"QazGeology" жауапкершілігі шектеулі серітестігіне қатты пайдалы қазбаларды барлау үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2024 жылғы 22 шілдедегі № 173 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69 және 71-1 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "QazGeology" жауапкершілігі шектеулі серітестігіне Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Талдыөзек жер қоры жерінен жалпы алаңы 12677,2228 гектар жер учаскесінде қатты пайдалы қазбаларды барлау үшін жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2030 жылдың 01 наурызына дейінгі мерзімге қауымдық сервитуті белгіленсін.

      2. "QazGeology" жауапкершілігі шектеулі серітестігі қатты пайдалы қазбаларды барлаудан келтірілген шығынды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін және қатты пайдалы қазбаларды барлау жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Е. Амирханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады