Аягөз аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 тамыздағы № 50/424-VІ "Аягөз ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 қаңтардағы № 11/196-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 30 қаңтарда № 218-18 болып тіркелді.

      Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Аягөз аудандық мәслихатының "Аягөз ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" 2020 жылғы 13 тамыздағы №50/424-VІ шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7491 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 4-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аягөз аудандық мәслихат төрағасы
      А. Ибрайшин

  Аягөз аудандық мәслихатының
2024 жылғы 24 қаңтардағы
№ 11/196-VIII шешіміне
қосымша

Аягөз ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      1. Аягөз ауданының келесі объектілерінің іргелес аумақтарынан кемінде 800 метр қашықтықта пикеттеуді өткізу шекарасы айқындалсын:

      1) жаппай жерлеу орындары;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілері;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар;

      4) қауіпті өндірістік объектілер және пайдаланылуы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілер;

      5) магистральдық теміржол желілері, магистральдық құбыржолдар, ұлттық электр желісі, магистральдық байланыс желілері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады