Темір аудандық мәслихатының "Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 31 қазандағы № 88 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2024 жылғы 10 мамырдағы № 188 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 16 мамырдағы № 8581-04 болып тіркелді

      Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Темір аудандық мәслихатының "Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 31 қазандағы № 88 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8431 болып тіркелген) шешiмiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      2–тармақтың 1), 4) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      4) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай–ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;";

      5–тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) 9 мамыр – Жеңіс күніне орай:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 2 140 000 (екі миллион жүз қырық мың) теңге мөлшерiнде;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне 230 000 (екі жүз отыз мың) теңге мөлшерiнде;

      Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерiнде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік

      Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушыларының екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғаныстанда әскери қызметін өткергеннен кейін қайтыс болған әскери қызметшілердің ата–аналарына және екінші рет некеге тұрмаған зайыбына 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;";

      9–тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.

      Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын ЖАО белгілейді, содан кейін уәкілетті ұйымға не өзге де ұйымдарға сұраныс жіберу арқылы олардың тізімдері қалыптастырылады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Темір аудандық
мәслихатының төрағасы
Б. Шаимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады