Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабының 2-1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 31-баптарына сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес Есіл ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері айқындалсын.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Есіл ауданының әкімі | С.Балжанов |
Есіл аудандық мәслихатының төрайымы | А.Адильбаева |
Бірлескен Есіл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 21 мамырдағы № а-5/101 қаулысына және Есіл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 21 мамырдағы № 8С-21/3 шешіміне қосымша |
Есіл ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері
Ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы, гектар | Оның ішінде | ||
егістік | шабындықтар | жайылымдар | |
Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін | |||
4050 | 3000 | 300 | 750 |
Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін | |||
27000 | 20000 | 2000 | 5000 |