"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жуалы ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Жуалы ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атауы, индекстері және тізбесін бекіту туралы" Жуалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 792 қаулысының (нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 4045) болып тіркелген күші жойылды деп танылсын.
3. "Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен, қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз етсін.
4. Қаулының орындалуын бақылау Жуалы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жуалы ауданының әкімі | Ж. Мұртаза |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Жамбыл облысы әкімдігінің
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары
басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жуалы ауданы әкімдігінің | |
2024 жылғы 19 маусымдағы № 142 | |
қаулысына қосымша |
Жуалы ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атауы мен индексі
№ | Автомобиль жолдары | ||
Индекс | Атауы | Ұзақтығы (шақырым) | |
1 | KH-GU-1 | "Көлбастау-Талапты" (0-7,38) | 7,38 |
2 | KH-GU-2 | "Талапты-Алатау" (0-8,43) | 8,43 |
3 | KH-GU-3 | "Алатау-Застава" (0-4,0) | 4,0 |
4 | KH-GU-4 | "Дихан ауылына кіреберіс" (0-2,51) | 2,51 |
5 | KH-GU-5 | "Қайрат ауылына кіреберіс" (0-0,69) | 0,69 |
6 | KH-GU-6 | "Жаңаталап-Күркүресу" (0-3,10) | 3,10 |
7 | KH-GU-7 | "Қызыларық ауылына кіреберіс" (0-2,55) | 2,55 |
8 | KH-GU-8 | "Нұрлыкент ауылына кіреберіс" (0-1,10) | 1,10 |
9 | KH-GU-9 | "Нұрлыкент-Теріс" (0-1,04) | 1,04 |
10 | KH-GU-10 | "Теріс-Қосбөлтек" (0-2,84) | 2,84 |
11 | KH-GU-11 | "Шақпақата-Т.Дүйсебайұлы" (0-5,20) | 5,20 |
12 | KH-GU-12 | "Шақпақата-Ынтымақ" (0-2,73) | 2,73 |
13 | KH-GU-13 | "Б.Момышұлы ауылына батыс жағынан кіреберіс" (0-3,53) | 3,53 |
14 | KH-GU-14 | "Б.Момышұлы ауылына кіреберіс" (0-1,21) | 1,21 |
15 | KH-GU-15 | "Б.Момышұлы-Береке-Жұрімбай" (0-8,26) | 8,26 |
16 | KH-GU-16 | "Шақпақата ауылына шығыс жағынан кіреберіс" (0-2,54) | 2,54 |
17 | KH-GU-17 | "Шақпақата ауылына батыс жағынан кіре беріс" (0-2,60) | 2,60 |
18 | KH-GU-18 | "Көктас ауылына кіреберіс" (0-0,81) | 0,81 |
19 | KH-GU-19 | "Шынбұлақ ауылына кіреберіс" (0-7,61) | 7,61 |
20 | KH-GU-20 | "Шынбұлақ – Тасбастау" (0-3,55) | 3,55 |
21 | KH-GU-21 | "Қосмұрат ауылына кіреберіс" (0-1,78) | 1,78 |
22 | KH-GU-22 | "Күреңбел ауылына кіреберіс" (0-4,23) | 4,23 |
23 | KH-GU-23 | "Күреңбел-Қаратас" (0-6,29) | 6,29 |
24 | KH-GU-24 | "Күреңбел-Қоныртөбе" (0-4,23) | 4,23 |
25 | KH-GU-25 | "Күреңбел-Ертай" (0-3,85) | 3,85 |
26 | KH-GU-26 | "Ертай ауылына кіреберіс" (0-2,19) | 2,19 |
27 | KH-GU-27 | "Күйік-Теріс-Ащыбұлақ" (0-10,63) | 10,63 |
28 | KH-GU-28 | "Тау самалы туристік кешеніне кіреберіс" (0-3,24) | 3,24 |
29 | KH-GU-29 | "Көксай туристік кешеніне кіреберіс" (0-17,383) | 17,383 |
Барлығы: | 125,503 |