Семей қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 36/188-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 25 желтоқсанда № 395-18 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Абай облысы Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Семей қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Семей қаласы мәслихатының төрағасы
      Д. Шакаримов

  Абай облысы
Семей қаласы мәслихатының
2024 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 36/188-VIII шешіміне
қосымша

Семей қаласы мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1) Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының "Семей қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы" 2021 жылғы 29 қазандағы № 17/112-VII шешімі. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25226 тіркелген).

      2) Абай облысы Семей қаласы мәслихатының "Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы 29 қазандағы № 17/112-VII "Семей қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 31/225-VII шешімі. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №29819 тіркелген).

      3) Абай облысы Семей қаласы мәслихатының "Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы 29 қазандағы № 17/112-VII "Семей қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 11/64-VIII шешімі. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 127-18 тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады