"Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау нормативтерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 187 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2024 жылғы 22 шілдедегі № 191 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау нормативтерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 187 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29195 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының әкімі Е. Карашукеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады