Жарма ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Жаңа

Абай облысы Жарма аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 қарашадағы № 19/346-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 4 желтоқсанда № 383-18 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 3- тармақтан караңыз.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңның 6-бабы 1-тармағының 15) - тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексі (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27- бабына сәйкес, Жарма ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жарма ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 3% - дан 2% - ға дейін төмендетілсін.

      2. Жарма аудандық мәслихатының 2024 жылғы 4 наурыздағы № 11/216-VIII "Жарма ауданында бөлшек салықтын арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 234-18 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Мәслихат төрағасы
      М. Оспанбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады