"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Ойыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің "Ойыл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 6 қарашадағы № 175 "Ойыл ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2024 жылғы 13 мамырдағы № 69 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8582-04 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ойыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ойыл ауданының әкімі | А. Казыбаев |