Семей қаласы бойынша 2024 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемесін бекіту туралы

Жаңа

Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2024 жылғы 20 қарашадағы № 34/177-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 27 қарашада № 379-18 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 – бабының 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 181 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110) болып тіркелген бұйрығына сәйкес, Абай облысы Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Семей қаласы бойынша 2024 жылға шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшері хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.

      2. Семей қаласы мәслихатының 2023 жылғы 17 қарашадағы № 13/77-VIII "Семей қаласы бойынша шетелдіктер немесе шетелдіктің тұруына ақы төлейтін жеке немесе заңды тұлғалар (шақырушы тарап, туроператор) үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 156-18 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Семей қаласы мәслихатының төрағасы
      Д. Шакаримов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады