Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 610-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 26 желтоқсанда № 35535 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.

      2. "Республикалық деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 14 маусымдағы № 209 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23084 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрі
2024 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 610-НҚ бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленген және мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына арналған гранттар құнын айқындайды.

      2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттық-талдамалық бағдарлама – белгілі бір уақыт аралығында көрермендер аудиториясының қызығушылығын тудыратын оқиғалардың жинақтап қортылған, жүйеленген ақпарат пен оның талдауы ұсынылатын теле немесе радиобағдарламаның форматы. Аталған бағдарлама әртүрлі көзқарастағы оқиғаларды терең талдауды, себеп-салдарлық байланыстарды анықтауды және ықтимал салдарды болжауды қамтиды. Ақпараттық-сараптамалық хабарлар саясат, экономика, мәдениет сияқты және басқа да салалардағы әртүрлі тақырыптарды жария ететін айдарлар бойынша құрылымдалған;

      2) ақпараттық сипаттағы жаңалықтар – елде және шетелде болған оқиғалар туралы маңызды жане өзекті ақпаратты камтитын радиобағдарламалар форматы. Олар тындаушының күнделікті өмірін қызықтырады және әлеуметтік манызды окиғаларды,сол сияқты ресми хабарламаларды қамтуы мүмкін;

      3) анимация - графикалық әдістерді және бейнелеу өнері тәсілдерін, сондай-ақ іс-қимылдар мен көріністер жандандыра отырып компьютерлік графика мүмкіндіктерін пайдалану;

      4) аудиоролик – радиоарнада шығарылатын, хронометражы 10-нан 60 секундқа дейінгі ақпараттық, әлеуметтік мазмұндағы (әлеуметтік жарнама) қысқа мерзімді ақпараттық хабарламалар;

      5) бейнеролик – телевидениеге шығарылатын, хронометражы 10-нан 60 секундқа дейін созылатын ақпараттық, әлеуметтік мазмұны (әлеуметтік жарнама) бар кадрлардың қысқа мерзімді көркемдік тізбегі;

      6) бір маусымдық сериалдар – сериялар саны шектеулі аяқталған оқиға (сюжеттік желі) форматындағы әртүрлі жанрлар және бір маусымда аяқталған шығарма;

      7) вайн - ойын-сауық, танымдық немесе жарнамалық мағынаға ие қысқа бейнеролик;

      8) веб-сериал — интернет желісі арқылы трансляциялау мақсатында шығарылатын сериалдың типі;

      9) инстаграм сериал – уақыты 60 секундқа дейін шектелген белгілі бір сюжеті бар бейне суреттеме. Цикл 8-12 серия;

      10) инфографика – деректерді визуалды интерпретациялау (ақпараттық дизайн);

      11) көп маусымдық сериалдар – бірнеше жылға созылуы мүмкін және көптеген маусымнан тұратын жалғасып жатқан оқиғаны (сюжеттік желіні) білдіреді;

      12) мотиваторлар - графикалық, ақпараттық бейнелер, PNG, jpeg форматындағы, логикалық тұрғыдан ашық кескіндер түрінде, мұнда көрерменнің әртүрлі әрекеттерге мотивациясын оқуға, оларды эмоциялардың әртүрлі түрлеріне ынталандыруға және әрекетке және жетістіктерге шақыруға болады;

      13) музыкалық радиобағдарлама – музыкалық шығармалар, музыкалық шоулар, музыканттармен сұхбаттар, сондай-ақ музыка саласындағы оқиғалар туралы ақпараттар жиынтығын білдіретін радио хабарларын тарату бағдарламасы;

      14) ойын-сауық (әзіл-оспақ) радиобағдарлама – аудиторияны ойын-сауықпен және оның демалуын қамтамасыз етуге бағытталған бағдарлама;

      15) подкаст - жүргізуші мен қонақтардың қатысуымен әртүрлі тақырыптық материалдардың сериясы (эпизодтар), оның шеңберінде әртүрлі тақырыптар талқыланып, Интернет желісінде жарияланады;

      16) реалити-шоу – сюжеті адамдар тобының (немесе топтарының) өмірге жақын жағдайдағы іс-әрекеттерін көрсету болып табылатын ойын-сауық бағдарламасы;

      17) сериал – бір оқиғаны, хронометражы 20-дан 60 минутқа дейін бірнеше сериялар және (немесе) бірнеше маусым бойына дамитын сюжет желісін құрайтын эпизоттар серияларын білдіретін телевизиялық форматтағы көркем және/немесе деректі туынды;

      18) сторис – әлеуметтік желілерде фотосуреттер мен 15 секундтық бейнелерді салу функциясы;

      19) телеойын – сюжетінің негізгі элементі қойылған мақсат (сыйақы) үшін жарысу немесе ойнау болып табылатын әртүрлі телехабарлар (телевизиялық шоу);

      20) ток-шоу – оның барысында жүргізушілер/спикерлер, қонақтар мен телекөрермендер/радио тыңдаушылар арасында берілген тақырыпта еркін пікір алмасуға болатын теле-, радиобағдарлама;

      21) гиф (gif) суреттер – 256 түстен аспайтын форматта сапасын жоғалтпай сығымдалған деректерді сақтауға қабілетті графикалық бейне форматы;

      3. Бюджет есебінен гранттарды іске асыру шеңберінде (бұдан әрі – Қызмет) ақпараттық материалдарды дайындау (даярлау және құру) және оларды бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру құны осы Әдістемеге қосымшадағы мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге арналған гранттардың базалық бағаларына сәйкес айқындалады.

2-тарау. Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар құнын айқындау

      4. Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және жасау) және оларды мерзімді баспасөз басылымдарында орналастыру жөніндегі көрсетілетін қызмет құны мынадай формула бойынша айқындалады:

      1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, мұндағы:

      Pn (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалды газеттерде орналастыру құны;

      Bn – газетте орналастырылатын ақпараттық материалдың бір см2 үшін базалық бағасы;

      V – см2 есептелетін, газетте орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі;

      Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:

      200 000 данаға дейін – 1,3;

      100 000 данаға дейін – 1,15;

      50 000 данаға дейін – 1;

      30 000 данаға дейін – 0,9;

      20 000 данаға дейін – 0,8;

      10 000 данаға дейін – 0,65;

      5 000 данаға дейін – 0,5;

      2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, мұндағы:

      Pm (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды журналдарда орналастыру құны;

      Bm – журналда орналастырылатын ақпараттық материалдың бір см2 үшін базалық бағасы;

      V – см2 есептелетін, журналда орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі;

      Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:

      15 000 данаға дейін – 1,2;

      10 000 данаға дейін – 1,1;

      8 000 данаға дейін – 1;

      5 000 данаға дейін – 0,9;

      3 000 данаға дейін – 0,8;

      1 000 данаға дейін – 0,7.

      5. Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және жасау) және оларды интернет-басылымда орналастыру жөніндегі көрсетілетін қызмет құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, мұндағы:

      Pi (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды интернет-басылымда орналастыру құны;

      Bi – интернет-басылымда орналастырылатын ақпараттық материалдың бір символы үшін базалық баға;

      V – символмен есептелетін, интернет-басылымда орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі;

      Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-басылымға кіруінің орташа айлық санын есептеу үшін түзету коэффиценті:

      айына 500 000 кірушіге дейін – 1;

      айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1;

      айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2;

      айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3;

      айына 5 000 000 кірушіден астам – 1,4.

      6. Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және жасау) және оларды телевидениеде орналастыру жөніндегі көрсетілетін қызмет құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, мұндағы:

      Ptv (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды телевидениеде орналастыру құны;

      Btv – телевидениеде орналастырылатын ақпараттық материалдың бір секунды, минуты, сериясы үшін базалық баға;

      V – секундпен, минутпен, сериялармен есептелетін телевидениеде орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі.

      7. Ақпараттық бағдарламаларды және аудиороликтерді әзірлеу (дайындау және жасау) және оларды радиода орналастыру жөніндегі көрсетілетін қызмет құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, мұндағы:

      Pr (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық бағдарламаларды радиоарнаның эфирінде орналастыру құны;

      Br – радиоарна эфирінде орналастырылатын ақпараттық бағдарламаның бір минуты, радиоарнада аудиороликтің бір секунды үшін базалық баға;

      V – минутпен есептелетін, радиоарна эфирінде орналастырылатын ақпараттық бағдарламаның көлемі.

      8. Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және жасау) және оларды интернет-басылымның әлеуметтік желілерде орналастыру жөніндегі көрсетілетін қызмет құны Pq=Bq x V формуласы бойынша айқындалады, мұндағы:

      Pq (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды интернет-басылымның әлеуметтік желілерінде орналастыру құны;

      Bq – интернет-басылымның әлеуметтік желілерінде орналастырылатын ақпараттық материалдың бір бірлігі, көрсетілетін қызметі және посты үшін базалық баға;

      V – интернет-басылымның әлеуметтік желілерінде орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі.

  Мемлекеттік емес бұқаралық
ақпарат құралдары үшін
гранттар құнын айқындау
әдістемесіне
қосымша

Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге арналған гранттардың базалық бағалары

Көрсетілетін қызметтердің атауы

Өлшем бірлігі

Базалық бағасы,
теңге
ҚҚС есебімен

1

2

3

4

Газеттер үшін базалық бағалар

1.

Мақала/сұхбат, талдау, лонгрид, арнайы репортаж, фоторепортаж, журналистік зерттеу, очерк, сарапшылардың түсініктемелері (Bn)

см2

935

2.

Инфографика/коллаж (Bn)

см2

848

3.

Ақпараттық сипаттағы жаңалықтар (Bn)

см2

800

Журналдар үшін базалық бағалар

4.

Ақпараттық (репортаж, сұхбат) (Bm)

см2

410

5.

Талдамалық (әңгімелесу, мақала, корреспонденция, рецензия, шолу) (Bm)

см2

414

6.

Көркем-публицистикалық (эссе, очерк, фельетон, памфлет) (Bm)

см2

431

7.

Инфографика, коллаж, фото (Bm)

см2

414

8.

Бағдарламаның логотиптері бар арнайы айдарлар (Bm)

см2

419

Интернет-басылымдар үшін базалық бағалар

9.

Жаңалық хабарламасы (Bi)

таңба

Көрсетілетін қызметті әзірлеу/жасау үшін бір бірліктің бағасы 52 + көрсетілетін қызметті орналастырғаны үшін бір бірліктің бағасы 38

10.

Шолу мақаласы (Bi)

таңба

Көрсетілетін қызметті әзірлеу/жасау үшін бір бірліктің бағасы 54 + көрсетілетін қызметті орналастырғаны үшін бір бірліктің бағасы 38

11.

Сұхбат (Bi)

таңба

Көрсетілетін қызметті әзірлеу/жасау үшін бір бірліктің бағасы 56 + көрсетілетін қызметті орналастырғаны үшін бір бірліктің бағасы 38

12.

Талдамалық материал (Bi)

таңба

Көрсетілетін қызметті әзірлеу/жасау үшін бір бірліктің бағасы 56 + көрсетілетін қызметті орналастырғаны үшін бір бірліктің бағасы 38

13.

Лонгрид (Bi)

таңба

Көрсетілетін қызметті әзірлеу/жасау үшін бір бірліктің бағасы 56 + көрсетілетін қызметті орналастырғаны үшін бір бірліктің бағасы 38

14.

Журналистік зерттеу (Bi)

таңба

Көрсетілетін қызметті әзірлеу/жасау үшін бір бірліктің бағасы 68 + көрсетілетін қызметті орналастырғаны үшін бір бірліктің бағасы 38

15.

Инфографика (Bi)

бірлік

Көрсетілетін қызметті әзірлеу/жасау үшін бір бірліктің бағасы 35 000
+ көрсетілетін қызметті орналастырғаны үшін бір бірліктің бағасы 34 000

16.

Мотиваторлар (Bi)

бірлік

Көрсетілетін қызметті әзірлеу/жасау үшін бір бірліктің бағасы 15 700
+ көрсетілетін қызметті орналастырғаны үшін бір бірліктің бағасы 19 300

17.

Фото (Bi)

бірлік

Көрсетілетін қызметті әзірлеу/жасау үшін бір бірліктің бағасы 5 000
+ көрсетілетін қызметті орналастырғаны үшін бір бірліктің бағасы 6 700

18.

Гиф (Gif) суреттер (Bi)

бірлік

Көрсетілетін қызметті әзірлеу/жасау үшін бір бірліктің бағасы 26 300 + көрсетілетін қызметті орналастырғаны үшін бір бірліктің бағасы 34 350

19.

Бейнеөнім (кемінде 1 минут) (Bi)

бірлік

Көрсетілетін қызметті әзірлеу/жасау үшін бір бірліктің бағасы 303 750
+ көрсетілетін қызметті орналастырғаны үшін бір бірліктің бағасы 132 500

Телевидение және радио үшін базалық бағалар

Телевизиялық арналарға арналған ақпараттық материалдар

20.

Реалити-шоу (Btv)

минут

86 362 (оның ішінде орналастыру бойынша көрсетілетін қызметтер)

21.

Телеойын (Btv)

минут

46 600 (оның ішінде орналастыру бойынша көрсетілетін қызметтер)

22.

Ток-шоу (Btv)

минут

50 666 (оның ішінде орналастыру бойынша көрсетілетін қызметтер)

23.

Ақпараттық-талдамалық бағдарлама (Btv)

минут

65 073 (оның ішінде орналастыру бойынша көрсетілетін қызметтер)

24.

Деректі фильмдер (Btv)

минут

228 946 (оның ішінде орналастыру бойынша көрсетілетін қызметтер)

25.

Сурдоаударма бойынша көрсетілетін қызметтер (Btv)

минут

13 750 (оның ішінде орналастыру бойынша көрсетілетін қызметтер)

Сериалдар (бір маусымдық, көп маусымдық) (Btv)

26.

Ситком (Btv)

серия

7 237 273

27.

Мелодрама (Btv)

серия

8 462 500

28.

Баиопик (Btv)

серия

9 960 000

29.

Фантастика (Btv)

серия

11 183 334

30.

Экшн (Btv)

серия

10 673 334

31.

Тарихи (Btv)

серия

13 727 778

Бейнероликтер


32.

Түсірілімсіз ақпараттық (Btv)

секунд

37 446

33.

Деректі түсіріліммен ақпараттық (Btv)

секунд

40 975

34.

Мұрағат (Btv)

секунд

28 267

35.

Титрлі (Btv)


18 400

Анимация


36.

Анимациялық 2D (Btv)

секунд

26 667

37.

Анимациялық 3D (Btv)

секунд

17 584

38.

Қуыршақ, пластилин анимациясы (Btv)

секунд

20 000

39.

Классикалық анимация (Btv)

секунд

12 500

40.

Ойын бейнеролик (Btv)

секунд

34 167

Радио үшін материалдар


41.

Музыкалық радиобағдарлама (Br)

секунд

1 499

42.

Ойын-сауық (әзіл-оспақ) радиобағдарлама (Br)

секунд

2 100

43.

Аудиоролик (Br)

секунд

1 594

44.

Ақпараттық сипаттағы жаңалықтар (Br)

секунд

1 903

Интернет-басылымның әлеуметтік желілері үшін базалық бағалар

45.

Бейнероликтер (Bq)

бірлік (30 секундтан бастап)

Көрсетілетін қызметті әзірлеу/жасау үшін бір бірліктің бағасы 303 750
+ көрсетілетін қызметті орналастырғаны үшін бір бірліктің бағасы 36 600

47.

Бейне подкаст (Bq)

бірлік (шығарылымы 20 минуттан 60 минутқа дейін)

Көрсетілетін қызметті әзірлеу/жасау үшін бір бірліктің бағасы 2 987 500 + көрсетілетін қызметті орналастырғаны үшін бір бірліктің бағасы 350 000

48.

Аудио подкаст (Bq)

бірлік (1 минуты)

Әзірлеу және орналастыру үшін бір бірліктің бағасы 352 500

49.

Вайн (Bq)

бірлік

Көрсетілетін қызметті әзірлеу/жасау үшін бір бірліктің бағасы 3 200 000 + көрсетілетін қызметті орналастырғаны үшін бір бірліктің бағасы 74 400

50.

Веб-сериал (Bq)

серия

Көрсетілетін қызметті әзірлеу/жасау үшін бір бірліктің бағасы 14 100 000
+ көрсетілетін қызметті орналастырғаны үшін бір бірліктің бағасы 310 000

51.

Деректі фильм (Bq)

бірлік (20-дан 60 минутқа дейін)

Көрсетілетін қызметті әзірлеу/жасау үшін бір бірліктің бағасы 5 555 000
+ көрсетілетін қызметті орналастырғаны үшін бір бірліктің бағасы 310 000

52.

Әлеуметтік желілердегі сторис (Bq)

бірлік

Көрсетілетін қызметті әзірлеу/жасау үшін бір бірліктің бағасы 10 000
+ көрсетілетін қызметті орналастырғаны үшін бір бірліктің бағасы 32 000

53.

Инстаграм сериал (Bq)

цикл

Көрсетілетін қызметті әзірлеу/жасау үшін бір бірліктің бағасы 5 485 000
+ көрсетілетін қызметті орналастырғаны үшін бір бірліктің бағасы 36 600

54.

Инфографика (Bq)

бірлік

Көрсетілетін қызметті әзірлеу/жасау үшін бір бірліктің бағасы 32 500
+ көрсетілетін қызметті орналастырғаны үшін бір бірліктің бағасы 29 000

55.

Мотиваторлар (Bq)

бірлік

Көрсетілетін қызметті әзірлеу/жасау үшін бір бірліктің бағасы 10 500
+ көрсетілетін қызметті орналастырғаны үшін бір бірліктің бағасы 29 000

56.

Гиф (Gif) суреттер (Bq)

бірлік

Көрсетілетін қызметті әзірлеу/жасау үшін бір бірліктің бағасы 23 000 + көрсетілетін қызметті орналастырғаны үшін бір бірліктің бағасы 36 600

57.

TikTok-тағы бейне (Bq)

бірлік
30 секундқа дейін

Көрсетілетін қызметті әзірлеу/жасау үшін бір бірліктің бағасы 25 000
+ көрсетілетін қызметті орналастырғаны үшін бір бірліктің бағасы 74 400

58.

Әлеуметтік желілердегі және мессенджерлердегі танымал пайдаланушылардың парақшаларындағы постар (блогерлер) (Bq)

пост

Көрсетілетін қызметті әзірлеу/жасау үшін бір бірліктің бағасы 200 000
+ көрсетілетін қызметті орналастырғаны үшін бір бірліктің бағасы 295 000

      Ескерту:

      ҚҚС – қосылған құн салығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады