Абай облысы Семей қаласының жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы

Жаңа

Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2024 жылғы 29 қарашадағы № 35/184-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 3 желтоқсанда № 380-18 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 2- тармақтан караңыз.

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 11-бабының 1 - тармағына, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 510-бабына (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Абай облысы Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Абай облысы Семей қаласы мәслихатының шешімімен бекітілген аймақтарға жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Семей қаласы мәслихаты төрағасының міндетін уақытша атқарушы
      Р. Сабитов

  Абай облысы
Семей қаласы мәслихатының
2024 жылғы 29 қарашадағы
№ 35/184-VIII шешіміне
қосымша

Абай облысы Семей қаласының жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

Аймақ нөмірі

Коэффициент

I

1.500

II

1.445

III

1.338

IV

1.361

V

1.334

VI

1.329

VII

1.325


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады