Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № А-4/176 "Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2024 жылғы 2 мамырдағы № А-5/207 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 3 мамырда № 8749-03 болып тіркелді

      Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № А-4/176 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8446 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақмола облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі М.Ахметжано

  Ақмола облысы әкімдігінің
2024 жылғы 2 мамырдағы
№ А-5/207 қаулысына
қосымша
  Ақмола облысы әкімдігінің
2021 жылғы 16 сәуірдегі
№ А-4/176 қаулысына
1-қосымша

Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі

Ауылшаруашылық өнімінің атауы

Тереңдете өңделген өнімдердің атауы

Субсидия нормативі, теңге/килограмм

Сүт

Сары май

148,4

Сүт

Қатты ірімшік

87,8


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады