Республикалық деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 14 маусымдағы № 209 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 18 маусымда № 23084 болып тіркелді.

      "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-3-бабының 7-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 30.11.2023 № 479-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Республикалық деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме), "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-3-бабының 7-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және республикалық бюджет есебінен мемлекеттік ақпараттық саясатын жүргізу үшін сатып алынатын бұқаралық ақпарат құралдары көрсететін қызметтерінің құнын алгоритмін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 30.11.2023 № 479-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Республикалық бюджет есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 313 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19310 болып тіркелген) күші жойылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрі 2021 жылғы
14 маусымдағы № 209
бұйрығымен бекітілген

Республикалық деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Республикалық деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме), "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-3-бабының 7-2) тармақшасына сәйкес республикалық бюджет есебінен мемлекеттік ақпараттық саясатын жүргізу үшін сатып алынатын бұқаралық ақпарат құралдары көрсететін қызметтерінің құнын алгоритмін айқындайды.

      2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттық-талдамалық бағдарлама – аудиторияға қоғамдық маңызы бар қызығушылық тудыратын, белгілі бір уақыт аралығында болған оқиғаларды жалпылама, жүйелендірілген ақпарат және талдау ұсынылған теле-, радиобағдарламаның форматы;

      2) ақпараттық бағдарлама – телерадиокомпаниялар мерзімді тарататын және ағымдағы оқиғалар мен фактілер туралы ақпаратты қамтитын теле-, радиобағдарлама форматы;

      3) аудиоролик – радиоарнада хронометражы 10 секундтан 60 секундқа дейін жаңғыртылатын, ақпараттық, әлеуметтік мазмұндағы (әлеуметтік жарнама) уакыт бойынша қысқа ақпараттық хабарлар;

      4) әзіл-оспақ бағдарламасы – әзіл-оспақ жанрының теле-, радиобағдарламасы (скетчтер, әзілдер, берілген тақырыптарға диалогтар, музыкалық пародиялар);

      5) бейнеролик – телевизияда хронометражы 10 секундтан 60 секундқа дейін жаңғыртылатын ақпараттық, әлеуметтік мазмұндағы (әлеуметтік жарнама) көркем дәйекті кадрлар;

      6) музыкалық бағдарлама – музыкалық бағыттар, үрдістер және тұлғалар туралы ойын-сауық және/немесе танымдық теле-, радиобағдарлама;

      7) ойын-сауық шоу – музыкалық және/немесе әзіл - сықақ бағыттағы интерактивті теле-, радиобағдарлама ойын-сауық сипатында болады, ойын, конкурстар, викториналар және ұтыс ойын элементтері болуы мүмкін;

      8) реалити-шоу – ойын-сауық бағдарламасы, онда сюжет адам тобының (немесе топтарының) өмірге жақын жағдайдағы іс - әрекеттерін көрсету болып табылады;

      9) сериал – хронометражы 20-дан 60 минутқа дейін екі және одан да көп эпизодтан (сериядан) тұратын бірнеше сюжеттік желісі бар көркем және/немесе деректі экрандық не радио туынды;

      10) телевизиялық бағдарлама – ток-шоу, тележурнал, музыкалық бағдарламалар, ақпараттық-танымдық бағдарламалар, белгілі тақырыптағы деректі фильмдерге жататын телевизиялық жанрлардың барлық түрлері;

      11) ток-шоу – теле-, радиобағдарлама, оның барысында берілген тақырыпқа жетекші/спикерлер, қонақтар мен көрермендер/радио тыңдаушылар арасында еркін пікір алмасу болады.

      3. Республикалық бюджет есебінен мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру шеңберінде (бұдан әрі – Қызмет) ақпараттық материалдарды дайындау (даярлау және құру) және оларды бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру құны осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес республикалық бюджет есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпаратттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің базалық бағаларына байланысты айқындалады.

2-тарау. Республикалық деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмі

      4. Ақпараттық материалдарды дайындау (даярлау және құру) және оларды мерзімді баспасөз басылымдарында орналастыру бойынша Қызмет құны мынадай формула бойынша айқындалады:

      1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:

      Pn (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды газеттерде орналастыру құны;

      Bn – газетте орналастырылатын ақпараттық материалдың бір см2 үшін базалық бағасы;

      V – см2 саналатын, газетте орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі;

      Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:

      200 000 данаға дейін – 1,3;

      100 000 данаға дейін – 1,15;

      50 000 данаға дейін – 1;

      30 000 данаға дейін – 0,9;

      20 000 данаға дейін – 0,8;

      10 000 данаға дейін – 0,65;

      5 000 данаға дейін – 0,5;

      2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда:

      Pm (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды журналдарда орналастыру құны;

      Bm – журналда орналастырылатын ақпараттық материалдың бір см2 үшін базалық бағасы;

      V – см2 саналатын, журналда орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі;

      Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:

      15 000 данаға дейін – 1,2;

      10 000 данаға дейін – 1,1;

      8 000 данаға дейін – 1;

      5 000 данаға дейін – 0,9;

      3 000 данаға дейін – 0,8;

      1 000 данаға дейін – 0,7.

      5. Ақпараттық материалдарды дайындау (даярлау және құру) және оларды интернет-ресурста орналастыру бойынша Қызмет құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Pi (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды интернет-ресурста орналастыру құны;

      Bi – интернет-ресурста орналастырылатын, ақпараттық материалдың бір символы үшін базалық баға;

      V – символмен саналатын, интернет-ресурста орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі;

      Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсты қолданушының орташа айлық санын есептеу үшін түзету коэффиценті:

      айына 500 000 қолданушыға дейін – 1;

      айына 1 000 000 қолданушыға дейін – 1,1;

      айына 2 000 000 қолданушыға дейін – 1,2;

      айына 5 000 000 қолданушыға дейін – 1,3;

      айына 5 000 000 қолданушыдан жоғары – 1,4.

      6. Ақпараттық материалдарды дайындау (даярлау және құру) және оларды теледидарда орналастыру бойынша Қызмет құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Ptv (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды теледидарда орналастыру құны;

      Btv – теледидарда орналастырылатын ақпараттық материалдың бір секундына, минутына, сериясына базалық баға;

      V – секундпен, минутпен, сериялармен саналатын теледидарда орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі.

      7. Ақпараттық материалдарды және аудиороликтерді дайындау (даярлау және құру) және оларды радиода орналастыру бойынша Қызмет құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Pr (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды радиоарнаның эфирінде орналастыру құны;

      Br – радиоарна эфирінде орналастырылатын ақпараттық бағдарламаның бір минутына, радиоарнада аудиороликтің бір секундына базалық бағасы;

      V – минутпен саналатын, радиоарна эфирінде орналастырылатын ақпараттық бағдарламаның көлемі.

  Республикалық деңгейде
бұқаралық ақпарат
құралдарында мемлекеттік
ақпараттық саясатты жүргізу
үшін сатып алынатын
көрсетілетін қызметтердің
құнын айқындау әдістемесіне
қосымша

Республикалық деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің базалық бағасы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 30.11.2023 № 479-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қызметтердің атауы

Өлшем бірлігі

Базалық бағасы

1

2

3

4

1.

Газетте ақпараттық материалдарды орналастыру (Bn)

см2

400

2.

Журналда ақпараттық материалдарды орналастыру (Bm)

см2

280

3.

Интернет-ресурста ақпараттық материалдарды орналастыру (Bi)

символ

38

4.

Ақпараттық-талдамалық бағдарламаларды әзірлеу және орналастыру (Btv)

минута

39 500 (оның ішінде орналастыру қызметтері 10 000)

5.

Ток шоуды әзірлеу және орналастыру (Btv)

минута

46 250 (оның ішінде орналастыру қызметтері 10 000)

6.

Ойын сауық шоуын әзірлеу және орналастыру (музыкалық, әзіл бағдарламалары) (Btv)

минута

85 000 (оның ішінде орналастыру қызметтері 10 000)

7.

Реалити-шоуды әзірлеу және орналастыру (Btv)

минута

72 500 (оның ішінде орналастыру қызметтері 10 000)

8.

Телевизиялық бағдарламаларды әзірлеу және орналастыру (Btv)

минута

60 812* (оның ішінде орналастыру қызметтері 10 000)

9.

Деректі фильмдерді әзірлеу (Btv)

минута

187 500

10.

Бейнероликті әзірлеу (Btv)

секунда

22 000

11.

Сериалды әзірлеу (Btv)

серия

8 000 000

12.

Радиоарнада ақпараттық бағдарламаларды әзірлеу және орналастыру (Br)

минута

20 000

13.

Радиоарнада аудиороликті әзірлеу және орналастыру(Br)

секунда

580

      Ескертпе:

      * Егер мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру кезінде жанрлар бойынша теледидарлық бағдарламаларды бөлу ескерілмесе, онда теледидарлық бағдарламаларды әзірлеу және орналастыру құны базалық болады (Btv).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады