"Көкшетау қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Көкшетау қаласы азаматтарының жекелеген санатының жол жүру төлеу бойынша жеңілдік белгілеу туралы" бірлескен Көкшетау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 28 тамыздағы № A-8/1531 қаулысына және Көкшетау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 28 тамыздағы № С-36/4 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № А-12/1571 бірлескен қаулысы және Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № С-19/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 31 желтоқсанда № 8880-03 болып тіркелді

      Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Көкшетау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Көкшетау қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Көкшетау қаласы азаматтарының жекелеген санатының жол жүру төлеу бойынша жеңілдік белгілеу туралы" бірлескен Көкшетау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 28 тамыздағы № A-8/1531 қаулысына және Көкшетау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 28 тамыздағы № С-36/4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7350 болып тіркелген) келесі толықтыру енгізілсін:

      1 - тармақ келесі мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:

      "16) жасына байланысты зейнеткерлерге - тегін жол жүру.".

      2. Осы бірлескен Көкшетау қаласы әкімдігінің қаулысы және Көкшетау қаласы мәслихатының шешімі 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Көкшетау қаласының әкімі А.Кумпекеев
      Көкшетау қаласы мәслихатының төрағасы Д.Акимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады