"Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Семей қаласы мәслихатының 2023 жылғы 4 желтоқсандағы № 14/82-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2024 жылғы 23 мамырдағы № 25/142-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 31 мамырда № 286-18 болып тіркелді.

      Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Семей қаласы мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 4 желтоқсандағы № 14/82-VIII (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 185-18 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға";

      8-тармақтың 6) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Семей қаласы мәслихатының төрағасы
      Д. Шакаримов
     

      "КЕЛІСІЛДІ"
Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы
___________________А. Нұрлыбекқызы
2024 жылы "___" ______________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады