Ерейментау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 қаңтардағы № 8С-15/3-24 "Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 13 тамыздағы № 8С-24/2-24 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 22 тамызда № 8823-03 болып тіркелді

      Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ерейментау аудандық мәслихатының "Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2024 жылғы 26 қаңтардағы № 8С-15/3-24 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8693-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

      3-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";

      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мереке күндері мен атаулы күндер тізбесі:

      1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;

      2) 7 мамыр - Отан қорғаушы күні;

      3) 9 мамыр - Жеңіс күні;

      4) 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;

      5) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні;

      6) 1 қазан - Қарттар күні;

      7) қазан айының екінші жексенбісі - Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күні.";

      10-тармақ келесі мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күніне, 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:

      Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға.";

      11-тармақ келесі мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарға, Қазақстан Республикасының шегінде жылына 1 рет төлем туралы құжаттар негізінде тіс протездеу құнын өтеуге 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерде.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау аудандық мәслихатының төрағасы М.Абжиков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады