"Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 415 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 24 желтоқсанда № 35520 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларында:

      2-тармақта:

      1-1)тармақша алынып тасталсын;

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – СМАЖ) – "электрондық үкіметтің" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасау, субсидия алуға арналған өтінімді тіркеу, субсидиялау шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкіндік беретін, субсидиялау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;";

      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) "Тіркеуші ақпараттық жүйе" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "ТАЖ" АЖ) – субсидиялар төлеу үшін көрсетілетін қызметті алушының базалық өлшемшарттарға сәйкестігіне автоматты түрде тексеру жүргізілетін ақпараттық жүйе;";

      14-тармақта:

      3-1) тармақша алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 3-3) тармақшамен толтырылсын:

      "3-3) өтінім берілген жылға дейінгі алдыңғы 2 (екі) қаржы жылы қатарынан салық аударымдары мен еңбекақы төлеу қорының көлемін төмендетуге жол бермеу.

      Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген базалық өлшемшарт дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі 3 (үш) жылдан аспайтын көрсетілетін қызметті алушыларға қатысты қолданылмайды;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) СМАЖ бен электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде өңдеуші кәсіпорынның (өңдеуші кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесі) ауыл шаруашылығы өнімін сатып алғанын және дайын өнімді өткізгенін растауы (ауыл шаруашылығы өнімін жеткізушінің, алдыңғы жылдан ерте емес шығарып берілген тиісті электрондық шот-фактурасының болуы, және өңдеуші кәсіпорынның (өңдеуші кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесінің) дайын өнімді өткізу туралы алдыңғы жылдың төртінші тоқсанынан ерте емес шығарып берілген тиісті электрондық шот-фактурасының болуы).";

      20-1-тармақ алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 20-2) тармақшамен толтырылсын:

      "20-2. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының осы Қағидалардың 14-тармағының 3-3) тармақшасында көрсетілген базалық өлшемшарттарға сәйкестігіне автоматты түрде тексеру жүргізілетін "ТАЖ" АЖ-ға "сұраным-жауап" форматында СМАЖ-дан деректерді беру жолымен ақпарат сұратады.

      "ТАЖ" АЖ өтінім берілген жылға дейінгі соңғы 2 (екі) қаржы жылы үшін осы Қағидалардың 14-тармағының 3-3) тармақшасында көрсетілген деректер түрінде жауап қайтарады.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінім берілген жылға дейін алдыңғы екі қаржы жылының бірінде салық аударымдары мен еңбекақы төлеу қорының көлемін ұлғайту қамтамасыз етілген кезде базалық өлшемшартқа сәйкес деп есептелінеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінім берілген жылға дейін қатарынан алдыңғы 2 (екі) қаржы жылы үшін салық аударымдары мен еңбекақы төлеу қорының көлемі төмендеген кезде базалық өлшемшартқа сәйкес келмейді деп есептелінеді.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22.Көрсетілетін қызметті беруші қаржыландыру жоспарына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес өтінімді қабылдағанын растағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидиялар төлеуге арналған төлем шоттарын СМАЖ-да қалыптастырады.

      Тиісті қаржы жылына арналған қаржыландыру жоспарына сәйкес өңдеуші кәсіпорындардың шығындарын субсидиялауға көзделген қаражат жетіспеген кезде өтінімдер резервке (күту парағына) келіп түседі.

      Резервке (күту парағына) келіп түскен өтінімдер бойынша субсидиялар төлеу ағымдағы қаржы жылында не келесі қаржы жылында қосымша бюджет қаражатын бөлу кезінде өтінімдердің келіп түскен күні мен уақытына сәйкес кезектілік бойынша жүзеге асырылады.

      Өтінім бойынша субсидиялар сомасын толық төлеу үшін қажетті бюджет қаражаты жеткіліксіз болған кезде субсидиялар сомасын бөліктерге бөлуге жол беріледі. Бұл ретте субсидиялар сомасының төленбеген қалдығы келесі айда не ағымдағы қаржы жылында не келесі қаржы жылында қосымша бюджет қаражаты бөлінген кезде төленеді.

      Субсидиялар нормативтері мен субсидияларды есептеу тәртібі өзгерген жағдайда резервке (күту парағына) енгізілген өтінімдер бойынша субсидиялар төлеу субсидиялар нормативтеріне және өтінімдерді беру сәтінде қолданыста болған субсидияларды есептеу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Өтінімді резервке (күту парағына) енгізу туралы ақпарат СМАЖ-да көрсетіледі. Өтінімнің резервте (күту парағында) болу кезеңі мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне енгізілмейді.

      Тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша жергілікті бюджетте көзделген сомалардан мәлімделген субсидиялар көлемі асып кеткен кезде жергілікті бюджеттен қосымша қаражат Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті жергілікті бюджетті бекіту туралы мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу жолымен бөлінеді.";

      2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының жетінші, сегізінші, он бірінші, он екінші, он үшінші, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, және жиырма бірінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
А. Султанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау

      және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму,

      инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 415 бұйрығына
қосымша
  Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл
шаруашылығы өнімін тереңдете
өңдеп өнім өндіруі үшін оны
сатып алу шығындарын
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялауға арналған өтінімі

      ______________________________________ жергілікті атқарушы органына

      (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың)

      (кімнен) _________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Маған сары май/қатты ірімшік және құрғақ сүт (қаймағы алынбаған, майсыздандырылған) өндіру және өткізу үшін (бір өңдеуші кәсіпорын тереңдете өңделген өнімнің бірнеше түрін өндірген жағдайда, өтінім өнімнің әрбір түрі бойынша жеке беріледі) _____ килограмм көлемінде ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға _________________________ теңге мөлшерінде субсидия төлеуді сұраймын. (сома цифрмен және жазбаша)

      1. Өтінім беруші туралы мәліметтер.

      Заңды тұлға үшін:

      атауы ______________________________________________________________

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) ___________________________

      басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _____________________________

      мекенжайы: _________________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: ________________________________________________

      құрылымдық бөлімшенің атауы: _______________________________________

      құрылымдық бөлімшенің БСН: ________________________________________

      құрылымдық бөлімшенің мекенжайы: __________________________________

      Жеке тұлға үшін: аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _______________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) ____________________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі _____________________________________________________________

      кім берді ___________________________________________________________

      берілген күні _______________________________________________________

      мекенжайы: ________________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: _______________________________________________

      Жеке тұлға үшін – дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама:

      орналасқан жері ____________________________________________________

      хабарламаның берілген күні __________________________________________

      2. Өңдеуші кәсіпорынның екінші деңгейдегі банктегі немесе ұлттық почта

      операторындағы ағымдағы шотының мәліметтері:

      ЖСН/БСН __________________________________________________________

      бенефициар коды (бұдан әрі – Кбе) _____________________________________

      банктің немесе почта операторының деректемелері: ______________________

      банктің немесе почта операторының aтауы: ______________________________

      банктік сәйкестендіру коды ____________________________________________

      жеке сәйкестендіру коды ______________________________________________

      БСН _______________________________________________________________

      Кбе ________________________________________________________________

      3. Ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға жұмсалған шығындарды (өтінім берілген сәттегі) растайтын шот-фактуралар туралы мәліметтер (әрбір ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, ауыл шаруашылығы кооперативі және дайындаушы ұйым бойынша мәліметтер жеке толтырылады):

Шот-фактура нөмірі

Шот-фактураның берілген күні

Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы

Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі, килограмм

Бағасы, килограмына теңге, қосылған құн салығын есепке алмағанда

Құны, теңге

Сатушының ЖСН-сы/БСН-сы және атауы

1

2

3

4

5

6

7

8


















Жиыны (нақты сатып алу бағасы көрсетіледі)







      4. Дайын өнімнің өткізілгенін растайтын шот-фактуралар туралы мәліметтер, (өтінім берілген сәтте) (әрбір сатып алушы бойынша мәліметтер жеке толтырылады):

Шот-фактура нөмірі

Шот-фактура күні

Дайын өнімнің атауы

Өткізілген өнімнің көлемі, килограмм

1 кг бағасы, қосылған құн салығын есепке алмағанда, теңге

Құны, теңге

Сатып алушының ЖСН / БСН және атауы (өнімді бөлшек саудада өткізген жағдайда сатып алушының ЖШС/БСН және атауы болған жағдайда көрсетіледі)

1

2

3

4

5

6

7

8









      5. Тиесілі субсидияларды есептеу (автоматты түрде толтырылады):

Тереңдете өңделген өнімінің атауы

Өткізілген өнімнің көлемі, килограмм

Түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті

Түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу нәтижесі

Шот-фактураның деректері бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің нақты сатып алынған жалпы көлемі, килограмм

Субсидия нормативі, теңге / килограмм

Төмендетілген субсидиянормативі, теңге/килограмм (бар болса)

Бюджеттік субсидиялар сомасы, теңге

















      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне (бизнес-сәйкестендіру нөмірі 201040000013) "Тіркеуші ақпараттық жүйе" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жоба шеңберінде және көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша деректерді бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға беруге келісім беремін.

      Дербес деректердің трансшекаралық түрде берілуі болмағанын, сондай-ақ дербес деректердің жалпыға бірдей қолжетімді көздерде таратылуы орын алмағанын хабарлаймын.

      Жиналатын деректердің тізбесі: жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) тегі, заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі, банктік деректемелер, электрондық пошта, телефон нөмірі.

      Өтініш беруші 20__ ж. "__"______ сағат___-де қол қойып жіберді:

      Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер

      ЭЦҚ қою күні мен уақыты

      Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:

      ЭЦҚ деректері

      ЭЦҚ қол қою күні мен уақыты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады