"Есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту қолданылатын зияткерлік меншік объектілерінен және ақпараттандыру саласында қызметтер көрсетуден кірісті айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 1287 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 877 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 26 желтоқсанда № 35530 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту қолданылатын зияткерлік меншік объектілерінен және ақпараттандыру саласында қызметтер көрсетуден кірісті айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 1287 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31144 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілген:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту қолданылатын зияткерлік меншік объектілерінен және ақпараттандыру саласында қызметтер көрсетуден кірісті айқындау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту қолданылатын зияткерлік меншік объектілерінен және ақпараттандыру саласында қызметтер көрсетуден кірісті айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 293-бабының 4-3-тармағына және 709-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және есептелген корпоративтік табыс салығының (бұдан әрі – КТС) сомасын 100 пайызға азайту қолданылатын зияткерлік меншік объектілерінен және ақпараттандыру саласында қызметтер көрсететін "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне және арнайы экономикалық аймаққа (бұдан әрі – АЭА) қатысушыларының кірістерін анықтау тәртібін белгілейді.";

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) арнайы экономикалық аймақ аумағындағы қызметтің басым түрлері – "Арнайы экономикалық аймақтар аумағында жүзеге асырылатын қызметтің басым түрлерінің тізбесін және Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 72 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34030 болып тіркелген) арнайы экономикалық аймақ бөлігінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне енгізілген қызмет түрлері;".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялық

      және аэроғарыштық

      өнеркәсіп министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады