Бұланды ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № А-03/79 "Ақмола облысының Бұланды ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № A-12/397 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 31 желтоқсанда № 8882-03 болып тіркелді

      Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бұланды ауданы әкімдігінің "Ақмола облысының Бұланды ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" 2022 жылғы 25 наурыздағы № А-03/79 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27362 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      ""Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысы Бұланды ауданының әкімі А.Смаилов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады