Спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Ұлытау облысының әкімдігінің 2024 жылғы 30 қазандағы № 75/01 қаулысы. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 6 қарашада № 153-20 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Дене шынықтыру және спорт туралы" заңдарына, "Қазақстан Республикасында спорт түрлерін саралау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 216 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15509 болып тіркелген) сәйкес Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Ұлытау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылауды Ұлытау облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Д. Рыспеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Туризм және спорт министрлігі

  2024 жылғы 30
қазандағы
№ 75/01
қаулысына қосымша

Спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі

Топтар атауы

Олимпиадалық емес спорт түрлерінің атауы

Жазғы олимпиадалық спорт түрінің атауы

Қысқы олимпиадалық спорт түрінің атауы

Паралимпиадалық спорт түрінің атауы

Ұлттық спорт түрінің атауы

"А"
тобы

1

Киокушинкай – кан каратэ

Дзюдо



Қазақ күресі

2

Белбеу күрес

Жеңіл атлетика




3

Каратэ – До Кекушинкай

Байдарка мен каноэда есу




4

Пауэрлифтинг

Бокс




"В" тобы

1

Спорттық самбо және жауынгерлік самбо

Жүзу

Шайбалы хоккей


Тоғызқұмалақ

2

Қоян – қолтық ұрыс

Баскетбол

Конькимен мәнерлеп сырғанау



3


Грек – рим күресі




"С"
тобы

1

Би спорты

Брейкинг



Жамбы ату

2

Шахмат

Еркін күрес



Аударыспақ

3

Черлидинг

Үстел теннисі



Дәстүрлі садақ ату

4

Грэпплинг (AIGA нұсқасы)

Таеквандо WTF



Көкпар

5

Шинкиокушинкай каратэ

Қазіргі бессайыс




6

Джиу – джитсу

Садақ ату




7

Комбат дзю – дзюцу

Футбол




      Аббревиатураның түсіндірмесі:

      AIGA – Аматэур Интернейшнал Греплинг Ассосейшн (Amateur International Grappling Association);

      WTF – Уолд таеквондо федерейшн (World taekwondo Federation).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады