"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 31- бабына сәйкес, Алатау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Алатау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысының Алатау қаласы құрамына кірген ауылдардан, Алматы облысы Алатау қаласының аумағында 12 (он екі) шағын аудандар құрылсын:
1) Арна шағын ауданы (Қонаев қаласының бұрынғы Арна ауылы);
2) Дәулет шағын ауданы (Талғар ауданының бұрынғы Дәулет ауылы);
3) Еңбек шағын ауданы (Іле ауданының бұрынғы Еңбек ауылы);
4) Жетіген шағын ауданы (Іле ауданының бұрынғы Жетіген ауылы);
5) Жаңаарна шағын ауданы (Іле ауданының бұрынғы Жаңаарна ауылы);
6) Жаңаталап шағын ауданы (Іле ауданының бұрынғы Жаңаталап ауылы);
7) Жаңадәуір шағын ауданы (Іле ауданының бұрынғы Жаңадәуір ауылы);
8) Заречный шағын ауданы (Іле ауданыныі бұрынғы Заречный ауылы);
9) Қоянқұс шағын ауданы (Іле ауданының бұрынғы Қоянқұс ауылы);
10) Құйған шағын ауданы (Іле ауданының бұрынғы Құйған ауылы);
11) Қайрат шағын ауданы (Талғар ауданының бұрынғы Қайрат ауылы);
12) Ынтымақ шағын ауданы (Іле ауданының бұрынғы Ынтымақ ауылы).
2. Осы бірлескен Алматы облысының Алатау қаласы мәслихатының шешімі мен Алматы облысының Алатау қаласы әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылау Алматы облысы Алатау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен Алматы облысының Алатау қаласы мәслихатының шешімі мен Алматы облысының Алатау қаласы әкімдігінің қаулысы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
А. Утенов | |
Р. Абилова |