"Ақтөбе облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы" облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 57 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 161 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 30 қыркүйекте № 8633-04 болып тіркелді

      Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Ақтөбе облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы" облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 23 қыркүйектегі № 57 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтөбе облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларында:

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Жасыл желектерді құру, күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі шаралар";

      26-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "26. Жасыл екпелерді құру, күтіп ұстау және қорғау өзара байланысты жұмыстардың мынадай кешендеріне бөлінеді:

      1) суару көзімен қамтамасыз ету;

      2) ағаштарды, бұталарды, көпжылдық гүлдер мен бұталы қоршауды үш жылдық күтіммен (қажет болса топырақты ауыстыру арқылы) отырғызу;

      3) бір жылдық гүлзарлар мен көгалдардың құрылысы;

      4) ағаштарды кесу, қайта отырғызу;

      5) үш жылдық күтімімен ағаштарды өтемдік отырғызу;

      6) жасыл екпелерді күтіп-ұстау (жасыл екпелерді күту және оларға қызмет көрсету);

      7) жасыл екпелерді мониторингтеу, түгендеу".

      мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:

      "26-1. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау (жасыл екпелерді күту және оларға қызмет көрсету) мыналарды қамтиды:

      ағаштардың діңгек қуысын орнатумен және оларды қопсыту және арамшөптерден тазарту;

      ағаш діңін ақтау;

      бұталы қоршауды кесу, ағаштардың діңін көтеру, өскінді алып тастау;

      шөп шабу, арамшөптерді жою;

      жасыл екпелерді қымтау (ағаштар, бұталар, көпжылдық гүлдер);

      бүкіл вегетациялық кезеңде жасыл екпелерді суару;

      ағаш тәжін тәждеу;

      ағаштардың тәжін қалыптастыру;

      қаңқа және жартылай қаңқа бөліктерін сақтай отырып, ағаш-бұта өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктеріне сүйене отырып жасартатын кесу;

      апатты, қураған ағаштар мен бұталарды санитарлық кесу, діңгектерді тамырымен жұлу;

      тыңайтқыштарды қолдану;

      жасыл екпелердің зиянкестерімен және ауруларымен күресу;

      қуыстарды тазалау және пломбалау, аралау орындарын өңдеу".

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 265 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33476 болып тіркелген) сәйкес уәкілетті орган есептейді".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың төрағасы Г. Суентаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады