Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Үржар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 454 "Үржар ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп - қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-18-176 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтүзбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үржар ауданының әкімі | |
А. Башимбаев |