылардың ресурстық базасының жалпы көлемінің жүз пайызына дейін қайта бағыттайды.

      6. Уәкілетті орган графикті әзірлеу кезінде, оның ішінде осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген жағдайларда бекітілген графикке өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде ресурстық база көлемдерін жедел қолмен бөлуге ауысады.

      7. Графикті қалыптастыру үшін жер қойнауын пайдаланушы ай сайын есепті айдың алдындағы, айдың оныншы күніне дейін уәкілетті органға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпараттық жүйе арқылы электрондық түрде және (немесе) қағаз түрінде жоспарланған айға өтінімді жіберіледі.

      Жер қойнауын пайдаланушы қағаз және (немесе) электрондық түрдегі Өтінімді ұсынбаған жағдайда уәкілетті орган осы Қағидалардың 3, 4, 5, 6 және 15-тармақтарында белгіленген талаптарды ескере отырып, графикке енгізуге жататын мұнай көлемін айқындайды.

      Ақпараттық жүйе техникалық ақаулықтар және (немесе) істен шыққан жағдайларда жоспарланған айға арналған өтінім уәкілетті органға есепті айдың алдындағы, айдың оныншы күніне дейін қағаз түрінде жіберіледі.

      Осы Қағидаларда белгіленген нысанға сәйкес келмейтін, ұсыну мерзімі өткеннен кейін ақпараттық жүйе арқылы электрондық түрде және (немесе) қағаз түріндегі жіберілген өтінім ақпараттық жүйеде қабылданбайды және (немесе) уәкілетті органда тіркеуге жатпайды.

      8. Жер қойнауын пайдаланушылар уәкілетті органға өтінім берген кезде пайыздық жүктемені ескере отырып өздерінің ресурстық базасын заңды тұлғалар тобы шеңберінде бөледі.

      9. Бұл ретте өтінім егер еншілес ұйымдардың жазбаша келісімі болса жер қойнауын пайдаланушының құрылтайшыларының (қатысушыларының) атынан уәкілетті органға беріледі.

      Өзінің заңды тұлғалар тобы шеңберінде жер қойнауын пайдаланушының құрылтайшыларының (қатысушыларының) атынан уәкілетті органға график қалыптастыру үшін өтінім берілген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушылардың құрылтайшылары (қатысушылары) уәкілетті органды өзінің ресурстық базасын өзінің заңды тұлғалар тобы шеңберінде бөлу жөніндегі ниеттері туралы, бірақ алты айда кемінде бір рет хабардар етеді.

      10. Ақпараттық жүйе арқылы графикті қалыптастыру үшін мұнай тасымалдау ұйымдары ай сайын, есепті айдың алдындағы айдың онына дейін магистральдық құбырлардың техникалық өткізу қабілетінің болуын, ал мұнай өнімдерін өндірушілер - мұнайды және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің қайта өңдеу жоспарларын растайды.

      Ақпараттық жүйеде берілген көрсеткіштер өзгерген, төмендеген және (немесе) асып кеткен жағдайда мұнай тасымалдау ұйымдары мен мұнай өнімдерін өндірушілер ақпараттық жүйеде осындай өзгерістер туралы негіздемемен түсініктеме береді.

      11. Графиктер ай сайын, есепті айдың алдындағы айдың жиырмасынан кешіктірмей қалыптастырылады және бекітіледі.

      12. Графиктен үзінді көшірме график қалыптастырылғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде қағаз түрінде операторға, мұнай тасымалдау ұйымдарына, мұнай өнімдерін өндірушіге орындау үшін, сондай-ақ Комитетке жіберіледі.

      Мұнай өнімдерін өндірушілерге жолданатын графиктен үзінді көшірмеде Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу (беру) үшін көзделген жер қойнауын пайдаланушының мұнай мөлшері (нетто салмағы бойынша) көрсетіледі.

      Мұнай тасымалдаушы ұйымдарға (нетто салмағы бойынша) жолданатын графиктен үзінді көшірмеде Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарына, Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу (беру) үшін мұнайды қабылдау-тапсыру пунктінен басқа мұнай тасымалдаушы ұйымның магистральдық мұнай құбырлары жүйесіне немесе көліктің басқа (теміржол, теңіз) түріне беру (ауыстырып құю) үшін көзделген жер қойнауын пайдаланушының мұнай мөлшері көрсетіледі.

      Мұнай тасымалдаушы ұйымдарға (нетто салмағы бойынша), сондай-ақ Комитетке (брутто салмағы бойынша) жолданатын графиктен үзінді көшірмеде жер қойнауын пайдаланушының басқа мұнай тасымалдаушы ұйымның магистральдық мұнай құбырлары жүйесіне немесе көліктің басқа (теміржол, теңіз) түріне беру (ауыстырып құю) үшін көзделген мұнай мөлшері, сондай-ақ келісімшарттың нөмірі және жөнелту бағдары көрсетіледі.

      Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы әрбір мұнай қабылдау-тапсыру пунктін көрсете отырып, үзінді көшірме ақпараттық жүйе арқылы операторға және мұнай тасымалдау ұйымдарына жіберілетін болады.

      13. Графикке өзгерістер мен толықтырулар мұнай тасымалдаушы ұйымның мұнай беру бойынша қызметтер көрсетуге техникалық қабілеттілігі расталған жағдайда бекітіледі.

      Уәкілетті орган графикке өзгерістер мен толықтыруларды жер қойнауын пайдаланушыдан түзету үшін жоспарланған айға мұнай тасымалдауға арналған еркін нысандағы өтінімді қабылдаған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды және бекітеді.

      Мұнай беру бойынша қызметтер көрсетуге техникалық қабілеттілігін растауды мұнай тасымалдаушы ұйым уәкілетті органның жедел сұратуы бойынша оған күнтізбелік бір күн ішінде еркін нысанда ұсынады.

      Графиктен үзінді көшірмелер графикке өзгерістер мен толықтыруларды қарау нәтижесінде мұнай тасымалдаушы ұйымдарға және мұнай өңдеу зауыттарына орындау үшін және Комитетке (Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу кезінде) бір жұмыс күні ішінде жіберіледі.

      14. Уәкілетті орган әрбір жер қойнауын пайдаланушы үшін мұнай өнімдерін өндірушіге жеткізу мұнай жеткізу көлемін айқындайды.

      Көлемді айқындау кезінде уәкілетті орган "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілетін мұнай және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеу және мұнай өнімдерін беру жоспарларын басшылыққа алады.

      15. Уәкілетті орган өтінімді қабылдау, графикті қалыптастыру, сондай-ақ графиктен үзінді көшірмелерді 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін қағаз түрде жүзеге асырады.

  Мұнай беру графигін
қалыптастыру қағидаларына
қосымша
  Нысан

Мұнай беруге арналған өтінім

Компанияның атауы:

Есепті ай:

Жоспарланатын айы:

Көрсеткіштер

Есепті ай (нетто)

Жоспарланатын айға өтінім

план

факт

Нетто**

Брутто***

1.

Ресурстардың барлығы (1.1.+1.2.+1.3.):





1.1.

Келісімшарттар және келісімшарттық аумақтардың атауы бөлінісінде мұнай өндіру:





1.2.

Басқа көздерден алынған мұнай *





1.3.

Келісімшарттар, келісімшарттық аумақтардың атауы және басқа да көздерден алынған мұнай бөлінісінде айдың басындағы ауыспалы қалдық





1.4.

Операторға тапсыру





1.5.

Оператордың қабылдау-тапсыру пунктіне тапсыру





1.6.

Басқа қабылдау-тапсыру пунктіне тапсыру





2.

Ресурстарды бөлу (2.1.+2.2.)





2.1.

Мұнайды мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу (2.1.1.+2.1.2.+2.1.3.+2.1.4.+2.1.5.):





2.1.1.

Атырау мұнай өңдеу зауыты





2.1.2.

Павлодар мұнай-химия зауыты





2.1.3.

ПетроҚазақстан ойл продактс





2.1.3.1

Роялти тапсыру





2.1.4.

Ақтау қаласындағы битум зауыты





2.1.4.1.

"Конденсат" акционерлік қоғамы





2.1.5.

Қазақстан Республикасынан шегінен тысқары жерлерде орналасқан басқа мұнай өңдеу зауыттары





2.2.

Келісімшарттар, келісімшарттық аумақтардың атауы және басқа да көздерден алынған мұнай бөлінісіндегі бағыттары бойынша мұнай экспорты (2.2.1.+2.2.2.+2.2.3.+2.2.4.+2.2.5.+2.2.6+2.2.7.)





2.2.1.

Каспий Құбыр Консорциумы (келісімшарттар бойынша)





2.2.2.

Атырау – Самара (келісімшарттар бойынша)





2.2.3.

Атасу – Алашанькоу





2.2.4.

Ақтау порты





2.2.5.

Темір жол көлігімен





2.2.6.

Орынбор газ өңдеу зауыты





2.2.7.

Экспорттың басқа да бағыттары





2.2.8.

Транзит





3.

Мұнайды теміржол көлігімен беру (3.1.+3.2.+3.3.+3.4.):





3.1.

Экспортқа, мұнай құю эстакадасынан (атауы)





3.2.

Мұнай өңдеу зауытына, мұнай құю эстакадасынан (атауы)





3.3.

Атырау, мұнай құю эстакадасынан төгу (атауы)





3.4.

Ақтау порты, мұнай құю эстакадасынан (атауы)





4.

Келісімшарттар, келісімшарттық аумақтардың атауы және басқа да көздерден алынған мұнай бөлінісінде айдың соңындағы ауыспалы қалдық





      Ескертпе:

      * оның ішінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмірі мен күнін, келісімшарт шеңберіндегі кен орны, онда өндірілген мұнай және жұмыс түрлерін (барлау, өндіру) міндетті түрде көрсете отырып, бөгде заңды және (немесе) жеке тұлғалардан сатып алынған;

      ** мұнайдың нетто массасын мұнайдың брутто массасы мен балласт массасының айырмасы ретінде айқындайды;

      *** мұнайдың брутто массасы балласт массасын қосқанда мұнайдың жалпы массасы ретінде айқындалады.

      Бірінші басшы:

      Қолы:

      Күні:

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады