Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы 29 қазандағы № 17/112-VII "Семей қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" шешіміне енгізу" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 25226 нөмірімен тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
қосымшаның 5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 11,091 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі."
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың хатшысы | Б. Акжалов |