Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы

Жаңа

Ұлытау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 17/01 қаулысы. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 29 наурызда № 115-20 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заңының 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Ұлытау облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұлытау облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Б. Әбдіғалиұлы

  Ұлытау облысы әкімдігінің
2024 жылғы 20 наурыздағы
№ 17/01
қаулысына қосымша

Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты стационарлық үй-жайлардың орналастырылуы

Үй-жайдың атауы

Орналасқан жері

1

"Пепелко И.А." жеке кәсіпкерінің ғимараты

Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер бақжолы, № 32а үй, 2 қабат

2

"Ғалым" дүкені

Жезқазған қаласы, Сейфуллин көшесі, № 61 үй


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады