Абай ауданының елді мекендегі салық салу обьектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы

Жаңа

Абай облысы Абай ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 11 қарашадағы № 190 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 12 қарашада № 365-18 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 529-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің "Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17847 болып тіркелген) сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Абай ауданының елді мекендегі салық салу обьектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Абай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 7 ақпандағы № 15 "Абай ауданының елді - мекендеріндегі салық салу обьектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэфициентін бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-5-165 болып тіркелген) күші жойылсын.

      3. "Абай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Абай облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Абай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсына орналасуын қамтамассыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Жанғалиевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Абай ауданының әкімі
      М. Смагулов

  Абай ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 11 қарашадағы
№ 190 қаулысына
қосымша

Абай ауданының елді мекендегі салық салу обьектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті

Ауылдық округ

Елді мекен


Аймаққа бөлу коэффициенті

1

Қарауыл ауылдық округі

Қарауыл ауылы
 

1,37

2

Құндызды ауылдық округі

Жүрекадыр ауылы
 

1,05

3

Медеу ауылдық округі

Медеу ауылы
 

1,15

4

Тоқтымыс ауылдық округі

Тоқтамыс ауылы
 

0,95

5

Архат ауылдық округі

Архат ауылы
 

0,95



Орда елді мекені
 

1,05

6

Кеңгірбай би ауылдық округі

Кеңгірбай би ауылы
 

1,25

7

Саржал ауылдық округі

Саржал ауылы
 

0,95

8

Қасқабұлақ ауылдық округі

Қасқабұлақ ауылы
 

0,95
 



Бөрілі елді мекені
 

0,95

9

Көкбай ауылдық округі

Көкбай ауылы
 

1,25


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады