Астрахан ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Сайлау учаскелерін құру туралы" Астрахан ауданы әкімінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8449 тіркелген) келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы № 782, № 783 сайлау учаскелерімен толықтырылсын:
"№ 782 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Астрахан ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі 42, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Астрахан аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ғимараты.
Шекаралары: Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Астрахан ауылы.
№ 783 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Астрахан ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі 67, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаменті Астрахан ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты, уақытша ұстау изоляторы.
Шекаралары: Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Астрахан ауылы.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Астрахан ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астрахан ауданының әкімі | Т.Ерсеитов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Астрахан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы |