Абай ауданы бойынша 2024 жылға шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемесін бекіту туралы

Жаңа

Абай облысы Абай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 15/11-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 22 сәуірде № 267-18 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 бұйрығына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:       

      1. Абай ауданы бойынша 2024 жылға шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемесі хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристік орналастыру орындарында болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы
      М. Нұрсұлтанұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады