Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жамбыл облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 7 тамыздағы № 168 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4314 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Жамбыл облысының шекарасындағы Балқаш көлінің "Аяқарал" аралында көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған орынды белгілеу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 21 тамыздағы № 178 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3531 болып тіркелген).
3. "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысы әкімінің міндетін атқарушы | Н. Календеров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрлігі
Су шаруашылығы комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Шу-Талас
бассейндік инспекциясы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрлігі
Су шаруашылығы комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл
бассейндік инспекциясы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Санитарлық-эпидемиологиялық
бақылау комитетінің Жамбыл облысының
санитарлық-эпидемиологиялық бақылау
департаменті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің
Жамбыл облысы бойынша
экология департаменті
Жамбыл облысы әкімдігінің | |
2024 жылғы 31 мамырдағы № 139 | |
қаулысына қосымша | |
Жамбыл облысы әкімдігінің | |
2019 жылғы 7 тамыздағы | |
№ 168 қаулысына қосымша |
Жамбыл облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлер
№ | Су объектісінің атауы | Көпшілік демалатын орын | Орналасқан жері |
1 | Талас өзені | жағажай | автомобиль жолы Тараз-Алматы, Талас өзені арқылы өтетін көпірдің жанында |
2 | Талас өзені | жағажай | Тараз қаласы, "Тектұрмас" кесенесі маңындағы аумақ |
3 | Сеңгірбай су қоймасы | жағажай | Жамбыл ауданы, Шайдана ауылы |
4 | Теріс-Ащыбұлақ су қоймасы | жағажай | Жуалы ауданы, Қызыл Арық ауылы |
5 | Қарабастау бұлағы | жағажай | Жуалы ауданы, Қарабастау ауылы |
6 | Саяхат көпшілік демалатын орын | жағажай | Қордай ауданы, Қордай ауылы |
7 | Алмаз су қоймасы | жағажай | Қордай ауданы, Бетқайнар ауылы |
8 | Орталық саябақтағы көл | жағажай | Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы |
9 | Жартас су қоймасы | жағажай | Талас ауданы, Қаратау қаласы |
10 | Пионер су қоймасы | жағажай | Талас ауданы, Көктал ауылдық округі |
11 | Тасөткел су қоймасы | жағажай | Шу ауданы, Белбасар ауылы |
12 | Шу өзені | жағажай | Шу ауданы, Белбасар ауылы "Ақ жайлау" демалыс орны" |
13 | Шу өзені | жағажай | Шу ауданы,Төле би ауылы, Мерке-Бұрылбайтал тас жолы 109 шақырым Шу өзені арқылы өтетін көпірдің жанында |