Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 6-бабының 2-9-тармағына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңы 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Тұрғын үй сертификатының мөлшері айқындалсын:
1) әлеуметтік көмек ретінде қарыз сомасының 10%, бірақ 1,6 миллион (бір миллион алты жүз мың) теңгеден аспайтын;
1) әлеуметтік қолдау ретінде қарыз сомасының 10%, бірақ 1,6 миллион (бір миллион алты жүз мың) теңгеден аспайтын.
2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі айқындалсын:
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
мүгедектігі бар балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар;
жасы бойынша зейнеткерлер;
кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
қандастар;
экологиялық зілзалалардың, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн атқару кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
толық емес отбасылар;
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бородулиха аудандық мәслихат төрағасы | |
С. Урашева |