Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1-бабының 2-1- тармағына, "Уақытша жер пайдалану құқығымен Қазақстан Республикасының азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін, шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасында және оның үлестес тұлғаларында ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін болуы мүмкін республиканың және бiр әкiмшiлiк ауданның (қаланың), облыстың шегінде ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң шектi (ең жоғары) мөлшерiн бекіту туралы" 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 42 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай облысы Үржар ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай, осы бірлескен қаулы және шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы бірлескен Үржар ауданы әкімдігінің қаулысы және Үржар аудандық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау жетекшілік ететін Үржар ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен Үржар ауданы әкімдігінің қаулысы және Үржар аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үржар ауданының әкімі | |
А. Башимбаев | |
Үржар аудандық мәслихатының төрағасы | |
А. Омаров |
Үржар ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 229 мен бірлескен қаулы және Үржар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 4 қарашадағы № 19-363/VIII шешіміне қосымша |
Абай облысы Үржар ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғарғы мөлшері
Ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы, гектар | оның ішінде | ||
егістік | шабындықтар | жайылым | |
1700 | 400 | 100 | 1200 |
Абай облысы Үржар ауданы бойынша ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғарғы мөлшері
Ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы, гектар | оның ішінде | ||
егістік | шабындықтар | жайылым | |
2000 | 700 | 100 | 1200 |