"Ақтөбе облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2011 жылғы 12 қазандағы № 328 және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2011 жылғы 12 қазандағы № 415 бірлескен қаулысына және шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2024 жылғы 14 наурыздағы № 119 қаулысы және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2024 жылғы 14 наурыздағы № 64 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 19 наурызда № 8530-04 болып тіркелді

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Ақтөбе облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2011 жылғы 12 қазандағы № 328 және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2011 жылғы 12 қазандағы № 415 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3378 болып тіркелген) бірлескен қаулысына және шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      бірлескен әкімдіктің қаулысы мен мәслихаттың шешімінің қосымшасында:

      Қарғалы ауданы бойынша:

      Желтау ауылдық округі бойынша – 140-жолы "Шәмші Қалдаяқов ауылы" алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 140-1 жолмен толықтырылсын:

      "

Шәмші Қалдаяқов ауылы

140-1

Шәмші Қалдаяқов ауылы

105

      ";

      Мұғалжар ауданы бойынша:

      Батпақкөл ауылдық округі – мынадай мазмұндағы 231-1 жолмен толықтырылсын:

      "

231-1

Шеңгелші ауылы

75

      ";

      Құмжарған ауылдық округі бойынша – 252-жолы "Шеңгелші ауылы" алып тасталсын;

      Темір ауданы бойынша:

      Сарыкөл ауылдық округі бойынша – 302-жолы "Сарыкөл" ауылы" алып тасталсын;

      Шалқар ауданы бойынша:

      Бозой ауылдық округі бойынша – 354-жолы "Қоянқұлақ ауылы" алып тасталсын;

      Есет Көтібарұлы ауылдық округі бойынша – 360-жолы "Алақозы ауылы" алып тасталсын.

      2. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі А. Шахаров
      Облыстық мәслихаттың төрағасы Г. Суентаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады