"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 3-тармағына, 8-бабына, 11-бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, "Аягөз ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы" бірлескен Аягөз ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 343 қаулысына және Аягөз аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 шілдедегі № 4/58-VIII шешіміне сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай облысы Аягөз ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1) Ортаарал ауылы таратылып, есептік деректерден жоя отырып, оның аумағын Тарбағатай ауылдық округінің Тарбағатай ауылының әкімшілік құрамына енгізілсін;
2) Ақшоқы ауылы таратылып, есептік деректерден жоя отырып, оның аумағын Тарбағатай ауылдық округінің Тарбағатай ауылының әкімшілік құрамына енгізілсін;
3) Ай ауылы таратылып, есептік деректерден жоя отырып, оның аумағын Нарын ауылдық округінің Шыңқожа ауылының әкімшілік құрамына енгізілсін.
2. Осы Абай облысы әкімдігінің бірлескен қаулысы және Абай облысы мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай облысы әкімінің міндетін атқарушы | |
А. Мусабаев | |
Абай облысы мәслихатының төрағасы | |
К. Сулейменов |