Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 95 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 30 желтоқсанда № 35584 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Бағалы қағаздар нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын
реттеу және дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2024 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 95 Қаулыға
қосымша

Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Білікті инвесторлардың қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 27 шілдедегі № 228 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7853 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жеке тұлғалар болып табылатын білікті инвесторлардың қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының мынадай тізбесі белгіленсін:

      1) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған және қызметін Қазақстан Республикасының не шет мемлекеттің аумағында жүзеге асыратын, қор биржасында айналысқа түсетін бағалы қағаздар тізімдеріне енгізілмеген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарының бағалы қағаздары және (немесе) өзге де қаржы құралдары;

      2) тәуекелді инвестициялау инвестициялық қорлардың акциялары және (немесе) пайлары;

      3) туынды бағалы қағаздар және (немесе) өзге де туынды қаржы құралдары;

      4) жеке орналастыруға жататын облигациялар;

      5) өтеу мерзімі жоқ облигациялар;

      6) инвестициялық облигациялар;

      7) шығару шарттарында қаржы құралдары тек білікті инвесторларға арналған және (немесе) бөлшек инвесторларға арналмаған деп көзделген қаржы құралдары.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы қаулының 1-тармағының 3) тармақшасының талабы тәуекелді инвестициялау қоры болып табылмайтын инвестициялық қордың қызметін Қазақстан Республикасының не шет мемлекеттің аумағында жүзеге асыратын, қор биржаларында және (немесе) тауар биржаларында айналысқа түспейтін туынды бағалы қағаздарға және (немесе) өзге де туынды қаржы құралдарына салған инвестицияларына қолданылмайды.

      Осы қаулының 1-тармағының 5) тармақшасының талабы тәуекелді инвестициялау қоры болып табылмайтын инвестициялық қордың өтеу мерзімі жоқ облигацияларға салған инвестицияларына қолданылмайды.".

      2. "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 214 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8796 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 9-2 және 9-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "9-2. Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының ірі қатысушылары, басшы қызметкерлері қылмыстық жауаптылыққа тартылған жағдайда, брокер және (немесе) дилер, Басқарушы уәкілетті органды осы ақпарат брокерге және (немесе) дилерге, Басқарушыға белгілі болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      9-3. Брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының лицензияланатын қызмет түріне байланысты жарнама брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының атқарушы органының бекітуіне жатады.".

      3. "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9249 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларында, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібінде:

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Брокер және (немесе) дилер клиенттердің жеке тапсырыстары негізінде қаржы құралдарымен мәмілелер жасайды.";

      35-1-тармақ алып тасталсын;

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің банкі, филиалы болып табылмайтын немесе Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 63-бабының 1-тармағы төртінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген қызметті жүзеге асыруға лицензиясы жоқ бірінші санаттағы брокер және (немесе) дилер клиенттерге тиесілі ақшаны есепке алу және сақтау үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің банктерінде және (немесе) филиалдарында және (немесе) орталық депозитарийде және (немесе) клирингтік ұйымдарда және (немесе) есеп айырысу ұйымдарында және (немесе) шетелдік есеп айырысу ұйымдарында банк шоттарын ашады.

      Банк шоттарын толықтыруға және (немесе) клиент-заңды тұлғалардың банк шоттарынан үшінші тұлғалардың есебінен және (немесе) олардың шоттарына ақша алуға жол берілмейді.";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Брокер және (немесе) дилердің шоттарындағы клиент активтерінің ең төменгі құны жасалған маржалық мәмілелер болған кезде маржаның шектеулі деңгейін ескермей, тұрақты түрде қор биржасының сауда жүйесінде брокер және (немесе) дилер осы клиенттің тапсырмасы бойынша "тікелей" тәсілмен жасаған "репо" ашудың барлық операциялары сомасынан отыз пайыздан кем емес мөлшерді құрайды.

      Қағидалардың осы тармағында клиенттің активтері ретінде мыналар танылады:

      ақша;

      Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарындағы салымдар;

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;

      Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fitch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бағалы қағаздар;

      қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" не "Балама" алаңының мемлекеттік емес бағалы қағаздары немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында жария сауда-саттыққа жіберілген, қор биржасының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес бағалы қағаздары.

      Осы тармақтың талаптары орталық контрагенттің қызметтерін қолдана отырып, қор биржасының сауда жүйесінде брокер және (немесе) дилер "тікелей" тәсілмен жасаған "репо" операцияларына қолданылмайды.".

      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. Брокер және (немесе) дилер осы брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен мынадай есепке алу журналдарын жүргізу арқылы сенімді және өзекті (есеп деректерін өзгерту үшін негіздер туындаған күні) есепті жүргізеді:

      1) клиенттік тапсырыстар және олардың орындалуы (орындалмауы);

      2) қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер және олардың орындалуы (орындалмауы);

      3) жеке шоттардағы қаржы құралдары және олардың санындағы өзгерістер;

      4) жеке шоттардағы ақша және олардың санындағы өзгерістер;

      5) қаржы құралдары бойынша түскен және бөлінген кірістер;

      6) клиенттердің наразылықтары және оларды қанағаттандыру шаралары;

      7) клиенттік тапсырыстардың орындалуы туралы клиенттер берген есептер;

      8) жасалған брокерлік шарттар және номиналдық ұстау шарттары;

      9) брокердің және (немесе) дилердің меншікті активтерінің есебінен жасалған мәмілелерге қатысты қабылданған инвестициялық шешімдер;

      10) басқа брокерге және (немесе) дилерге тапсырылған қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға берілген бұйрықтар және (немесе) тапсырмалар;

      11) валюталық шарттар;

      12) брокер және (немесе) дилер осы брокердің және (немесе) дилердің басқа клиенттерінің мүдделері үшін пайдаланған клиенттің ақшасы;

      13) брокер және (немесе) дилер осы брокердің және (немесе) дилердің басқа клиенттерінің мүдделері үшін пайдаланған клиенттің бағалы қағаздары;

      14) бағалы қағаздарды берген брокердің және (немесе) дилердің клиентіне кепілге берілген бағалы қағаздар немесе ақша;

      15) брокердің және (немесе) дилердің инсайдерлерінің жасалған мәмілелері.

      Осы тармақтың 11) тармақшасында көрсетілген журналды жүргізуді брокер және (немесе) дилер уәкілетті органның шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиясы болған кезде жүзеге асырады.

      Осы тармақта аталған журналдарды электрондық құжат нысанында жүргізуге рұқсат беріледі.".

      4. "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жеке тұлғаларды білікті инвесторлар деп тану қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың білікті инвесторлар болып табылмайтын жеке тұлғаларға қызметтер көрсету ерекшеліктерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 20 қазандағы № 75 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30321 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жеке тұлғаларды білікті инвесторлар деп тану қағидалары мен шарттарында, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың білікті инвесторлар болып табылмайтын жеке тұлғаларға қызметтер көрсету ерекшеліктерінде:

      мынадай мазмұндағы 19-тармақпен толықтырылсын:

      "19. Білікті инвесторлар болып табылмайтын және (немесе) білікті инвесторлар үшін Қаржы құралдары тізбесінен қаржы құралдары қағидаларының 15-тармағына сәйкес қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға байланысты тәуекелдерді өзіне қабылдаған клиенттер сатып алған жағдайда, брокер сатып алынған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде олар брокердің атына жүгінген кезде клиенттердің ақшасын қайтаруды жүзеге асырады.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады