Жарма аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 2/16-VIII "Жарма ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Абай облысы Жарма аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 тамыздағы № 15/289-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 6 қыркүйекте № 327-18 болып тіркелді

      Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жарма аудандық мәслихатының "Жарма ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 2/16-VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 78-18 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы М. Оспанбаев

  Жарма аудандық мәслихатының
2024 жылғы 28 тамыздағы
№ 15/289-VIII Шешіміне
қосымшасы

Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

      2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

      3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

      4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;

      5) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

      6) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;

      7) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;

      8) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;

      9) қандастар;

      10) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;

      11) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

      12) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

      13) толық емес отбасылар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады