2024-2026 жылдарға арналған Абай облысы бойынша спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Абай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 29 ақпандағы № 54 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 1 наурызда № 230-18 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 20-5) тармақшасына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2024-2026 жылдарға арналған Абай облысы бойынша спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) әкімдіктің осы қаулысын Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Әкімдіктің осы қаулысының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысы әкімінің міндетін атқарушы
      А. Мусабаев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі

  Абай облысы әкімдігінің
2024 жылғы 29 ақпандағы
№ 54 қаулысына
қосымша

2024-2026 жылдарға арналған Абай облысы бойынша спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі

Спорт түрлерінің атауы

Топтар атауы

Рет.№

Олимпиадалық емес спорт түрлері

Жазғы олимпиадалық спорт түрлері

Қысқы олимпиадалық спорт түрлері

Паралимпиадалық спорт түрлері

Ұлттық спорт түрлері

"А" тобы

1.

Таэквон-до ИТФ (I.T.F)

Грек-рим күресі

Биатлон

Дзюдо

Қазақ күресі

2.

Панкратион

Семсерлесу


Жеңіл атлетика

Жекпе-жек

3.

Спорттық самбо және жауынгерлік самбо

Жеңіл атлетика


Жүзу

Тоғызқұмалақ

4.

Кикбоксинг

Бокс


Пауэрлифтинг

Құсбегілік

5.

Армрестлинг

Ауыр атлетика


Үстел теннисі


6.

Пауэрлифтинг
 

Еркін күрес


Шаңғы жарыстары


7.

Nomad MMA

Дзюдо




8.

Жеңіл атлетика (СУРДО)





"В" тобы

1.

Гір спорты

Спорттық гимнастика

Конькимен жүгіру спорты


Бәйге

2.

Шахмат

Көркем гимнастика

Шаңғы жарыстары



3.

Шинкиокушинкай каратэ

Таеквондо WTF




4.

Каратэ-До КҰкушинкай

Футбол




5.

Жауынгерлік жекпе-жектің аралас түрлері (ММА)

Жүзу




6.

Комбат дзю-дзюцу

Велосипед спорты (тас жол)




7.

Таеквондо (СУРДО)

Үстел теннисі




8.


Классикалық волейбол




9.


Баскетбол




"С" тобы

1.

Джиу-джитсу

Су добы



Дәстүрлі садақ ату

2.

Кекушинкай каратэ

Спорттық құзға өрмелеу




3.

Бодибилдинг

Байдарка мен каноэде есу, есу слаломы




4.

Бильярд





5.

Белбеу күресі





6.

Тәжірибелік ату





7.

Таеквон – до GTF





8.

Спорттық балық аулау





9.

Спорттық туризм





      **аббревиатуралардың толық жазылуы:

      Сурдо – Сурдлимпиадалық спорт түрлері;

      ITF – Инернешнал Таеквондо Фидерейшн (International Taekwondo Federation);

      ММА – Миксд Мартиал Артс (Mixed Martial Arts);

      GTF – Глобал таеквондо федерейшн (Global taekwon-do federation);

      WTF – Ворлд таеквондо федерейшн (World Taekwondo Federation).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады