"Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын белгілеу туралы

Жаңа

Абай облысының әкімдігінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 4 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 23 қаңтарда № 212-18 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 123-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 382 қаулысына сәйкес, "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркін ерекше күзетуді және қорғауды қамтамасыз ету үшін, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Белгіленсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – ұлттық парк) қорғау аймағы жер пайдаланушылар мен жер учаскелерінің меншік иелерінен ені кемінде екі километр, жалпы ауданы 267 431,5280 гектар жер учаскелерін алып қоюсыз оның ішінде:

      "Тарбағатай таулары" учаскесінде – 176 471,23 гектар, оның ішінде Үржар ауданының аумағында – 143 682,73 гектар, Аягөз ауданының аумағында – 11 668,6 гектар, Ақсуат ауданының аумағында – 21 119,9 гектарды құрайды;

      Үржар ауданының аумағында орналасқан "Арқалы тауы" учаскесінде – 22 417,6580 гектар;

      Үржар ауданының аумағында орналасқан "Қарабас тауы" учаскесінде – 16 847,71 гектар;

      Үржар ауданының аумағында орналасқан "Қатынсу өзені аңғары" учаскесінде – 22 161,03 гектар;

      Үржар ауданының аумағында орналасқан "Үржар өзені аңғары" учаскесінде – 15 467,8 гектар;

      Үржар ауданының аумағында орналасқан "Эмел өзені аңғары" учаскесінде – 14 066,1 гектарды құрайды;

      2) ұлттық парк аумағының айналасындағы қорғау аймағының шекарасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;

      3) ұлттық парктің қорғау аймағы аумағында табиғат пайдалану режимі мен тәртібі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес.

      2. "Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Абай облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысы әкімі
      Н. Уранхаев

  Абай облысы әкімдігі
2024 жылғы 5 қаңтардағы
№ 4 Қаулысына1-қосымша

"Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесі аумағының айналасындағы қорғау аймағының шекарасы

     



  Абай облысы әкімдігі
2024 жылғы 5 қаңтардағы
№ 4 Қаулысына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағындағы табиғатты пайдалану режимі мен тәртібі

      1. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануралар дүниесі комитетінің "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесінің күзет аймағында табиғат пайдалану режимі мен тәртібі Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 123-бабына және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес әзірленді.

      2. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктің қорғау аймағында:

      1) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін объектілер орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологияларды енгізуге;

      2) ластаушы заттар мен сарқынды суларды атмосфераға шығару және ашық су көздері мен рельефке төгуге;

      3) "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 84-2-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге;

      4) аң аулауға;

      5) радиоактивті материалдар мен өнеркәсіптік қалдықтарды көмуге;

      6) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелерінің гидрологиялық режимін өзгертуі мүмкін қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға душар ететін басқа да объектілер салуға);

      7) жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктердің бөтен түрлерін интродукциялауға;

      8) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер етуі мүмкін басқа да қызметке тыйым салынады.

      3. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктің қорғау аймағының аумағында ұлттық парктің экологиялық жүйелерінің жай-күйіне теріс әсер етпейтін шаруашылық қызметтің мынадай әртүрлі нысандары жүзеге асырылуы мүмкін:

      1) орман шаруашылығы қызметі;

      2) мал жаю мен шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлі жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық әртүрлілікті ұзақ мерзімді сақтау мен оның беріктігін қамтамасыз ету шеңберіндегі өзге де қызмет;

      3) туристік және рекреациялық қызмет;

      4) минералды суларды, бальнеологиялық және климаттық ресурстарды пайдалану;

      5) кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау;

      6) орман және дала өрттерін сөндіру бойынша жердегі және авиациялық жұмыстарды жүргізу;

      7) бүлінген жерді қалпына келтіру;

      8) орман және өзге де өсімдіктер қауымдастықтарын қалпына келтіру;

      9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтіру;

      10) жер учаскелерін туристер болатын жерлерді жайластыру, өсімдіктер мен жануарлардың эндемиялық, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін қолдан көбейтуге, өсіруге, өндіруге арналған питомниктер орналастыру, сондай-ақ мемлекеттік ұлттық табиғи парк жұмыскерлерінің тұруына арналған қызметтік үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызметтік жер телімдерін беру үшін пайдалану.

      4. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктің қорғау аймағында осы қосымшаның 3-тармағында көрсетілген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiнiң мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөнiндегi iс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретiнде ерекше құнды учаскелерге, сондай-ақ мемлекеттiк табиғи қорық қорының өзге объектiлерiне қол сұғылмауы қамтамасыз етiлуге тиiс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады